Ей, Сұраншы, Саурық!
Қоқанның қолы көп болды
Жетісуда жатқалы.
Бар жақсыны талап жеп,
Сүбеңе қолы батқалы.
Бейсенбі күні бесінде,
Гизрат күні кешінде,
Қордайдың биік төсінде,
Қоқанның ханы Құдияр,
Зорлық қып алған көп малды
Əндіжанға айдатты,
Қол-аяғын кісендеп,
Көнбеген ерді байлапты.
Қауызын əлі жармаған
Сұлуларды зорлапты.
Араша тұрар пенде жоқ,
Еліңді сөйтіп қорлапты.
Ақтұяқ атқа мінесің,
Бүгін маған ересің.
Қаншама халқың ереді,
Оны да кейін көресің.
Ту алып жауға шықсаң сен,
Іледе жатқан Жаныспен,
Шапырашты, көп Дулат
Олар да атқа мінеді.
Өздеріңдей болған соң,
Сұраншы-Саурық тірегі.
Сүйінбайдың бұл өлеңін («Ту алып жауға шықсаң сен...») естігеннен кейін Сұраншы ұран салып,
«Тігіңдер туды!» депті. Содан Қопада жатқан Құдиярдың əскеріне түнде шабуыл жасап, сонау
Піспекке дейін қуып тастапты.
Сүйінбай Сұраншының ерлігін өмір бойы жырлап өтіпті. Бірде ол Тезек төренің ордасына
кедейлердің кеткен есесін жоқтап барады. Есіктен кіріп келе жатқан ақынды Тезек төре тоқтатып:
«Шапыраштыны батыр ел дейді, қандай ерлігі бар, табалдырықтан аттамай тұрып айтшы!» — депті.
Сонда Сүйінбай тізесін бүкпестен Сұраншының ерлігін былай жырлапты («Сұраншы батыр» атты
жыры [1; 16–20]):
Айт десең, тақсыр, айтайын,
Қоқанның ханы қағынды.
Байлаулы тұрған төбеттей
Аласұрып шабынды.
Өз-өзінен желігіп,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Ұрпақтан ұрпаққа өнегесі жайылған...
Серия «Филология». № 3(63)/2011
81
Қызыл қанды сағынды.
Əскерін ертіп соңынан,
Қоқаннан бері ағылды.
Қоқаннан келген сабаздың
Іздегені табылды.
Сарыкемерге келгенде,
Тілеуқабыл шабылды.
Ат бауырынан тер ағып,
Сүбесінен сабылды.
Жайға жатқан қалың ел
Ұлықтарға жалынды.
Күң қылмақ боп ханымды,
Талауға салды малымды.
Ертеңгі сəске болғанда,
Хабаршы кетті даралап.
Алатаудың қырқасын
Күні-түні аралап.
Шапырашты елінде,
Сұраншыдай бегіне,
Айтып берді саралап.
Талауға түсті Майемер,
Жас ақты көзден егіле.
Дулаттың бай мен мырзасы
Ақтоғайдан ары өтіп,
Балқаштың қашты көліне.
Сұраншы батыр сұрланып,
Үш мың қолмен аттанды.
Найза, қылыш қайралып,
Жүрмек болып топтанды.
Лашын құстай түйіліп,
Ақ тұйғындай шүйіліп,
Сұраншы батыр бастаған,
Үш мың кісі жиылып,
Ителгідей түйіліп,
Бесін уақыты болғанда,
Өңшең батыр қасында,
Бақты өзенді жағалап,
Күртіден бастап ұрысты.
Ақын осынау бір толғауында «лашын құстай түйіліп», «ақ тұйғындай шүйіліп», «ителгідей
түйіліп» деген теңеулер арқылы жиналған қолдың бейнесін көрсетеді. Көз алдымызға булығып,
алқынып, жеңеміз деп тұрған Сұраншы батырдың қолын елестетеді.
Сүйінбай ежелгі қазақ жырауларының салтымен Сұраншының ерлігін ұзақ, желілі жырға арқау
етеді. Тарихи поэмадан эпостың стилі айқын көрінеді:
Сұраншыны еске алсам,
Өртенеді өзегім.
Батырлар кетті мерт болып,
Жаудан жерін қорғаған.
Сабыр қылып төзейін,
Сайрамда болған соғысты
Айтуға тілді безейін.
Сайрам-сынды қаланы
Үш күндейін қамады.
Сұраншының болып талабы,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Р.С.Каренов
82
Вестник Карагандинского университета
Қарасайлап шабады.
Ақтұяқ аттың табаны
Тиген жерін ояды.
Қарсы келген дұшпанның
Қылышпен басын қияды.
Найзаменен түйреді.
Өлігін жаудың иледі,
Батыр сонда алысып,
Шоқпарменен қағысып,
Ажалменен жарысып,
Сайрамның үсті шаң болды,
Қызыл ала қан болды,
Көрген адам таң болды.
Қалың Қоқан обығып,
Қашып кірді қамалға.
Жалаңдаған жау еді,
Қарамаған обалға.
Кімдер өлі, кім тірі,
Білмейді жанның ешбірі.
Ақтұяқтан жал қалмай,
Сұраншыдан əл қалмай,
Қырғын соғыс созылды.
Жердің беті тітіреп,
Айналып аспан түскендей,
Тойымсыз мына қара жер
Аққан қанды ішкендей.
Жан алқымнан қысқандай,
Табаны тисе Ақтұяқ,
Зырқырап тастар ұшқандай.
Қамалға атын қарғытып,
Ақылға беріп билікті,
Сұраншы жауға килікті,
Батыр алды найзаны,
Жауға істеді айланы,
Тығылғанын қоймады,
Жалғыз кірген арыстан,
Бес мың қолмен «ойнады».
Бөлек шығып тобынан,
Жаудың шебін бұзады,
Салдырмай қамшы Ақтұяқ
Денесі əбден қызады.
Сұраншыдай батырым
Дұшпанмен жалғыз ұрысты.
Қылышты салып қынына,
Ақберенмен атады,
Отыз жыл ойрандаған елімді,
Жаулар қанға батады.
Түзеді құдай ер ісін,
Талқан қылды шəрісін.
Жасы менен кəрісін
Жау қолынан босатып,
Қамалдан шығам дегенде,
Тыңнан келген көп күшпен,
Жаулар тағы қамалап,
Ақтұяқ атын тебініп,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Ұрпақтан ұрпаққа өнегесі жайылған...
Серия «Филология». № 3(63)/2011
83
Сұраншы кірді емініп.
Садақтың оғы суылдап,
«Қарасай атам, қолда!» деп,
«Ісімді, əруақ, оңда!» деп,
Тас қорғанның ішінде
Ғазиз басым қалма деп,
Сұраншы алды найзаны,
Сау жері ердің қалмады.
Батырдың бар арманы,
Ағайын-туған елі мен
Артында қалды алғаны.
Таудың басы мұнартты,
Артында қалған жалғызын
Көруге батыр құмартты.
Кезінде Сұраншының азасына жиналған ақындар өз жырында, күйшілер өз күйінде батырды
ұзақ жоқтаған. Жас Жамбыл осы жиынның ішінде болған. 18 жасар ақын топ алдында ерлікті
ардақтап жыр төккен. Ұстазының ізімен өмір бойы жырлаған Жамбыл кейінірек «Сұраншы батыр»
поэмасын аяқтаған [4; 67,68].
Сүйінбайдың айтыстары мен дастандарын ел арасына кең таратқан азаматтардың арасында
Өмірзақ Қарғабайұлының алатын орны ерекше. Ол 1939 жылы араб əрпімен жазылған Сүйінбайдың
«Өтеген батыр» дастанының бір нұсқасын Қазақстан Ғылым академиясының сирек қолжазбалар
қорына (№ 12) тапсырған. Аталған қолжазбаны жазушы əрі ғалым Мұхтар Мағауин 1990 жылы
мұрағаттан тауып, «Жұлдыз» журналының № 11 санында жариялады [14]. Енді осы дастаннан бір
үзінді келтірейік.
Қасқараудан шыққан Өтеген,
Бұғыдай мүйіз көтерген.
Туа салып талпынып,
Дүниенің төрт бұрышынан
Аралап қоныс қараған
Нəсілі нұрдан жараған.
Биесін бірге айдаған,
Ноқталап жүріп байлаған,
Дін-мұсылманның
қамын жеп,
Күні-түні ойлаған.
Осы жыр жолдарынан бұл оқиға қай кезде болды, Өтеген батыр алдына қандай мақсат қойды?
деген көкейді кернеген сұрақтарға жауап іздейік.
Қазақ даласындағы жусандай тербелген бейбіт өмірдің жібек пердесі сетінеп, басқа көлеңке,
жанға сая болған бəйтеректерді түбірімен қопарып, долы желдей дүбірлі заман келді. Бұл Жоңғардың
жойқын шапқыншылығы болатын. Бейқам жатқан қалың қазақ қапыда қалып, қырғынға ұшырап,
аман қалғаны жан сауғалады.
Бірақ ел басына күн туғанда, халқына қамқор болар, көріпкел көсемдері де, ердің басын қанды
дауда қалдырмаған, оқты сөзбен от шашып алдырмаған би, шешендері де, қаһарын төккен заманға
батыл көзбен қараған батырлары да болды [15].
Өтеген батыр (1699–1773) — XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына
қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы
Ойрат ханы Батырдың 50 мың əскеріне соққы берген Салқам Жəңгірдің сапында ұрысқа қатысқан.
Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек,
Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы
жасақ жинаған Төле би əскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жылы шамасында
Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп
қайтыпты деген аңыз да бар [16; 330].
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Р.С.Каренов
84
Вестник Карагандинского университета
Өтеген батыр — ел арасында аңызға айналған адам. Оның ел мүддесін жоқтаған ерлік істерін
əуелде Сүйінбайдың ұлы атасы Күсеп ақын жырлаған. Одан беріде Сүйінбайдың нағашысы Қабан
ақын толғаған. Қанадан қобызшы мен Байсерке күйші Өтегеннің арман-мұратын, батырлығын күйге
айналдырған. Сүйінбай Өтеген батыр туралы өзіне дейінгі ақындардың жыр-дастандарын, ел
арасындағы аңыз-əңгімелерді, күй-аңыздарын жас кезінен жаттап, біліп, жанына жақын тұтады.
Білгендерін Жамбылға үйретеді. Сүйінбай Қабан жыраудың Өтеген батыр туралы көптеген
жырларын жатқа айтатын болған. Жас шағында ол жырларды Жамбыл да айтқан.
Тарихшы Делебаевтың деректеріне қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да Өтеміс батырды
дастан етіп жырлаған екен.
Ел аузындағы əңгімелер мен ақындардың жыр-дастандарында көрініс тапқан аңыз желілерінде
Өтеген батырдың əкесі Өтеғұл батырдың ержеткен он екі ұлы бірдей оба ауруынан қайтыс болады.
Бұл шақта Өтеғұлдың жасы елуге келген екен. Он екі ұлдың қайғысы батырға қатты батады. Жер
ортасы жасқа келгенде он екі ұлдан бірдей айрылған батыр басын жерден көтере алмай, көз жасын
бұлай береді. Өтеғұлдың жақсылығын көрген, оны пана тұтып, жан сақтаған жұрт батырмен бірге
қайғырып, соның тілеуін тілейді құдайдан. Сөйтіп жүргенде Өтеғұл түс көреді. Түсінде батырға бір
ақсақалды, сары түсті қария келіп былай дейді:
– Өтеғұл, егіліп жылай бермей, көз жасыңды тый! Қолыңды жай, батамды берейін, — дейді.
Батыр көзінің жасын тиып, қариядан бата сұрайды. Сонда ақсақалды қария былай деп бата берген
екен:
– Құдай тілеуіңді берді, он екі ұлға татитын ұл көресің!
Осыдан кейін Өтеғұл кіші əйелі Нұрбаладан бір ұл көреді. Баланың шілдеханасында Жаныс
жұртының ақсақалы тоқсандағы Жанысбай қария Өтеғұлға: «Батырым, өлгендерің өтелді, баланың
аты Өтеген болсын!» — деп атын Өтеген қойдырыпты [16; 330].
Сүйінбайдың осы жырында XVIII ғасырдағы орыс патшалығының қазақ жерін отарлау саясаты
туралы да айтылады.
Бірде Өтеген батыр өзінің туған-туысқандарын жинап алып: қазақ даласының батысынан
басталған орыс патшалығының жаугершілік жорықтары 75 жылдан соң Жетісу жеріне жетеді. Сол
кезде басымыздан ерік, малымыздан құт-береке кетеді, ұл мен қыздарымыз белгісіз басқа салтқа бас
ұрады, арымыз бен намысымызға қысым жасалады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |