3.Бюджеттік ұйымдардың негізгі құралдарды сатып алу жолдары. Егер актив айырбасталмайтын операция жолымен, яғни қайтарусыз негізде сатып алынса, оның өзіндік құны деп сатып алу мерзіміндегі әділ бағасы танылады. Бұл ретте нөлдік немесе атаулы баға бойынша сатып алынған және әділ құны бойынша танылатын негізгі құралдар объектілерін таныған кезде баға қайта есептеу болып табылмайды.
Негізгі құралдар объектісі басқа активке айырбасқа сатып алынса, алынған объектінің іс жүзіндегі құны оның әділ құны тең баға бойынша қабылданады, ол тапсырылған активтің ақша қаражаты мен олардың баламаларының төленген сомасына түзетілген әділ құнына тең келеді. Жаңа активтің анықталған әділ құны мен оған айырбасқа берілген активтің баланстық құны арасындағы айырма айырбастау операциясынан кіріс немесе шығысты құрайды.
Алынған активтің де, жіберілген активтің де әділ құны сенімді бағалана алмаса, онда негізгі құралдардың сатып алынған объектісінің құны жіберілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады. Бұл ретте алынған объектіні құнсыздану тұрғысынан тексеру қажет.
Мемлекеттік мекеме негізгі құралдар объектісінің түсімін Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының
дебеті және мыналардың:
бюджеттік қаржыландыру есебінен немесе ақылы қызметтерден,
демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен - сатып алу құны бойынша –3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шотының;
әділ құн бойынша – қайырымдылық және демеушілік көмек ретінде алынған 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» шотының;
әділ құн бойынша – үшінші тұлғаларға қайтарусыз беру нәтижесінде алынған; сондай-ақ баланстық құн бойынша – мемлекеттік мекемелер арасында негізгі құралдарды беру нәтижесінде 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотының, бұл ретте жинақталған амортизация сомасына 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті бойынша бір уақытта жазба жүргізіледі;
бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасында бұрын қаржыландыру есебінен сатып алынған (баланстық құн бойынша) негізгі құралдарды беру нәтижесінде алынған 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті бойынша негізгі құралдар объектілерінің түсімін көрсетеді, бұл ретте жинақталған амортизация сомасына 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті бойынша бір уақытта жазба жүргізіледі.
Жүргізілген қайта бағалау нәтижесінде активтер сыныбының баланстық құнының артуы таза активтерге/капиталға жатқызылады және Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Қайта бағалаудан осы актив объектісі құнының азаюы бұрын танылса, онда негізгі құрал құнының артуы ағымдағы жылдың қаржы нәтижесіне бұрын қаржы нәтижесінің құрамында танылған сол активтің қайта бағалау құнының азаю сомасын қалпына келтіретін мөлшерде жатқызылады.
активтің баланстық құны анықталады, бұл ретте 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шоты дебеттеледі және активтің қайта бағаланған құнына дейін қайта есептелетін Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі (бұл әдіс ғимараттар үшін жиі пайдаланылады).
Қайта бағаланған негізгі құралдарды пайдалану шамасына қарай жете бағалау сомасы қаржылық нәтижеге есептен шығарылады: 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының дебеті және
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті. Негізгі құрал шығып қалған жағдайда пайдаланған уақытта қаржылық нәтижеге ауыстырылмаған жете бағалау сомасы қалдығын есептен шығару жүргізіледі: 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв»
қосалқы шотының дебеті және 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті. Алғашқы құнның өзгеруі есепке алу моделін таңдауға байланысты емес, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешіміне сәйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайында да рұқсат етіледі.