Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет6/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
1.бағалаудың есептік өзгерістері.
бухгалтерлік қызметте есепті ұйымдастырудың жағдайы (штат, оның жинақталуы, міндеттердің бөлінуі, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлік есеп пен есептілік бойынша нұсқаулық материалдардың болуы, бухгалтерлік кітаптармен, есеп пен есептілік бланкілерімен қамтамасыз етілуі), есеп жүйесінің қалыптасуы;
есептің, бухгалтерлік есептіліктің алғашқы құжаттамасының жағдайы;
есеп пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті іс-шаралар;
құжаттардың ресімделуінің және сақталуының дұрыстығы, мұрағаттың жағдайы көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеменің есебі мен есептілігінің жағдайын тексеруді аяқтау бойынша жасалған қабылдап алу-беру актісіне істерге қабылдаушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. Қабылдап алу-беру актісінің қандай-да бір ережелерімен қабылдаушы келіспеген жағдайда, ол оған қол қойғанда тиісті дәлелденген ескертулерді көрсетуге етуі тиіс. Қабылдап алу-беру актісі екі данада жасалады, оның біреуі істі тапсырушы тұлғада қалады.
Мемлекеттік мекемелер электрондық тасымалдағыштарда алғашқы құжаттарды және бухгалтерлік есептілік тіркелімдерін жасау кезінде операцияның басқа қатысушылары үшін осындай құжаттардың көшірмесін қағаз тасығыштарда дайындауы тиіс.
Алғашқы құжатта мынадай қосымша деректемелер көрсетілуі мүмкін: құжат нөмірі, мемлекеттік мекеменің мекен-жайы, құжатпен тіркелген операция жасау үшін негіздеме, құжатталатын операциялардың сипатымен анықталатын басқа қосымша деректемелер.
Материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған құжаттарда осы құндылықтарды алғаны жөніндегі материалдық жауапты тұлғаның қолхаты, ал орындалған жұмыстар үшін құжаттарда – тиісті тұлғалардың жұмыстарды қабылдау растамасы болуы тиіс.
Мемлекеттік ұйымдардың бухгалтерлік қызметі
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) негізінде көрсетіледі.
Бухгалтерлік қызмет істерін тапсыру соңғы ұсынылған баланстың негізінде жүргізіледі. Қабылдап алу-беру актісінде істерді беруді жүзеге асыру күні көрсетілуі тиіс.
Істерді қабылдау және тапсырудың басында істерді қабылдау-тапсыру кезіндегі кассаның (қолда бар ақша қаражатының сақталуына тиісті жағдайлар қамтамасыз етілген бе, кассада сақталатын басқа құндылықтар бойынша жағдай және олардың бухгалтерлік жазбаларға сәйкестілігі, чек кітапшаларының, қолданылмаған чектер нөмірлерінің болуы) жағдайы тексеріледі. Кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын тексеру актісіне (онда ерекшеліктер бойынша ақша қаражатының қалдық сомасы, соңғы шығыс және кіріс ордерлерінің нөмірлері мен күні көрсетіледі) бухгалтерлік қызмет істерін тапсырушы және қабылдаушы адам, сондай-ақ кассир не кассалық операцияның жүргізілуіне жауап беретін тұлға қол қояды.
Істерді қабылдау және тапсыру кезінде ақшалай есептің, есептеу операцияларын есептеу жағдайы, есептеу баптары балансының жағдайы (дебиторлық және кредиторлық берешектің нақтылығы, осыған кінәлі тұлғалардың көрсетілуімен өндіріп алуға болмайтын берешектің болуы, өзара есептесудің салыстыру актісінің болуы, бюджетке уақытылы аударылмаған сомалардың болуы), сондай-ақ мемлекеттік мекеменің қаржы есептілігінің жасалуы (есеп тәртібінің сақталуы, ұсынылатын есептің сапасы) тексеріледі.
Бұдан басқа қабылдап алу-беру актісінде:
бухгалтерлік қызметте есепті ұйымдастырудың жағдайы (штат, оның жинақталуы, міндеттердің бөлінуі, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлік есеп пен есептілік бойынша нұсқаулық материалдардың болуы, бухгалтерлік
кітаптармен, есеп пен есептілік бланкілерімен қамтамасыз етілуі), есеп жүйесінің қалыптасуы;
есептің, бухгалтерлік есептіліктің алғашқы құжаттамасының жағдайы;
есеп пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті іс-шаралар;
құжаттардың ресімделуінің және сақталуының дұрыстығы, мұрағаттың жағдайы көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеменің есебі мен есептілігінің жағдайын тексеруді аяқтау бойынша жасалған қабылдап алу-беру актісіне істерге қабылдаушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. Қабылдап алу-беру актісінің қандай-да бір ережелерімен қабылдаушы келіспеген жағдайда, ол оған қол қойғанда тиісті дәлелденген ескертулерді көрсетуге етуі тиіс. Қабылдап алу-беру актісі екі данада жасалады, оның біреуі істі тапсырушы тұлғада қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет