Р.С.Каренов
86
Вестник Карагандинского университета
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен.
Жау тисе жапан далада,
Бөрілі найза атамыз,
Қарасайлап шабамыз.
Қызыл қанға батамыз,
Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп, жау алған,
Қазыбек, Қастек атамыз.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Жоқты жонып табамыз.
Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп, жау алған,
Шапырашты батыр бабамыз.
Бөрі басы — ұраным
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым.
Осы керемет өлең тек Сүйінбайдың ғана сөзі емес, бүкіл түркі халқының көңіл түпкіріндегі ойы,
рухты оятар тарих тағлымы, күрес жолындағы ұраны десек артық айтқандық болмайды. Өйткені ұран
түрінде айтылатын бұл өлеңде жер дүниені сілкіндіріп, тау мен тасты теңселтіп, жауға қарсы аттанып
бара жатқан қазақ халқының қаһармандық бейнесі көрсетілген.
Иə, арғы-бергі ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолына, «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған» замандарына ойлы көзбен қарасаң «Бөрі басы» ұраны мен «Бөрілі байрағы»
(қасқырдың бас суреті бейнеленген Шапыраштылардың жебелі туы мен найзасы) есіңе түсері анық.
Тек кейде соны аңғара бермейтініміз өкінішті.
Ақынның өлеңдерінде халықтық философиялық мəселелердің қозғалуы
Сүйінбай Аронұлы — үлкен ойшыл ақын. Оның əдеби мұрасы мейлінше мағыналы, тақырыбы
жағынан сан-салалы. Ол — қоғам тынысы, табиғат сыры, адамдар арасындағы қатынастар мəдениеті
жөнінде, ел тағдыры жайлы ойға батып, терең жəне салиқалы философиялық (пəлсапалық)
тұжырымдар жасады. Өзінің «Əділеттік орнаса», «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы менен
жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Ақын боп жиырмамда», «Өсиет», «Надандық», т.б. өлеңдерінде
халықтық философиялық мəселелер қозғады. Осы шығармаларында ел басқару, халық тағдыры мен
адам бойындағы жақсы, жаман дағдыларды саралады. Ақын өмірдің бағасы мен өткіншілігі жайлы
ақыл-өсиеттер айтты.
Мысалы, «Жақсы мен жаманның айырмасы» деген өлеңінде [1; 43,44] ақын адам бойындағы
мінез-құлыққа үңіледі. Ол адамдардың арасындағы қарым-қатынастың, болмыс-бітімінің сан алуан
қырларын дəл танып, байқағыштықпен былай суреттейді:
Жақсының сөзін əркім пайдаланар,
Миуалы алма-өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі көр,
көзі соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай!
Нышаны кем болса да адамдықтың,
Əркім жүр жақсымын деп таласып-ай.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Ұрпақтан ұрпаққа өнегесі жайылған...
Серия «Филология». № 3(63)/2011
87
Жамандар өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың ірткі салар арасына-ай.
Достарыңызбен бөлісу: