Микробиология тарихында Рим профессоры


Вирустардың басқа организмдерден айырмашылығы



бет15/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
микро

Вирустардың басқа организмдерден айырмашылығы Вирустар дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрамына сәйкес әртүрлі болады.
Мorphe - грек тілінен алынған пішін, бейне, түрі деген сөз. Вирустардың мынадай түрлері бар:
1. Икосаэдралық (икосаэдр - 20 қырлы көпбұрыш), немесе куб сияқты.Мал мен адамның жұқпалы ауруын тарататын вирустардың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады (олар - реовирустар, пикорнавирустар, аденовирустар т.б.)
2. Вирустардың таяқша немесе цилиндр тәрізді түрлері (оларға, өсімдік вирустары жатады).
3. Сферикалық немесе дөңгелек, шар тәрізді түрлері (оларға ортомиксовирустар, ретровирустар т.б. жатады. )
4. Сперматозоидқа ұқсас түрлері - олар бактериофагтар – бактериялардың вирустары.
5. Жіп тәрізді оралған түрлері кейбір бактериофагтарда.
6. Сопақша түрлері кейбір өсімдіктер вирустарында кездеседі.
Вирустардың мөлшеріде әр түрлі болады. Соған байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
1.Өте ұсақ вирустар: олардың мөлшері 20 - 30 нм (правовирустар, пикорнавирустар.).
2.Үлкендігі орташа вирустар: мөлшері 50 - 150 нм (тогавирустар, ортомиксовирустар, ретровирустар, аденовирустар).
3.Ірі вирустар: олардың мөлшері майда бактерияларға жетіп қалады (поксвирустар - 200 - 350 нм).
Жануарлар вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай, қарапайым (қабықшасыз) немесе күрделі (қабықшалы) болып екіге бөлінеді.
Жай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылы мен белок қана болады, ал күрделі вирустардың қосымша қабықшалары бар. Қабықшаның құрамында көмірсулар, липидтер, белоктар болады. Вирустардың қандай түрі болмасын (жай немесе күрделі), олардың генетикалық материалы вирустың тек ортасында ғана болады, ол жерді "нуклеоид" деп атайды. Жоғарыда айтылғандай вирустардың клеткалардан ерекшелігі - вирустарда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана болады: РНҚ немесе ДНҚ. Нуклеин қышқылы сыртынан қабықпен қоршалған, ид" ол қабат "капсид" (латын тілінің capsa - қап, тыс деген сөзінен алынған) деп аталады. Капсид ақзаттан тұрады. Нуклеин қышқылын сол тысқы қабатымен қосып "Нуклеокапсид" деп атайды. Жай вирустарда д""нуклеокапсид""вирион" деген ұғыммен бірдей. Капсидтің өзі капсомерден тұрады. Капсомердің вирустар саны мен орналасу ерекшеліктері әр түрлі. Соған сәйкес вирустар бірнеше топқа бөлінеді. Ал капсомердің өзі белгілі бір құрылымдардан тұрады, оны "құрылымды бөліктер" деп атайды. Олар белоктың химиялық жетілген бір бөлігі. Құрылымды бөліктер "белокты суббөліктерден" тұрады. Полипептид тізбегі аминқышқылдарынан тұрады да түрліше болады. Демек, капсомер дегеніміз белокәр түрлі вирустарда суббөліктерінен тұратын үлкен агрегат.
Мысалы: капсид -> капсомер -> құрылымды бөлік - белок суббөлік->полипептид тізбегі -> аминқышқылы.
Күрделі вирустардың құрамында нуклеокапсидке қоса липопротеидтен тұратын сыртқы қабықша және бар. Оны "суперкапсид" немесе "пеплос" (гректің рeplos - жапқыш, жамылғыш деген сөзінен деп айтады. Кейбір вирустардың суперкапсидінің сыртқы жағында шығып тұратын өскіндері, бүрлері - "пепломерлері" бар. Күрделі вирустардың нуклеокапсиді вирионның ортасында орналасады. Сондықтан да оны "жүрекше" деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет