Жұқпалы ауруларды микробиологиялық диагностикалау әдістері
Бактериоскопиялық Зерттелетін заттағы микробтарды анықтау:
1.жағынды дайындау
2.Граммен бояу
3.микроскопиялау
Бактериологиялық - зерттелетін заттан инфекциялық қоздырғышты бөліп алу:
1. таза дақылды бөліп алу
2.идентификациялау:морфологиялық (микроскопия) , дақылдық, биохимиялық және серологиялық қасиеттері бойынша (серологиялық реакциялар).
Серологиялық - серодиагностика Серодиагностика -аурудың қан сары суындағы антиденелерді серологиялық реакциялардың көмегімен анықтау .
Кейдеантиденелердің аз мөлшерінің болуының өзі аурудың бар екендігін көрсетеді. Диагностикалық титр деп –диангостикаға қажетті антиденелердің ең аз мөлшері.
Биологиялық лабораториялық жануарларды зақымдау.
Зақымдаудың мақсаты:таза дақылды бөліп алу ( микробтардың бар екендігін негіздеу және идентификация жүргізу), вируленттілікті анықтау. Егер дақылды лаб.әдіспен бөліп алу қиын болса,осы әдіс қолданылады.
Аллергиялық - микробтық аллергияны анықтау (баяу жүретін гиперсезімталдылық типі) сәйкес келетін аллергенмен тері ішілік байқау жүргізуді қою арқылы.
Мысалы: Мантубайқауы- туберкулезді диагностикалау үшін.
Менингококктар: морфология, физиология, аурудың төзімділігі. зерттелетін материал, оны жинау әдістері, зертханалық диагностика әдістері
Менингококктар Neisseria тұқымы адамға патогенді 2 түрлі микробтан тұрады:
N.meningitides
N.gonorrhoeae
Менингококкты 1887 жылы Вексельбум жұлынның сұйықтығынан анықтаған.
АМорфология. Менингококктар – жұп кокктар, көлемі 0,6-0,8*1,2 – 1,5 мкм. Менингококктар қозғалмайды, спора түзбейді, капсуласы бар. Грам теріс (-). Таза өсімде төрт – төрттен немесе бөлектеніп әртүрлі орналасады, ал жұлыннан жасалған жағандыда жұпталып орналасады. Ал іріңде лейкоциттің ішінде орналасады.
Культивирлеу. Менингококктар анаэробтар. Қоректік ортада талғампаз, белогі бар ортада ғана өседі (қан, қансарысу) 36-37 градус температурада рН – 7,4 – 7,6 ортада өседі. Олардың көбеюі үшін қоректік орта ылғалды және көп мөлшерде көмірқышқылы болу керек. Қатты қоректік ортада менингококктар д – 2-3 мм нәзік, жартылай мөлдір, көгілдір колониялар құрайды. Қансарысу сорпада менингококктар лайлы және тұнба береді. Жаңадан бөлінген штаммалар S – формалы. Көне өсімдерде бұдырлы R – формаға айналады.
Ферментативті қасиеті. Менингококктардің биохимиялық белсенділігі аз. Глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Белокыдырату қасиеті білінбейді: сүтті ұйытпайды, желатинді ерітпейді.
Патогенділігі. Гиалуронидаза және нейраминидаза ферментін бөледі.
Токсин түзуі. Клетка бұзылғанда эндотоксин бөлінеді, ал ауруды қанынан және жұлын сұйықтығынан анықталады. Аурудың ауырлығы бөлінген токсиннің мөлшеріне байланысты.
Антигендік құрылымы. Полисахаридтік антигенге байланысты менингококктар келесі топторға бөлінеді: А, В, С, D, X, Ү, U-135, 29 Е. Халықаралық классификация бойынша негізгі топтары А, В, С. А - тобы эпидемиялық маңызы зор дерттің бүкіл денеге тарайтын түрін тудырады.
В және С - топтары қайталанып тұратын аурулар туғызады. Қалған топтар аз зерттелген.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Менингококктар тұрақты емес, 70 градус температура оларды 2-3 минуттан кейін өлтіреді. Олар температураға сезімтал, басқа кокктарға қарағанда төменіі температураға төзімді. Дезинфекциялаушы ерітінділер оларды тез жояды.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Табиғи жағдайда жануарлар менингококктерге сезімтал емес. Маймылдарға менингококктарді субдуральды енгізгенде ауру пайда болады. Қарын арқылы жұқтырғанда ақ тышқандар мен теңіз тышқандары эндотоксиннің әсерінен бірден өледі.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Негізгі жолы ауа түйіршіктері.
Адамдардағы ауру: 1. назофарингит, 2. менингококкцемия, 3. эпидемиялық менингит
Патогенез. Менингококктар мұрын, жұтқыншақ кілегей қабатына еніп, тасымалдаушы немесе жедел назофарингит тудырады. Егер лимфа жэне қан тамырларына түсіп бүкіл денеге таралатын болса, эндотоксиннің әсерінен бүкіл паренхиматозды органдарды өзгеріске ұшыратады. Менингококцемия пайда болады. Менингококктар ми қабаттарына енгенде ірінді қабыну менингит тудырады. Менингококкты менингитте жұлын сұйықтығы лайлы, мөлдір емес, жұлын пункциясында сұйықтық жоғары қысыммен ағады. Менингиттің белгісі бас ауру, құсу, т.б.
Менингитпен көбінесе балалар ауырады. Ересек адамдарда тасымалдаушы немесе назофарингит болады.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет белсенді.
Алдын - алу шаралары. Тасымалдаушыларды уақытында анықтау, назофарингитпен ауырғандарды оқшаулау. Ауруларды емханада емдеу.
Арнайы алдын - алу шаралары. А және С топтарынан химиялық жолмен алынған вакциналар, иммуноглобулиндер.
Емі: антибиотиктер - пенициллин, левомицетин, ампициллин.
Микробиологиялық зерттеулер.
Зерттеу мақсаты: Менингококкты табу және оның серологиялық тобын анықтау.
Зерттеу материалы: 1. Жұлын сұйықтығы; 2. Мұрын - жүтқыншақ кілегейі; 3.қан;
Материалды алу әдістері.
1. Жұлын сұйықтығы - жұлын каналынан асептиканы сақтып, стерильді инемен 2 - 5 мл сүйықтық алады, оны тез лабораторияға жеткізу керек.
2. Мұрын - жүтқыншақ кілегейі - стерильді мақта тампонымен жұтқыншақтан алады.
3. Қан - тамырдан 5 - 10 мл қанды алып 0,1 % глюкозасы бар сорпа флаконына құяды.
Негізгі зерттеу әдістері: 1. Микроскопиялық; 2. Микробиологиялық; 3. Серологиялық.