Тақырып 4. Қысқа мерзімді активтердің есебі: ақша қаражаттары,дебиторлық борыш,қорлар. Дәріс 7 1.Ақша баламалары.
2.Бюджеттік ұйымдардағы кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
3.Банктегі есеп айрысу шотындағы ақша қаражаттары.
Дәріс 8 1.Дебиторлық борыштың есебі.
2.Қорлар.
3.Қорлардың танылуы және бастапқы бағасы.
4.Қорларды түгендеу.
1.Ақша баламалары. Бюджет шоттарынан шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы қаржы жылына арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары шегіндегі шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша қазынашылық органдары жүргізеді.
Бюджет қаражатын пайдалану нысаналы мақсатына сай қатаң жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанының аяғына дейін пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады.
Ақша қаражаты және олардың баламалары оларды мемлекеттік мекеме бақылағанда, өлшенгенде және ықтимал болған кезде танылады.
Ақша қаражатымен және олардың баламаларымен жасалатын операцияларды есепке алу үшін «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімінің шоттары пайдаланылады:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты»;
1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты»;
1030 «Есеп айырысу шоты»;
1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ»;
1050 «Шетелдік валютадағы шот»;
1060 «Арнайы шот»;
1070 «Өзге де ақша қаражаты»;
1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»;
1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары». 2.Бюджеттік ұйымдардағы кассадағы ақша қаражаттарының есебі. Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (әрі қарай – банк) арқылы алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оның кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чекі бойынша қолма-қол ақша алу кезінде мынадай жазба жүргізіледі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті, 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының кредиті. Есепке қолма-қол ақша қаражатын беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті, 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті. Кінәлі тұлғалардың есебінен жатқызылған, мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған жетіспеушіліктерінің сомасы 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының дебеті бойынша немесе 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.Жетіспеушілікті өтеуге мемлекеттік мекеменің кассасына соманың түсуі 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған артық сомасы бюджет кірісі болып табылады және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі, бір уақытта 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі, 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты кредиттеледі. Бюджетке ақша қаражатын аудару 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын толықтыру сомасына 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» қосалқы шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» немесе 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. Ағымдағы шоттан кассалық операцияларды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган (есеп беретін тұлға) алған ақшаның сомасына 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебеті және 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Кассаға енгізілген ақшаның сомасына: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» дебеті және 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» кредиті жүргізіледі.