1.Микрококк 2.стрептококк 3.сарцина 4.спорасыз таяқшалар 5.бациллалар 6.вибриондар 7.спирохеталар 8.спириллалар 9.стафилококкалар Дөңгелек пішінді микробтар (коккалар) сыртқы түріне қарағанда шардың пішінін еске түсіреді. Олардың сопакша, бұршак. ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты мен жасушалардың орналасуына сәйкес коккалар мик- рококкаларға, диплококкаларға, тет- ракоккаларға, стафилококкаларға, стрептококкаларға және сарциналар- ға бөлінеді
Микрококкалар (грекше мicros - кішкене) - зиянсыз, сапрофитті микробтар. Олар бөлінген соң бір-бірі- мен қосылмай, жеке-дара орналасады.
Диплококкалар (diplos - қос) - қосарланып, ал стрептококкалар (грекше streptos - тізбек) - бір-бірімен моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады.
Тетракоккалар (грекше tetra -- төрт) - бір-бірімен перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан тұрады.
Сар- циналар (латынша sarcio - байланыстыру) - өзара перпендикулярлы үш жазықтықта бөлініп, сыртқы пішіні кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп жасушалар тобы ретінде кездеседі.
Стафилококкалар (грекше staphyle - жүзім шоғыры) - жасушалар әр түрлі жазықтықта ретсіз бөліну салдарынан жүзім шоғыры тәрізді болып келеді.
Таяқша немесе цилиндр тәріздесмикроорганизмдердің пішіндері, ұзындығы мен жуандығы әр түрлі болады. Олардың пішіндері таяқша, сопақ, цилиндр тәрізді болуы мүмкін. Таяқшалардың ұшы жұмыр немесе үшкір болып келеді.
Таяқша тәріздес микробтар бактерияларға, бациллаларға және клос- тридияларга бөлінеді. Бактериялар-таяқша тәрізді, спора түзгіштік қабілеттері жоқ микроорганизмдер.
Бациллалар мен клостридиялар спора түзеді. Бациллалардың спораларының көлемі жасуша енінен аспайды, ал клостридияларда бұл құрылымның диаметрі вегетативті жасушасының енінен үлкен болып, оған ұршықтың, теннис ракеткасының, барабан таяқшасының пішінін береді.
Клос- тридиялар анаэробты микроорганизмдер қатарына жатады. Олардың арасында азот сіңіруші, анаэробты инфекциялардың қоздырғыштары және басқалары кездеседі. Кейбір микробтардың ұзындығы олардың енінен сәл ғана үлкен болып, пішіні жағынан коккаларға ұқсас болып келеді. Мұндай микробтарды кокко- бактериялар деп атайды. Бактериялар мен бациллалардың пішіні мен мөлшері әртүрлі, таяқшаларының ұштары дөңгеленген, тік немесе көлбеу кесілген болып келеді де, жазықтықта орналасуына қарай мо- нобактерияларға (жеке-жеке), дипло- бактериялар мен диплобациллаларға (кос-қостан) немесе стрептобакте- риялар мен стрептобациллаларға (тізбектеліп) ажыратылады