Microsoft Word Филология 1 ч doc


Шарғын Əлғазыұлы жəне оның Қытайдағы қазақ əдебиетінен алатын орны



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата05.03.2022
өлшемі492,07 Kb.
#27081
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Филология 2011-3-74-91

Шарғын Əлғазыұлы жəне оның Қытайдағы қазақ əдебиетінен алатын орны 

Мақалада  ақын  Шарғының  ұлттық  əдебиеттің  дамуына,  Қазақстанда  тұратын  қазақ  диаспорасы 

əдебиеті  тарихындағы  азаттық  жəне  демократиялық  бағыттардың  қалыптасуына  қосқан  үлесі 

қарастырылды.  Ғылыми  тұрғыда  ақын  шығармаларының  тақырыптық,  идеялық  жəне  көркемдік 

ерекшеліктері  талданды.  Ақын  поэзиясындағы  сол  заман  көріністерінің  реалистік  тұрғыда 

баяндалуына баға берілді. 



Кілтті  сөздер:  өлең,  ақындық  бітім,  өнер  əлемі,  Қытайдағы  қазақ  поэзиясы,  ағартушылық  идея, 

талант  иесі,  ақындық  əлем,  шығармашылық  табиғаты,  қисса-дастандар,  əдеби  кітаптар,  тарихи 

кезеңнің қасіреті, оқу-ағарту ісі. 

 

«Асылы,  бір  немесе  екі  жақсы  өлең  жазу,  сол  арқылы  бір  немесе  екі  сыр  аңғарту,  шындық 



таныту кез келген өлеңшінің қолынан келуі мүмкін. Ал өзі жазған өлеңдер арқылы өзінің өзгелерден 

бөлек  ақындық  бітімі  мен  мінезін  таныту,  сол  арқылы  өзінің  өнер  əлеміндегі  тұтас  творчестволық 

беті  мен  бағытын  таныту  кез  келген  қаламгердің  қолынан  келе  бермейді» [1], — деген  академик 

Зейнолла  Қабдоловтың  бір  ұлағатты  сөзі  бар  еді.  Сол  секілді  Қытайдағы  қазақ  поэзиясындағы 

ағартушылық  идеяның  дамуында,  жүзеге  асуында  ірі  тұлға,  өзіндік  ақындық  болмыс-бітімі  айқын, 

жасампаздықта  өзіндік  өрнек-бояуы,  өзіндік  үні  бар  талантты  ақындардың  бірі — Шарғын 

Əлғазыұлы. Шығармаларының өз кезінде толық жиналмауы, реттелмеуі себепті де болар бұл талант 

иесінің ақындық əлемінің сыр-сипаты бүгінге дейін бағаланбай, шығармашылық табиғаты зерттелмей 

келе  жатқаны  көңілге  қаяу  түсіретіні  анық.  Болмаса  Шарғын  ақын  Қытайдағы  қазақ  əдебиетінің 

өркен  жаюына,  қалыптасып,  дамуына  бір  кісідей  үлес  қосқан,  шабыты  шалқар,  дарынды,  қуатты 

ақындардың бірі еді. 

Шарғын Əлғазыұлы 1903 жылы бүгінгі Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Тиірмен деген 

жерде  туған.  Сол  жерде  оқып,  білім  алған.  Жастайынан  өлең-жырға  əуестеніп,  бірталай  қисса-

дастандарды жаттап өскен. Той-томалақ, жиын-топта айтысқа араласқан. Көптеген əдеби кітаптарды 

тауып  оқып, əдебиет  əлеміне  келуге  үлкен дайындық  жасап  жүргенде, 30-жылдары  асыра  сілтеудің 

əпербақандары салған лаңның салдарынан ел басына қатерлі күн туып, халық күйзеліске ұшырайды. 

Еркінен, малынан, жерінен айрылған халыққа аранын ашқан ашаршылық төніп, ажал аждаһа болып 

ақырады.  Жан  сақтамақ — парыз.  Жан  азабына,  рухани  қысымға  шыдамаған  шарасыз  жандар 

ажалдың  темір  тырнағынан,  зұлымдардың  озбырлығынан  құтылу  үшін  Қытай  асып  кетеді.  Сол 

босқын топтың ішінде Шарғын ақын да бар еді. Келген бойда Іленің Текес ауданына кеп тұрақтайды. 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет