Миелинсізденген және дегенеративті аурулар
141
Бас миының магнитті-резонансты томографиясында демиелинирлеуші ошақтар қандай ауруда анықталады?
іріңді менингитте
бүйірлік амиотрофиялық склерозда
инсультте
+шашыранды склерозда
бас миының ісігінде
142
Шашыранды склероз қандай патоморфологиялық белгілермен сипатталады?
+ демиелинизация
микрогеморрагия
майда артериялардың стенозы
периваскулярлы инфильтрация
дегенерация
143
Қай ауруларда демиелинизация ошақтары байқалады?
бүйірлік амиотрофиялық склерозда
іріңді менингитте
сирингобульбияда
+шашыранды склерозда
бас миының ісігінде
Миелинсізденген және дегенеративті аурулар
144
В есімді науқас, 42 жаста, объективті зерттеуде анықталды: Шарко триадасы, самай жартысындағы көру жүйкесінің емізікшесінің бозаруы, құрсақтық рефлекстердің жоғалуы. Клиникалық диагнозын атаңыз?
Шильдер энцефалиті
жедел шашыранды энцефаломиелит
Пик ауруы
+шашыранды склероз
Пьера Мари ауруы
145
Ер кісі 20 жаста. 18- жасында 3-5 күн бойы оңға қарағандағы көзінің екі еселенуі мазалаған. Бір жылдан кейін жүру кезінде теңселу, көбіне оң жағына, аяғындағы әлсіздік, кезеңдік зәршыңаруының тежелуі пайда болып, гормональды терапиядан кейін жойылған. Бір ай бұрын күйзелістен кейін қайтадан аяғындағы әлсіздікті және жүру кезіндегі теңселуді байқаған.
Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?
+Шашыранды склероз
Бүйірлі амиотрофиялық склероз
Жедел шашыранды энцефаломиелит
Сирингомиелия
Полиомиелит
146
30 жастағы әйел. Ауруы кенеттен бір жыл бұрын оң көзінің көргіштігінің төмендеуімен басталды. Соңғы айларда офтальмологта көру нервінің ретробульбарлы невриті бойынша ем алған. Көруі нашарлады. Жарты жыл өткеннен кейін көздегі екі еселену, аяғындағы әлсіздік, жүру кезіндегі теңселу, зәршығаруының қиындауы пайда болды. Объективті: ішкі ағзалар жағынан патологиялық өзгерістер анықталмады.
Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?
Бүйірлі амиотрофиялық склероз
+Шашыранды склероз
Бас миының ісігі
Гийена-Барре синдромы
Миодистрофия
147
Ер кісі 28 жаста. Екі қолымен де ыстық және суықты ажырата алмайтындығына, саусақтарының бұлшықеттерінің арықтауы, саусақтарымен майда нақты қимыл жасағандағы сенімсіздікке шағымданып қаралды.
Қарау кезінде оң жақты Клод Бернар— Горнер синдромы, екі жақтың сүйек аралық бұлшықеттерінің атрофиясы. Қолындағы сіңірлік және периостальды рефлекстері шақырылмайды. Тізе және ахиллов рефлекстері жоғары S—D. Табан клонустары. Екі жақты Бабинский синдромы. Екі қолында да ауру сезімі және температуралық сезімталдықтың қалуы байқалады. Тырнақ беттері қалыңдаған, көмескі, сынғыш, терісі құрғақ.
Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?
Нейросифилис
Шашыранды склероз
+Сирингомиелия
Гийена-Барре синдромы
Жедел миелит
148
45 жастағы ер кісі, қолының әлсіздігіне және жүдеуіне шағымданады. Бұл көріністер 6—8 ай бұрын пайда болып, біртіндеп үдей бастады.
Қарау кезінде: дисфагия, дисфоння, дизартрия, жұту және таңдай рефлекстері төмендеген, тілдің бұлшықеті гипотрофиясы, тілде фибриллярлы жыбырлаулар, жоғарғы әлсіз парапарез, әсіресе саусақтарда айқынырақ. Қол және аяқта сіңірлік рефлекстер жоғарылаған.
Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?
+Бүйірлі амиотрофиялық склероз
Сирингомиелия
Жедел шашыранды энцефаломиелит.
Паркинсон ауруы
Шашыранды склероз
149
Қабылдауда 44 жасар ер кісіде, неврологиялық қарау кезінде: екі жақты амавроз, төменгі спастикалық параплегия, орталық типті жамбас ағзаларының қызметінің бұзылысы анықталды.
Жүйке жүйесің қандай құрылымындарында өзгерістер айқын анықталады?
бас миы
+жұлында
неткі нервтерде
өрімде
ми қыртысында
Достарыңызбен бөлісу: |