А- вибриондар Б- спириллалар
В- спирохета
Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар — үтір тәріздес, екіншісі — спириллалар — бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығында орналасады.
Вибриондар (лат. Vibrio-бактерия) - бактерия туысы - грам-теріс, үтір немесе майысқан таяқша пішінді. Көбінесе қозғалғыш жасушалар - полярлық хемо-органотрофтық факультативтік анаэроб - тоғандар да - жерде ішкі құрылыста тіршілік етеді. Патогенді түрлері адамда тырысқақ ауруын тудырады.
Спирилла (сингулярлы - Spirillum) - бұл диаметрі 1,4 - 1,7 мкм және ұзындығы 60 мкм болатын спираль тәрізді бактериялар. Спириллалар грам-теріс, химиорганотрофты бактериялар. Спирилла тұщы суларда болады және олар судың ластануының биологиялық көрсеткіштері ретінде де қызмет ете алады. Бұл спираль тәрізді пішінді бактериялардың қатаң жасуша қабырғалары құрылымы бар.
Спирохеттер - бұл икемді жасуша қабырғалары бар және қозғалғыштығы үшін осьтік филаменттері бар спираль тәрізді бактериялар. Спирилла мен Спирохет арасындағы негізгі айырмашылық олардың қозғалғыштық үшін қолданылатын әр түрлі құрылымдарына негізделген. Спирилла полярлық флагеллаға ие, ал спирохеттер локомотивті қажет ететін осьтік жіптерге ие.
Билет 9
Микроорганизмдер жасушаларының жалпы морфологиялық белгілерін атап көрсетіңіз және оларға түсініктеме беріңіз.
Жалпы бактерия клеткаларының қабықша құрамы мен жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларының қабықшасын салыстырғанда айырмашылық бар. Өсімдік клеткасының қабықшасы азотсыз қант – текті полисахаридтерден және май текті – липидтерден тұрады.
Ядро.Бактерия клеталарында ядроның болуы жөнінде толып жатқан пікір- лер бар. Бактериялардың кейбір түрлерінде ядро заттары (хроматин) цитоп- лазмада ұсақ дәндер күйінде шашырап жатады.
Ядроның химиялық құрамы өте күрделі. Оның басты бөлігі – дезоксин укле- опротеидтер. Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады.
Микроорганизмдер – көбінесе бір клеткалы,өте ұсақ,жай көзге көрінбейтін тірі организмдер.Олар миллиметрдің мыңнан бір бөлігі – микронмен өлшене- ді.
Өздерінің сыртқы түріне, тіршілік ету жағдайларына қарай микроорганизм- дерді мынадай топтарға бөледі: бактриялар, мисаңырауқұлақтар,актиномицеттер,балдырлар,қарапайымдар және ультрамикробтар.Әр топтағы микроорганизмдер өздерінің белгілі бір қасиеттері мен атқаратын қызметіне қарай өз алдына бұдан да кішірек тармақтарға бөлінеді. Бұлардың әр қайсы- сына жеке – жеке тоқталамыз.
Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәріз- ділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар,бацилдар және спираль тә- різділер – вибриондар, спириллалар. Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе,екі – екіден қосақталған түрлері – диплококкалар,өз- ара тіркескен, моншақ тәрізделгендері – стрептококкалар, төрт – төрттен тір- кескендері – тетракоккалар,сегіз – сегізден текшеленгендері – сарциналар делінеді.Ал олардың стафилакоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәр- ізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.
Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді,олардың бірі вибриондар- үтір тәріздес, екіншісі – спириллалар – бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохетабактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығында орналасады.
Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткаларының диаметрі 1-2микронға тең (микрон – миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Жұмыр клеткалары бактер- иялардың ұзындығы 1-4 микронға ені 0,5-1 микронға дейін барады. Сондық- тан дасудың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездесе- ді. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік.