Microsoft Word Лекциялар жинағы Физик doc


Ньютонның бірінші заңы: кез келгген дене оған басқа денелер әсер



бет7/42
Дата17.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#50806
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
Дәріс Физика пәні

Ньютонның бірінші заңы: кез келгген дене оған басқа денелер әсер етіп оны осы күйден шығарғанша өзінің алғашқы салыстырмалы тыныштығын немесе түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтап қалады.

Дененің оған басқа денелерден әсері жоқ кезінде тыныштық қалпын немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау қасиеті инерция деп аталады. Сондықтан Ньютонның бірінші заңы инерция заңы деп те аталады.
Механикалық қозғалыс салыстырмалы, оның сипаттамасы санақ жүйесіне тәуелді. Ньютонның бірінші заңы барлық санақ жүйелерінде орындалмайды, ал ол орындалатын жүйелер инерциалық санақ жүйелері деп аталады. Инерциялық санақ жүйесі ретінде басқа инерциялық жүйеге қатысты тыныштықта, немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалатын жүйе саналады.
Өте жоғары дәрежелі дәлдікпен гелиоцентрлік (жұлдызды) санақ жүйесін инерциялық деп санауға болады (координаталар басы Күн центрінде орналасады, ал өстер белгіленген жұлдыздар бағытында жүргізілген). Жермен байланысты санақ жүйесі инерциялы емес, бірақ инерциялы еместігімен байланысты эффектілер салыстырмалы аз (Жер өз өсінен айнала және Күнді айнала қозғалады), сондықтан көптеген есептеулерді шешу кезінде оны инерциялы деп санауға болады.



    1. Ньютонның екінші заңы. Күш және үдеу.

Әртүрлі денелерге бірдей күшпен әсер еткенде, олардың қозғалыс жылдамдықтары бірдей өзгермейтіндіктері тәжірбие жүзінде анықталған. Яғни, басқаша айтқанда, әртүрлі үдеу қабылдайды. Үдеу әсер шамасынан ғана емес, сол деннің қасиеттеріне де (оның массасына) тәуелді.




Күш деп бір дененің екінші денеге механикалық әсерін сипаттайтын және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шаманы айтады.

Ньютонның екінші заңы – динамиканың ілгерлемелі қозғалысының негізгі заңы – ол күш әсер еткен кездегі материялық нүктенің (дененің) механикалық қозғалысының өзгеруін қарастырады.


a k F
m
Бұл қатынас Ньютонның екінші заңын сипаттайды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет