Микробиология тарихында Рим профессоры



бет3/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
микро

Санитарлық микробиология су,ауа және топырақтағы микроорганизм- дердің таралуын,ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көмегімен
аурудың таралу жолдарын зерттеп,ақыр аяғында табиғаттағы адам пайда- ланатын обектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді.
Медициналық микробиология адамда ауру қоздыратын микрооргани- змдерді,олардың организммен қарым – қатынасын зерттейді,жұқпалы ауру- ларды емдеу олардан алдын ала сақтандырудың лабораториялық диагнос- тикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.
Эпидемиология адам мен жануарларда кездесетін әр түрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралу жолдарын және олардың шығу себептерін ан- ықтайды және олармен күрес шараларын белгілейді.
Мал дәрігерлік микробиология малдарда болатын жұқпалы аурулар- ды қоздырушы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күрес шараларын анықтайды.
Вирусология- өсімдіктерде,жануарларда,адамда және бак- терияларда даму заңдылықтарын зерттейді,вирустық ауруларды табудың әдістері мен жолдарын,емдеу,алдын ала сақтандыру жағдайларын қарастырады.
Қазіргі кезде микробиология ғылымы басқа да салаларымен тығыз байланыста,олардың әдіс – тәсілдер және басқа да жетістіктері микробио- логияда кеңінен қолданылады.
2.Микроорганизмдерді жүйелеу принциптерін және таксономияның ережелерін түсіндіріңіз
Көптеген микроорганизмдер ұқсастықтар, айырмашылықтарына, өзара қарым- қатынастарына байланысты белгілі тәртіппен қатаң жүйеленген. Мұнымен микроорганизмдердің жүйелігі деп аталатын арнайы ғылым айналысады. Жіктелу принципін зерттейтін жүйелік бөлім тасаномия деп аталады.Таксон- сол несе басқа таксаномиялық категорияның ішінде белгілі біртекті қасиеттері бойынша біріктірілетін организмдер топтары.Ең үлкен таксаномиялық категория патшалық, одан кішілері- патшалық асты, бөлім, классі рет, тұқымдас, туыс, түр, түр асты деп аталады. Микроорганизмдердің атының түзілуі Халықаралық номенклатура кодексмен белгіленеді.Микроорганизмдердің таксономия негізгі олардың морфологиялық, физиологиялық,биохимиялық, молекулярлы- биологиялық қасиеттері жатады.
Негізгі таксономиялық категориялардың бірі түр болып табылады.Түр дегеніміз ұқсас қасиеттермен бірігетін , бірақ басқа туыс өкілдерінен ажыратылатын даралар жиынтығы.Таза дақыл дегеніміз ұқсас марфологиялық, тинкториальды, дақылдық , биохимиялық және антигендік қасиеттерімен сипатталатын , қоректік ортада бөлінген біртекті микроорганизмдер жиынтығы.

3. "Жаншылған тамшы"әдісімен тірі бактериялық препараттар дайындау техникасының алгоритмін жасаңыз.


Микроорганизмдердің клеткаларын тірілей зерттеу үшін жаншылған және аспа тамшылар әдісін қолданады. Осы екі жағдайда да микробтарды тірілей бояуға мүмкіндік бар.
Жаншылған тамшы әдісі. Таза заттық әйнек бетінде құбыр суының бір тамшысын тамызады. Бұған ілмешекпен микроб культурасын салып, араластырады да жабын әйнегімен ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп жабады. Шыны таяқшамен жабын әйнекті заттық әйнекке ептеп жаншы қысады. Әйнек шетінен шыққан артық суды сүзгіш қағазбен сорғызып алады. Егер де иммерсиялы объективпен қараса жабын әйнек бетіне самырсын майын тамызады. Бұл әдіспен бактериялар қозғалысын және ірі – зең саңырауқұлақтары ашықтылар сияқты объектілері сияқты объектілерді қараған қолайлы. Сонымен, бұл әдістің клетка ішіндегі қор заттарын қарағанда да көп көмеге бар. Осындай әдіспен микробтарды тірілей зерттегенде концентрациясы 0,001 ден 0,0001% дейін болатын метил көгі және бейтарап қызыл бояуларды қолдану керек.

Билет 2


  1. Микробиологияның Қазақстанда даму тарихын сипаттаңыз және микробиология ғылымының негізін қалаушы ғалымдарын көрсетіңіз.

