1991 жылы «Жазушы» баспасынан «Үміт жағалауы» деген атпен үш-төрт ақынның өлеңдер
жинағы басылды. Осы жинақта ақын Ғұсман Мұхаметқалиевтің «Толассыз той» деп аталатын
Р.С.Каренов
78
Вестник Карагандинского университета
поэмасы жарияланды. Мұнда Ыстықкөлдің жағасында қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен жиында,
Сүйінбайдың қырғыз ақыны Қатағанды жеңгендігі айтылады.
Халқыма, ризамын, қырғызыма,
Алғыстан басқа айтар жоқ ұл-қызыңа!
Ұлан-асыр той жасап атағымды,
Асырдың ту ғып қадап,
шың-құзыңа! —
деп, аяқталады Сүйінбайдың салтанатты сөзі [12].
Қазақстанның халық жазушы Хамит Ерғалиев Сүйінбай туралы өз түсінігін былай баяндайды:
«Сүйінбай шын мағынасында төкпе ақын дедік қой. Жалпы төкпе ақынды түгел қармап қалу мүмкін
емес. Сол қатарда бұл мұрадан жоғалтқандарымыз да баршылық. Алайда «Өтеген батыр», «Сұраншы
батыр» дастандарының Сүйінбай айтқан нұсқалары бары да бізге аян. Басқа да тереңнен тартылған
айтыстар, толымды толғаулар бізге жетіп үлгерді. Бұған əлгідей қолдап кіріскен ұйымдастырғыш
істерін қосалық. Сонда осы қолда бардың өзінен-ақ аруағына Жамбыл сиынған пір Сүйінбайдың
тұлғасын көз алдымызға келтіре аламыз: Абыз ақын, қамқор қазы, халық ісінің қайраткері, ұрпақтан
ұрпаққа өнегесі жайылған ұлағатты ұстаз» [13].
Жоғарыда айтылған пікірлерден шығатын қорытынды: ол қай-қай ақынды да замандастарынан
өзіне дейінгі, кейінгі əріптестерінен айырып, айқұлақтандырып тұратын өзіндік ерекшеліктері
болмаққа керек. Сүйінбай ақынды тоздырмай тұлғалап əкеле жатқан тозаңсыз жыр ерекшеліктері
неде? Енді осы мəселеге келейік.
Бүгінгі таңда Сүйінбай Аронұлының қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды
негізгі төрт салаға жатқызуға болады. Олар:
а) халық қамы үшін қан кешкен батырларды дəріптейтін көлемді дастандары;
ə) лирикалық, философиялық өлеңдері мен нақылдары;
б) классикалық айтыстары (ақынның шеберлігі, табан асты сөз тапқыш ақпа-төкпе таланты оның
айтыстарынан айқын көрінеді);
в) қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған арнаулары; болыс-билерге, сұлтан-
төрелерге арналған сықақ толғаулары.
Сүйінбай халық батырларын үлгі етіп, қаһармандық
жырлар толғаған эпик ақын ретінде
Жыр жүйрігі Сүйінбай Аронұлының шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты, Екей руына жатады.
Екей — ақындық, күйшілік өнерімен аты шыққан.
Жаз айларында Екей елі осы күнгі Алматы облысындағы Үлкенсаз, Құлансаз, Ботасаз, Қарақия,
Майтөбе жайлауларын жайлаған, қыста Қопа, Төрегелді, Өтеген, Қазыбек таулары мен жазықтарын
қыстаған. Тарихи деректерге қарағанда, XIX ғасырдың басында Орта Азиялық Қоқан хандығының
шапқыншылығы салдарынан Екей елі жан-жаққа бытырай көшкен. Сол қиын-қыстау 1840–1860-
жылдардың ішінде ыдыраған халықтың басын құрап, біріктіруде Сүйінбай елдің беделді адамы
Сарыбай би екеуі көп еңбек сіңіреді. Осы тұста патриот ақын халықты Қоқан хандығына қарсы
тұрып, тəуелсіздік үшін күреске шақырады. «Өтеген батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр»,
«Жабай батыр», «Қарасай батыр» сияқты кең тынысты толғау, жырларын шығарады [5; 5].
Кемеңгер ақынның қазақ батырлары туралы шығарған жырлары бізге түгел жетпеген. Тек кейбір
үзінділері мəлім. Мысалы, Жамбылдың айтуынан, Сəкен Сейфуллин жазып алған Ноғайлы батыры
Жабай туралы жырдың («Жабай батыр» атты толғауы [1; 21–23]) үзіндісі назар аударарлық:
Достарыңызбен бөлісу: