трофикалық деңгейлер Олар экожүйе ішіндегі қоректік заттар мен энергия ағынында бірдей позицияға ие организмдердің - немесе организмдердің түрлерінің жиынтығы. Әдетте, негізгі үш трофикалық деңгей бар: біріншілік өндірушілер, екінші ретті өндірушілер және ыдыратушылар.
Үшінші трофикалық деңгей: ыдыратқыштар.
Ыдыратқыштардың негізгі қызметі - органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыру, сөйтіп экожүйелер ішіндегі заттар циклін жабу. Осылайша, көкөністерде жоюға арналған заттар бар. Бұл маңызды соңғы жұмысты жүргізуге жауаптылар бактериялар мен саңырауқұлақтар.
Ыдыратқыштардың көпшілігі микроскопиялық агенттер, оларды біз жай көзбен көре алмаймыз. Алайда оның маңыздылығы оның мөлшерінен асып түседі, өйткені егер біз планетадағы барлық ыдыратқыштарды жойсақ, жаңа органикалық заттардың түзілуіне арналған ингредиенттер тапшылығынан жер бетіндегі тіршілік тоқтайтын еді.
3. Препарат дайындау үшін микробтық дақыл алу техникасының алгоритмін жасаңыз.
Билет 11 1.Вирустар туралы түсінігіңізді сипаттаңыз, олардың жасушалылардан айырмашылыңын көрсетіп, қорытынды жасаңыз. Вирусология ғылымы Вирусология биология ғылымдарының негізгі бір бөлігі. Вирусология ғылымының дамуына бактерия, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің вирустарын зерттеу көп әсер етті.19 ғасырдың аяғында кейбір жұқпалы аурулардың қоздырушылары микроорганизмдер екені белгілі болды, ал тіпті қайсібір аурулардың қоздырушылары микробтар да емес екені анықталды. Сонда ол аурулардың қоздырушылары не?- деген сұраққа ғалымдар жауап іздеді. 1892ж. Темекі өсімдігінің ауруын таратушылары өте ұсақ агент екені белгілі болды, одан кейінірек 1898ж. Неміс ғалымдары Фрош және Леффлер ірі қараның аусыл ауруын таратушы агенттің бактерияны ұстайтын сүзгіден өтіп кететінін дәлелдеді.1915ж. Туорт, 1917ж. Д Эррель бактерияларды да ауыртатын өте ұсақ агенттер бар екенін дәлелдеп, оларды бактериофаг деп атады. «Вирус»деген сөз латын тіліндегі «у» деген ұғымнан алынған. Вирустар адамдардың, жануарлар дүниесінің, өсімдіктердің ауруын таратады. Вирустар өте кең тараған. Олар аса қауіпті, дүниедегі барлық дерлік тірі жанның жауы.Вирустарды ең алғаш рет 1892жылы Д.И. Ивановский ашты. Ол өзінің студент кезінде Украина мен Беларуссия жерінде темекі өсімдіктерінің ауруын зерттеумен шұғылданды. Себебі ол аурудың зардабы өте үлкен шығын әкелетін. Д.И. Ивановский ауруға ұшыраған темекі өсімдігінің жапырақтарын ұнтақтап, оның сөлін сау жапырақтарға жаққан кезде, сау жапырақтар да ауруға ұщырады. Осы ауру жапырақтардың сөлін сүзгіден өткізіп, ауру қоздыратын нәрсенің бактериядан ұсақ екенін дәлелдеді. Ең негізгісі - осы сөлдің ауру қоздыратын қасиеті анықталды. Р.Кох пен Л.Пастердің аттары микробиология үшін қаншалықты зор болса, Д.И. Ивановскийдің аты вирусология үшін сонша зор болып есептеледі. Д.И. Ивановский бұл вирусты микроскоп арқылы көруге болмайтынын және жасанды қоректік орталарда өспейтінін мәлімдеді. Вирус дегеніміз клеткасы жоқ, өзіне тән геномы бар және жоғары сатыдағы организм клеткаларының ішінде ғана тіршілік етіп, көбейе алатын арамтамақтар. Вирустардың тек клеткада ғана өсетін, көбейетін себебі - олардың құрамы өте қарапайым - нуклеин қышқылы, белок, қант және май, кейбіреуінде ғана ферменттер болады. Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады, яғни рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер энергия тудыратын жүйелер.