Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Банктегі есеп айрысу шотындағы ақша қаражаттары



бет9/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
3.Банктегі есеп айрысу шотындағы ақша қаражаттары.
1030 «Есеп айырысу шоты» шотында Қазақстан Республикасының елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) және басқа ұйымдар алған бюджет қаражатын есепке алу жүзеге асырылады.
Түскен сома мынадай жазбамен көрсетіледі: 1030 «Есеп айырысу шоты» шотының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті. Елшіліктер жүргізген шоттар 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шоттарының, 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» және 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» қосалқы шоттарының дебеті және 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өздері алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер ескеріледі.
Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ түскен сомаға 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты дебеттеледі және 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» қосалқы шоты кредиттеледі.
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін өнім берушілерге демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ-дан қаражат аудару кезінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес пайдаланылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан алынатын ақшаның түсімі мен жұмсалуы ескеріледі.
Ақылы қызметтер ҚБШ-ға түскен сома 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазылады.
1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен ақылы қызметтер ҚБШ-дан төленген сома және мемлекеттік мекеменің кассасына алынған және кіріске жазылған қолма-қол ақша сома көрсетіледі. Бұл ретте 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3270 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының тиісті қосалқы шоттары дебеттеледі.
Бюджет кірісіне ақылы қызметтер ҚБШ-дан аударылған сома 3130 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шоттарының дебетіне жатқызылады.
1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды қайтаруы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір шарттар басталған кезде аудару шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша қозғалысы ескеріледі. Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да ақшаның түсуі 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Жеке не заңды тұлғаларға ақша қаражатын қайтарған не тиісті республикалық не жергілікті бюджеттерге ақшаны беру кезінде 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотының кредиті және 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті бойынша жазылады. Төлеуге берілетін шот негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аударған нысаналы трансферттер сомасына мынадай жазба жүргізіледі: 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шоттарының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредиті. Жалпы сипаттағы алынған трансферттер тиісті бюжеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға жеткізіледі, бұл ретте 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен жергілікті атқарушы органдардың есептері негізінде жүзеге асырылады: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті, 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті. Есепті жылдың аяғында бұрын кірістер құрамында ескерілген қаржыландыру сомасы мынадай тізбекпен пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар сомасына түзетіледі: 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының кредиті.
Банктен алынған қолма-қол ақша сол күні Нысандар альбомының № КО-1 нысаны бойынша кіріс кассалық ордері бойынша мемлекеттік мекеменің кассасына кіріс ретінде тіркеледі. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін кассаға жіберілгенге дейін Нысандар альбомының № КО-3а нысаны бойынша бухгалтерия кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналында тіркейді.
Мемлекеттік мекемелердің кассалары қолма-қол ақшаны қабылдауды бас бухгалтер немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған кіріс кассалық ордерлері бойынша, соңғылары мен кассирдің қолы қойылған, кассир мөрімен (мөртабанымен) расталған түбіртек беру арқылы жүргізеді.
Кассалардан қолма-қол ақшаны беру Нысандар альбомының КО-2
нысаны бойынша шығыс кассалық ордерлері КО-2 нысаны бойынша мақсатына сай жүргізіледі.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының орындалуын дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жалпы жеке жоспарын жасау кезінде міндеттемелерді қабылдауға, кассалық және нақты шығыстардың талдамалы есебі бағдарламалар, кіші бағдарламалар және бюджеттік сыныптама ерекшеліктері бойынша Нысандар альбомының 294 нысанды жоспарлы тағайындауларда және шығыстарды есепке алу кітабында жүргізіледі. Жазбалар бір күнде түскен әр құжат бойынша жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет