Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің міндеттері



бет7/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің міндеттері.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.
Бухгалтерлік қызметі жоқ мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен есептілікті мекеме басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маман жүзеге асырады.
Орталықтандырылған есепке алу бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына осы мемлекеттік мекемелер басшыларының келісімімен орталықтандырылған бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде қаржы есептілігін ұсынады.
Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері лауазымына басшы тағайындайды және босатады және мемлекеттік мекеменің басшысына тікелей бағынады.
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шотында көрінуі мен бақылануын, шұғыл операцияның ұсынылуын, қаржы есептілігінің белгіленген мерзімде жасалуын қамтамасыз етеді.
Алғашқы құжаттардың сақталуы мен қалыптасуы.
Алғашқы құжаттар операцияны немесе оқиғаларды жасау кезінде жасалуы тиіс, егер бұл мүмкін болмаса операция мен оқиғалар аяқталғаннан кейін тікелей жасалуы тиіс.
Алғашқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар арқылы ғана жүргізіледі.
Алғашқы құжаттарда мынадай міндетті деректемелер қамтылуы тиіс:
құжаттың атауы (нысандар);
жасау күні;
ұйым атауы немесе құжат кімнің атынан жасалса, соның тегі мен аты-жөні;
операция немесе оқиға мазмұны;
операция мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық шамада);
операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тектері, аты-жөндері және қолдары; салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН). Алғашқы құжаттың электрондық нысаны қағаз жүзінде ресімделген алғашқы құжаттың күшінде болады. Электрондық қолдарды қолданушы электрондық қолтаңбаларды пайдалану және қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтану шараларын және бақылауды белгілеуі тиіс. Мемлекеттік мекемелер электрондық тасымалдағыштарда алғашқы құжаттарды және бухгалтерлік есептілік тіркелімдерін жасау кезінде операцияның басқа қатысушылары үшін осындай құжаттардың көшірмесін қағаз тасығыштарда дайындауы тиіс. Алғашқы құжатта мынадай қосымша деректемелер көрсетілуі мүмкін: құжат нөмірі, мемлекеттік мекеменің мекен-жайы, құжатпен тіркелген операция жасау үшін негіздеме, құжатталатын операциялардың сипатымен анықталатын басқа қосымша деректемелер. Материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған құжаттарда осы құндылықтарды алғаны жөніндегі материалдық жауапты тұлғаның қолхаты, ал орындалған жұмыстар үшін құжаттарда – тиісті тұлғалардың жұмыстарды қабылдау растамасы болуы тиіс. Алғашқы құжаттарда мәтіндік бөлімде де, сандық мәліметтерде де келісілмеген түзетулер мен тазартуларге жол берілмейді. Алғашқы құжаттарда қателер дұрыс емес мәтінді немесе соманы сызып тастау жолымен түзетіледі және сызып тасталғанның үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Алғашқы құжатта қатені түзеу «Түзетілді» деген жазумен ескертілу және құжатқа қол қойған тұлғалардың қолымен, түзету енгізу мерзімін көрсету арқылы расталуы тиіс.
Кассалық және банктік алғашқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Алғашқы құжаттарда мәтіндік бөлімде де, сандық мәліметтерде де келісілмеген түзетулер мен тазартуларге жол берілмейді.
Алғашқы құжаттарда қателер дұрыс емес мәтінді немесе соманы сызып тастау жолымен түзетіледі және сызып тасталғанның үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Алғашқы құжатта қатені түзеу «Түзетілді» деген жазумен ескертілу және құжатқа қол қойған тұлғалардың қолымен, түзету енгізу мерзімін көрсету арқылы расталуы тиіс.
Өткен жыл үшін бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған қателерді түзеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы мемориалды ордердің мәліметтерін өзгертуді талап етпейтін, бухгалтерлік балансты ұсынған сәтке дейін осы есепті кезеңде анықталған қате сызылып тасталғанды оқу үшін, дұрыс емес мәтінді немесе соманы жіңішке сызықпен сызу жолымен түзетіледі және сызып тастағанның үстінен түзетілген мәтін мен сома жазылады. Бір уақытта бас бухгалтердің қолтаңбасымен жолақта тиісті жолға қарама-қарсы «Түзетілді» деген ескертпе жасалады;
2) мемориалды ордердегі қатеден туындаған бухгалтерлік балансты ұсыну сәтіне дейін анықталған қате сипатына қарай қосымша мемориалды ордермен немесе «Қызыл сторно» тәсілі бойынша түзетіледі; баланс ұсынылған есеп кезеңіндегі бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған барлық жағдайларда қателер дәл осылай түзетіледі. Қателерді түзету бойынша қосымша бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ «Қызыл сторно» тәсілімен жасалған түзетулер мемориалды ордерлермен рәсімделеді, оларда қалыпты деректемелерден басқа осы мемориалды ордермен түзетілетін нөмірлерге және мемориалды ордердің күніне сілтеме жасалады.
Алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, қаржылық есептілік мұрағатқа тапсырғанға дейін бухгалтерияда арнайы үй-жайларда немесе жабылатын шкафтарда бас бухгалтердің уәкілетті тұлғаларының жауапкершілігінде сақталуы тиіс.
Мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік мұрағатында істер іс номенклатурасында белгіленген мерзім ішінде сақталады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін істер тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады. Мұрағатқа істердің тапсырылуын растайтын құжаттар үнемі бухгалтерлік қызметте сақталады.
Алғашқы құжаттар жоғалған немесе жойылған жағдайда мемлекеттік мекеме басшысы тергеу органдарының, күзеттің және мемлекеттік өрт бақылау өкілдерін тарта отырып, бұйрықпен жоғалу немесе жойылу себебін қызметтік тергеу бойынша комиссия тағайындайды.
Комиссия жұмысының нәтижелері актімен (еркін нысандағы) ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қояды және мемлекттік мекеме басшысы бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет