Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 2. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің нормативті-құқықтық реттеу



бет3/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Тақырып 2. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің нормативті-құқықтық реттеу
Дәріс 3

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін органдардың құрылымы мен қызметі.

  2. Мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті заңды реттеу.

  3. Бухгалтердің кәсіби этикасы.

Дәріс 4
1. ҚР Бюджеттік кодексі.

  1. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі. ҚСХҚЕС және т.б. нормативті-құқықтық актілер.




  1. Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік органдар құрылымына ҚРПрезиденті, ҚР Парламенті, Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, ҚР Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді.

Бюджеттік кодекс бойынша ҚР Президентінің бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы уәкілдігі республикалық бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау, Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі Ережені, оның құрамын анықтау, бекіту елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады. Парламентті бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық бюджеті және оған енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту, Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді атқарады. Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыртқы бақылау жүргізуінің тәртібін тағайындау мен оны іске асыру, мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын жасау, шешімдерді атқаруына мониторинг жүргізу және заңнамалы-нормативтік актілерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді. ҚР Үкіметі бюджеттік қатынастар аумағындағы құзіретіне келесі қызметтер кіреді:

  • әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдістерін анықтау

  • бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ететін әр түрлі процедуралар тағайындау мен бекіту

  • республикалық бюджет пен оны атқару жөніндегі есепті ҚР Парламентіне ұсынылуы

  • ҚР Ұлттық банкімен бірге ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану жөнінде жылдық есеп беру.

Жергілікті өкілдік орган – ол жергілікті тұрғындармен сайланушы, оны іске асыру мен бақылау үшін заңнамалар негізінде шаралар анықтап, қолданатын сайламалы орган-Маслихат. Маслихаттың уәкілдігіне тиісті аумақтардың жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарларын бекіту жатады. Жергілікті атқарушы органдар-әкімгершіліктер заңнамарға сәйкес тиісті аумақтар бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюджеттер жасау, маслихаттарға бекітуге ұсынады және олардың атқаруын қамтамасыз етіп, сол жөнінде есеп беруді қалыптастырады.

  1. Бюджет жүйесінің қызмет етуі заңнамалық нормалармен реттеледі.

Бюджеттік процестің бір сатысы –бюджетті атқару заңнамалық және нормативтік актілердің ережелерімен реттеледі.Бюджетті атқарудың барлық процестерін реттейтін негізгі заңнамалық акті-ол Бюджеттік кодекс. Кодекс бюджетті атқарудың негізгі ережелері мен принциптерін, оны атқару, анықтау, түзету процестерін, мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тәртібін, бюджетті атқару мерзімін анықтайды. Тиісті қаржы жылы бюджетті атқару тәртібі мен процедуруларын белгілейтін маңызды құжаттар-ол ҚР Үкіметінің республикалық бюджет жөніндегі заңды іске асыру жөніндегі қаулысы және жергілікті бюджеттерді орындау жөніндегі тиісті маслихаттардың шешімі. Бұл құжаттарда атқаруға қабылданған негізгі бюджеттік көрсеткіштер, мысалы кірістер, шығыстар, несиелер, ресми трансферттер көлемдері, бюджет тапшылығының мөлшері мен тағы басқа көрсеткіштер және бюджеттік бағдарламалар тізімі бекітіледі, сондай-ақ орталық уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджетті орындаумен байланысты қажетті процедурларды жасау мен енгізу мерзімдері белгіленеді. Бюджеттің атқару тәртібін анықтайтын тағы бір маңызды құжат-ол Үкімет қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару Тәртібі атты нормативтік құқықтық акті. Ал бюджеттерді атқару процеі барысында реттеуіш құжат ретінде ағымдағы қаржы жылы қабылданған ҚР Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдарының шешімдері пайдалынады. Бюджетті атқару негізін сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың паспорты,түсімдер мен қаржыландырудың жылдық және жиынтық жоспарлары сияқты құжаттар құрады.
3.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы.
Іскерлік қатынастар этикасының тәжірибесі сенім негізінде құрылады, клиенттермен және жабдықтаушылармен тұрақты өнімді қатынастар ынталандырылады. Көптеген компаниялар қызметкерлер басшылыққа алатын этика ережелерін жасап шығарады. Бұларға мыналар жатады:
1.Құзыреттілік:
- қабылдаған заңдарды, ережелер мен стандарттарды қолдану;
- кәсіби құзыреттілікті қолдану (нормативті құжаттарды оқып білу);
- тиісті талдау өткізгеннен кейін толық және анық есептер дайындау.
2.Құпиялылық:
- заң бойынша талап етілмейтін болса,құпия ақпаратты жария етпеу;
- құпия ақпаратты жеке пайдасына қолданбау;
- бағыныштылары құпия ақпаратты жарияламайтындығына көз жеткізу.
3.Адалдық/тұтастық:
- мүдделер қақтығысынан қашқақтау және басқаларға ықтимал кикілжіңге кіріспей, өзін-өзі ұстап қалуды ұсыну;
- ұйымның заңды мақсаттарын бұзбау;
- мінез-құлыққа әсер ететін сыйлықтар мен қызметтерден бас тарту;
- жеке және кәсіби шектеулерді мойындау және ол туралы хабарлау.
4. Әділеттілік (объективтілік):
- ақпаратты әділ және объективті ұсыну;
- басқару үшін пайдалы болуы мүмкін ақпараттың барлығын ашып көрсету;
5. Этикалық жанжалды шешу:
- субъектіде белгіленген саясатты қолдану;
- егер жанжал шешілмесе немесе белгілі бір саясат болмаса, іс-қимылдардың ықтимал бағытын жете зерттеу үшін әділетті кеңесшілермен құпия әңгімеде лайықты тұжырымдарды түсіндіру;
- егер тікелей басшының мінез-құлқы этикаға жат болса, мәселені одан жоғары деңгейде талқылау керек;
-егер мәселе шешілмесе, соңғы амал жұмыстан шығу;
- компаниядан тыс тұлғаларға этикалық жанжалдар жайлы хабарламау.
Кәсіби этиканың ережелерін жасау американдық бухгалтерияның үлкен еңбегі болып табылады. Алғаш реет мұндай талапты Р.Монтгомери қойды. Қазіргі заманғы бухгалтер этикасын жасаушы болып Джон Ленсинг Кэрри (1900-1984)
Саналады. Американдық зерттеушілер (Вильям Рипли, Колер)барлық меншік иелері мен әкімшіліктегілер заң мен мораль талаптарына сай жұмыс істеуге тиіс деген пікірге келді. Бухгалтерлер жоғары тұратын адамдардың пікірін емес, өз пікірін өмірге енгізуге тиісті.Осыған байланысты 1987 жылы Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы моральддық ережелер кодексін қабылдады. Кодекс мәні мынада:
1. Бухгалтерлер жұмысқа орналасарда алдағы ізашардың жұмысын мұқият зерттеуі тиіс.
2. Егер алдында болған ізашар жұмыс істемесе, оған жазбаша сұрау салу керек.
3. Кәсіби бұрыш бұл ресми сұрауға жеткілікті және шыншыл жауап беруге міндеттейді.
4. Егер істермен алдын-ала танысу барысында жұмыс беруші қолданыстағы заңдарды бұзады немесе бұзуы мүмкін екендігі шықса, бухгалтер ұсыныстан (жұмыстан) бас тартуы тиіс.
5. Бухгалтер кез келген уақытта жұмыс берушімен еңбек шартын бұза алады.Жұмыс берушінің кәсіпорында оны ауыстыратын адам жоқ деп ойлауы шартты жалғастыруға негіз бола алмайды.
6.Бухгалтер әкімшіліктен білім және өзі істейтін жұмысты түсінуді талап етуге құқылы емес.
7. Бухгалтер қызмет бойынша өсуді талап ете алмайды.
8. Жұмыс берушінің пайдасынан бас бухгалтер үшін үлес болмайды,яғни бухгалтер өзі шығарған қаржылық нәтижелер үшін сыйақы немесе қосымша ақы ала алмайды.
9. Бухгалтер өзінің ынталандыру сыйақысын кәсіпорын қызметіндегі басқа қызметкерлермен бөліспейді
10.Бухгалтер әкімшіліктің кәсіпорындағы шаруашылық қызметке барлық сұрақтарына бірден жауап беруі тиіс.
11 Бухгалтер толтырған тізілімдер бөлінбейтін меншік болып саналады.
Материалдық-жауапты адамдардан түскен бастапқы құжаттарды материалды-жауапты адамдар да, әкімшілікте кері қайтаруды талап ете алмайды.
12. АҚШ-тың аппеляциялық соты бухгалтердің де, заң кеңесшілері мен биржалық маклерлер сияқты құжаттарды сақтауға арналған құқықтары болмайтындай негізді себептер жоқ деп таныды
13.АҚШ-тың аппеляциялық соты 1976 ж. заң кеңесшілері мен биржалық маклерлерге ұсынылған құжаттарды сақтауға арналған құқықтар бухгалтерлерде де бар деп таныды.
14. Бухгалтер жұмыс берушінің істері жайлы кәсіби құпияны сақтауы тиіс. Жұмыс берушіден қызметтен кету бухгалтерді бұл міндеттен босатпайды.
15.Кәсіби құпияны сақтау міндеттемелеріне мыналар кірмейді: бухгалтер өзінің кәсіби арналары бойынша өз кәсіпорнының шаруашылық қызметі жөніндегі білімін кеңейтуге құқылы; сот қажетті мәліметтерді жариялауға өкім бергенде; жұмыс беруші мемлекетке қарсы қылықтар жасағанда; жұмыс беруші кәсіпорын жайлы мәліметтерді жариялауға келісім бергенде; бухгалтер егер оның кәсіби беделін көтеру мүддесіне қажет болса; кәсіби құпияны аша алады;
Бухгалтер фирма құпиясы жайлы мәліметті ашып көрсету құқық бұзушылық орын алған себепті қоғамдық мүддеге қажет деп санаса.
16. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы барлық анықтамаларды бухгалтер тысқары адамдарға жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша ғана ұсына алады.
17. Мәліметтер егер бухгалтер оларды ұстану іс жүзіндегі заңдар сай деп сенімді болып, көзі жеткен жағдайда ғана беріледі.
18. Бухгалтер жұмыс берушіге құқық бұзушылықты қалай жасап, із жасыруды үйретіп, кеңес беруге тиісті емес.
19. Есеп беруді бұрмалау үшін жұмыс беруші мен бухгалтер бірдей жауапкершілік көтереді.
20. Бухгалтер өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттыруға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
ЖАЛПЫ БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет