ІІІ – ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТЫСЫНЫҢ
ТАРАЛУ ГЕОГРАФИЯСЫ
3.1 Жазықтардағы зоналық заңдылық
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеткі
жазықтары сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ – шоқ болып ормандар өседі.
Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт
қыратының азғана бөлігін алып жатыр. Орманды дала зонасының
ландшафтылары Солтүстік Қазақстан, Қостанай,
Көкшетау, Павлодар
облыстарында тараған, оңтүстік шекарасы Қостанай және Көкшетау
қалаларының ендіктері бойынша өтеді, жалпы көлемі 1 млн га, Қазақстан
территориясының 0,4 проценті. Бұл жердің тектоникалық құрылымы жер
қыртысының мезозойға дейінгі қатпарлану кезінде түзілген, мезокайнозойлық
тарихы жас платформалық жазықты жағдайда өтуде. Қазіргі жер бедері тегіс,
жазық, ал оңтүстігінде ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары сақталған
қырат. Жер бедері кешендерінің пішіндері мен топырақ қабатын түзуші
жыныстары аллювилі мен көлтабанды – аллювилі
саздақтан ұсақ құмнан
тұрады. Топырақ пен грунт қабаты ылғалға көп мөлшерде қаныққан, көбіне
гидроморфты болып келеді. Бұл зонаның климаты қоңыржай континентті, 10 С-
тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы 1950-2200 С, жылдық
жауын – шашынның орташа мөлшері 300 – 350 мм, ылғалдану коэффициенті
0,77 – 0,56. Өніп - өсу кезеңінің ұзақтығы 120 – 145 күн, қуаңшылық
жылдардың қайталануы 20 – 30 процент. Мұнда Батыс Сібірдің орманды дала
ландшафтысының қазақстандық нұсқасы дамыған. Ол суффузиялық немесе
ежелгі көлтабандық дала ойыстарында өсетін орман шоқтары тегіс және
жазықтағы дәнді шөптесін мен әр түрлі шөптесіннен тұрады.
24
Өзендері түгелдей дерлік еріген қар суымен толығады.
Ертістің, Еділдің,
Тобылдың және басқа бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті
үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.
Ормандарда орманның сұр топырағы, ол түрлі шөп өсетін далаларда қара
топырақ болады. Зонаның оңтүстік бөлігінде қара топырақты қабатының
қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамында 9 процентке жуық шірінді
болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі,
шіріндінің мөлшері де 6 процентке дейін азаяды. Қазақстан орманды
даласының топырағынан айырмасы ойпаң жерлерде тұзды – мақат және сортаң
топырқтар кездеседі. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері
өседі. Солтүстігінде, солтүстік – батысында шоқ – шоқ ормандар бар.
Өсімдік жамылғысы жыртылмаған учаскелерді жауып тұратын қалың
және әр түрлі шөптер мен дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда ең көп
өсетіні :
қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық.Біраз
жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымдас
өсімдіктердің арасында сәбізшөптің кішкене ақ – жасыл шатырша гүлдері мен
қызыл бояудың жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі.
Батыс Сібір жазығының ормандары шоқ - шоқ қайың мен көктеректен
құралады. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар –
емен, жөке, қандыағаш басым болады.
Шоқ – шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында бұталар
да өседі. Бұлар: тал, долана, итмұрын, қарақарақат. Сабағы жіңішке, шырынды,
қызыл күрең түсті жемісі бар тас бүлдірген жиі кездеседі. Орманның шетінде
аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті құлпынай көп.
Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы
Шығыс Еуропа орманды даласына, Солтүстік Қазақстанның орманды даласы
Батыс Сібір орманды даласына ұқсайды.
Орманды өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады.
Мысалы, дала зонасында Жайық өзенінің аңғарында шоқ ормандар учаскелері,
Ертіс жағасын бойлай құм үстінде жіңішке алқапта қарағай ормандар
Сарыарқаның Көкшетау, Қарқаралы және тағы
басқа тауларының гранитті
массивтерінде де таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді
қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді.
25
Территориялық табиғат кешендерінің негізгі түрінің таралу сипатына
қарай Қазақстанда орманды дала 2 зонаға бөлінеді : типті және типті емес
орманды дала.
Типті орманды дала зонасы зонаның солтүстік бөлігін алып жатыр, яғни
Петропавл қаласының солтүстігі. Қоңыржай ылғалды климат жағдайында
дамыған. Жер бедері мен топырақ қабатын түзуші жыныстардың литологиялық
құрамы
мен
территорияның
тілімденуі
сипатына
байланысты
ландшафтыларының құрылымдық ерекшелігі қалыптасқан. Жер бедері жақсы
тілімденген саздақты тегіс орташа қарашірікті топырақта өсетін әр түрлі
шөптесінділер бар. Жер бедері нашар тілімденген саздақты тегіс жазықтағы
шалғынды қара топыраққа өсетін дәнді шөптесіндер өседі.Топырағының
ылғалы мол әрі құнарлы келеді. Жер түгелдей жыртылған.
Құмды және
құмайтты жазықтарда сұр түсті топырақ қалыптасып, оған қайыңды орман
өскен. Астында ащы саз балшықты қабаты бар саздақты жонда сортаңданған
сұр түсті сортаң топырақ қалыптасып, онда қайыңды – көктеректі орман
шоқтары өседі. Ащы және карбонатты саз балшықты табаны тегіс ойпаң
жерлерде сортаңды, сортаңданған және карбонатты
шалғынды қара топырақ
қалыптасып, оған әр түрлі шөптесінділерден тұратын шалғындар орналасқан.
Интразоналы жағдайда шалғынды дала сортаңы қалыптасып, оларға галофитті
шалғындар тараған. Өзен жайылмасының шалғынды топыоағына биік өсетін
шалғынды шөптесіндермен бірге батпақтанған шымтезекті топырағына өлең
шөпті қамыс өскен. Сондай – ақ гидроморфты көлшіктер де кездеседі.
Типті емес орманды дала зонасы. Ол Батыс Сібір жазығының оңтүстік
бөлігі тегіс. Бұл желдің климаты орманды далаға ұқсайды, ылғалдану
коэффициенті төмен. Мұнда саздақты жыныстан түзілген көлтабанды –
аллювийлі, деллювийлі, пролювийлі және денудациялық
жолмен пайда болған
жонды жазықтар бар.Оңтүстікке қарай қара топырақта дәнді шөптесінді
шалғындар және әр түрлі шөптесінді – қызыл бозды дала өсімдіктері тараған.
Сазбалшықтан түзілген тегіс көлтабанды ойпаңның сұр түсті топырағы мен
сортаң топырағына көктеректі қайың мен тал ағаштарының орман шоқтары
өскен. Ландшафт кешендерінде шалғынды – далалы және далалы сортаң,
шалғынды сор, өлең шөпті қамыс өскен батпақтар, кішігірім өзекше көлшіктер
жиі
кездеседі.Өзен
жайылмасының
шалғынды
және
шалғынды
сор
топырақтарына әр түрлі шөптесінді – дәнді шөптесін өскен шалғындар
дамыған.
Ландшафтының басқа типтерімен салыстырғанда, орманды далада
жануарлар дүниесі жақсы сақталған. Көбіне орманды фауна басым. Мұнда дала
тышқандары, ақ қоян, түлкі қасқыр көп кездеседі. Үкі, қаршыға, бұлдырық,
ителгі, ұзақ, қарға сияқты құстар тіршілік етеді.
Бұлан мен жабайы шошқа да
мекен жай тапқан.
Орманды даланың 50 – 55 проценті егіске жарамды.жайылым мен
шабындық та баршылық. Мал шаруашылығы етті – сүтті мал өсіруге
бағытталған.
26
Достарыңызбен бөлісу: