кредитіне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7140 «Өзге операциялық шығыстар», 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шотының дебетіне жазбалар жүргізіледі.
Есеп беретін тұлғаның пайдаланылмаған аванс қалдығын қайтару теңгемен қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады, есеп беретін жауапты тұлғаның тиынмен қайтарылмаған сома қалдығы соманы кейіннен есепке беру кезінде ескеріледі.
Есепке берілетін соманың жұмсалуы туралы аванстық есептерді белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе пайдаланылмаған аванс қалдықтарын кассаға қайтармаған жағдайда мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып аванстарды алған тұлғалардың еңбекақыларынан осы берешекті ұстауды жүргізуге құқығы бар.
Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысудың талдамалы есебі Нысандар альбомының 386 нысанды (8-мемориалды ордер) есеп беретін жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосінде жүргізіледі. Әр жол бойынша есеп беретін жауапты тұлғаның тегі, берілген аванстың сомасы және жүргізілген шығыстардың сомасы, сондай-ақ қолданылмаған аванстың түскен сомасы жазылады. Ай аяқталғаннан кейін «1261 (3248) қосалқы шотының кредит есебі бойынша шығыстардың сомасы бекітілді» бағаны және «Қосалқы шоттар дебеті» мен «Екінші жазбалар» бағандары бойынша қорытындылар «Басты-журнал» кітабына жазылады.
Есеп беруге жауапты тұлғалары аз мемлекеттік мекемелерде есеп айырысудің талдамалы есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) әр есеп беретін тұлға бойынша жүргізіледі.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып бюджеттік ақшаны нысаналы пайдаланудың талдамалы есебі Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша кітапта жүргізіледі. Мыналар жалақыны есептеу үшін негізгі құжаттар болып саналады: мемлекеттік мекеменің бекітілген штат кестесі және жалақы ставкаларына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, жұмыстан шығару және ауыстыру туралы бұйрықтары, Нысандар альбомының 421 «Пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу және жалақыны есептеу табелі» нысаны, Нысандар альбомының 423 «Жұмыс нормаларын есептеу картасы» нысаны, Нысандар альбомының 424 «Наряд» нысаны бойынша пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу табельдері, Нысандар альбомының 449 «Еңбек кітапшалары бланкілерін есепке алудың кіріс-шығы кітабы» нысаны бойынша және басқа құжаттар.
Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табельдерін (Нысандар альбомының 421 «Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу және жалақыны санау табелі» нысаны) ай сайын мемлекеттік мекеме бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғалар белгіленген нысан бойынша жүргізеді. Ай соңында табель бойынша жұмыс істеген күндердің жалпы саны, сондай-ақ артық жұмыс сағаттары анықталады. Толтырылған табель мен басқа тиісті қолдармен бекітілген құжаттар белгіленген мерзімде жалақыны есептеу үшін бухгалтерлік қызметке тапсырылады.
Бір ай үшін жалақы есептеу және айдың екінші жартысы үшін төлеу әдетте Нысандар альбомының 49 нысанды есеп айырысу-төлем ведомосі бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу-төлем ведомосінде табельдік нөмір, қызметкерлердің аты-жөні, есептелген жалақы және жәрдемақы, берілген аванс
сомасы, ұсталған салық және басқа сома жазылады.
Есеп айырысу-төлем және төлем ведомостарына осы ведомостарды жасаған және тексерген тұлғалар қол қояды. Жалақы төлеуге берілетін рұқсатқа мемлекеттік мекеменің басшысы және бас бухгалтер қол қояды.
Төлеу уақыты аяқталғаннан кейін кассир есеп айырысу-төлем және төлем ведомостарында жалақысын алмаған адамдардың аты-жөнінің қасына мөртабан қоюға не қолымен «Депонатталды» деп жазуға және депонатталған сома тізілімін жасауға міндетті. Ведомостың соңында кассир нақты төленген сома туралы мен алынбаған жалақы сомасы туралы жазба жасап, оларды төлем және есеп айырысу-төлем ведомостары бойынша жалпы қорытындымен салыстырып әрі жазуды өз қолымен растауы тиіс. Егер ақшаны кассир емес, басқа тұлға берсе, ведомоста қосымша «Ақшаны ведомоспен берген - лауазымы, қолы, қолды таратып жазу» деген жазба жасалынады. Кассирдің төлем және есеп айырысу-төлем ведомостарында жасаған жазбалары мұқият тексерілген және берілген және депонатталған сома саналған соң берілген жалақы сомасына белгіленген тәртіппен ресімделген кассалық шығыс ордері жасалады, ол белгіленген тәртіппен ресімделеді және кассалық кіріс және шығыс ордерлері тіркелетін журналда тіркеледі. Төлем және есеп айырысу-төлем ведомостарында касса бойынша ақшаны есептен шығару жүргізілген кассалық шығыс ордерінің күні және нөмірі жазылады.
Еңбекақы бойынша депонантталған соманың есебі Нысандар альбомының 441 нысанды депонантталған еңбекақы мен стипендияның талдамалы есебі кітабында жүргізіледі. Кітаптағы жазу әр депонент бойынша жүргізіледі.
Ай соңында Нысандар альбомының 441 нысанды кітабында «Кредит» пен «Дебет» бағандары бойынша қорытынды саналады және келесі айдың басына кредиттік қалдық шығарылады.Қызметкердің өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін Нысандар альбомының 417 нысанды карточка-анықтамасы (жеке шот) жүргізіледі, онда қызметкер туралы жалпы мәліметтерден басқа ай сайын есептелген жалақы сомасы түрлері бойынша көрсетіледі. Есеп айырысу-төлем ведомостары негізінде 5-мемориалды ордер –жалақы мен стипендиялар бойынша Нысандар альбомының 405 нысаны (сондай-ақ тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге әскери қызметшілерге, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының жедел іздестіру, тергеу және әскери бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдары қызметкерлеріне ақшалай өтемақыны есептеуді қамтиды) есептеу ведомостерінің жиынтығы
есепке алу-төлем ведомостарының негізінде жасалады.
Ауру парақтары (еңбекке жарамсыздық парақтары) жеке дестеге
тігіледі және жыл басынан бастап хронологиялық тәртіппен нөмірленіп отырады. Әр парақта олар есептеу үшін енгізілген есеп айырысу-төлем ведомосының нөмірі жазылады.
Персоналмен есеп айырысудің сараптама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) жүргізіледі:
әрбір сақтандыру органы бойынша – сақтандыру шарттары бойынша;
әрбір кәсіподақ ұйымдары бойынша - мүшелік кәсіподақ жарналары бойынша;
несие берген банктің әр мекемесі үшін жеке шоттар бойынша – банк несиелері бойынша;
орындау парақтары және басқа құжаттар бойынша - әрбір алушы бойынша аты-жөні немесе мемлекеттік мекеме аты, орындау парағының не басқа құжаттың нөмірі, күні және орындалу мерзімі, ұсталынатын соманы (пайыз) көрсету арқылы;
әрбір өтемақы алушы бойынша – әскери қызметшілерге тұрғын үйді күтіп-үстау мен коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды төлеуге ақшалай өтемақы есептеу мен төлеу.
Мемлекеттік мекемеге келіп түсетін алимент өндіріп алу туралы орындау парақтарын және басқа құжаттарды тіркеу және есепке алу, сондай-ақ ұсталынатын мөлшерді есепке алу үшін Нысандар альбомының 437 нысанды алимент өндіріп алу туралы орындау парақтарын есепке алу кітабы жүргізіледі.