ҚазақстандаМикробиологияныңдамуымедициналықжәневетеринарлықмикробиологияданбасталды. Өткенғасырдың 20-жылдарындаҚазақэпидемиология, микробиологияжәнегигиенаинституты (қазіргіҚРДенсаулықсақтауминистірлігініңГигиенажәнеэпидемиологияғылыми-зерттеуорталығы) менАлматызооветеринарлықинституты (қазіргіҚазҰАУ) ашылды. БұлмекемелердеҚазақстандакеңтаралғанзооноздыинфекциялардықоздыратын, малішегіндегіпайдалыбактериялардың, уробактериялардыңбиологиясыегжей-тегжейлізерттелді. (М.М. Ременцова, П.А. Матвиенко, И.В. Сайкович, Т.М. Иванова). 1931 ж. Алматымемлекеттікмедицинаинститутында (қазіргіҚазҰМУ) микробиологиякафедрасыашылып, медициналықмикробиологиядамибастады. БұғанЕ.Н. Демиховский, К.А. Макиров, А.А. Котоваүлкенүлесқосты. 1950 жылдарданбастапҚазақстанҰлттықҒылымАкадемиясыныңМикробиологияжәневирусологияинститутыіріғылымиорталыққаайналып, осысаладағығылыми-зерттеужұмыстарынүйлестіріпотырады. Топырақ, сумикробиологиясы, микроорганизмдерселекциясыменгенетикасы, микроорганизмдерфизиологиясымәселелерішешімінтабуда (Д.Л. Шамис, Х.Жұматов, А.Н. Илялетдинов, Д.Н. Новогрудский). ҚазірҚазақстанныңмикробиологғалымдарысүттағамдарындайындауға, нанпісіругежәнеөсімдіксүрлеугеқажеттібиотехнологиялықмаңызыбарзаттардытүзетін, мұнайкөмірсутектеріныдырататынмикроорганизмдердізерттеужұмыстарыменшұғылдануда. Осыжұмыстардыңнәтижесіндежаңаантибиотиктердіанықтаушөпсүрлеуге, өсімдіктердіаурудансақтауғаарналғанпрепараттардыалу, нан, қымыз, шұбаташытуүшінұйытқылардыжасау, әртүрлітопырақтүрлеріндегі, суқоймаларындағы (Арал, Каспийтеңіздері, ҚапшағайменБұқтырмасубөгендері) микроорганизмдердіңтаралузаңдылықтарыменмикробиологиялықпроцестердіанықтау, металдардышаймалауменбайытуүшінмикроорганизмдердіпайдаланусияқтыжетістіктергеқолжетті. МикробиологиялықзерттеулерменМикробиологияжәневирусологияинституты, Ботаникажәнефитоинтродукция, Топырақтану, ҚазҰУ, ҚазҰАУ, т.б. мекемелершұғылданады. МикробиологияғылымыныңдамуындаүлкенөтеүлесқосқанотандықғалымдардыңбіріШығаеваМаяХажетдинқызы. Негізгіғылымиеңбектеріжалпымикробиологиямәселелерінеарналған. Қазақстандамикробиологиялықзерттеулердіңжаңабағыты – микроорганизмдерді антибиотик, мал азықтық препараттар алуда, сондай-ақ нан пісіру және сүт өнеркәсіптерінде пайдалану мәселелерімен; микроорганизмдердің селекциясы мен генетикалық өзгергіштігін және ұлттық сусындардың (қымыз, шұбат) микрофлорасын зерттеумен; жаңа микроб өнімдерін (полисахарид, жоғарғы беттік-белсенді заттар) алумен; мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациялық технологиясын жасаумен және олардың табиғи және техногенді экожүйелердегі жағдайын бақылаумен шұғылданды. 46 автомобильді куәлік пен патенттің иегері. Шығаеваның жетекшілігімен 7 докторы және 41 кандидаттық диссертация қорғалды. 330-дан аса ғылыми еңбектері мен 10 монографиясы жарық көрді. “Халықтар достығы”, “Парасат” ордендерімен марапатталған. Бүгінде ғалым Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультетінің құрметті кафедра меңгерушісі болып қызмет жасауда.
2. Эпидемия және пандемия ұғымдарын түсіндіріңіз, олардың адамзат тарихында кездесуі туралы әңгімелеңіз.
Күні кеше Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV жұқпалы ауруының таралуына байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. Желтоқсан айынан бері коронавирустан 361 адам көз жұмған. Өлім санының артуынан адамдар эпидемия мен пандемияны шатастырып айтып жүр.
Эпидемия дегеніміз не? 
Қала, аймақнемемлекеткетән. Бұлкездежұқпалыауружұққанадамдардыңсаныболжанғанкөрсеткіштенартыпкетеді. Егерауруөзгемемлекеттергеойысса, бұлпандемияғаайналады
Пандемия - гректің "пандемос" деген сөзінен шыққан. Қазақша мағынасы "барлық адамға тиесілі" дегенді білдіреді. Пандемия — аурудың жаһандық ауқымда таралуы. Көбіне бұған адамнан адамға оңай жұғатын вирус түрі не жаңа штамм себеп болады. Вирустың жаңа штамы мутациялауға ұшырағанда ол оңай пандемияға ұласуы мүмкін. Маусымдық аурулар не эпидемия бұған дейін болған вирустардың түрінен шықса, пандемияда жаңа вирустар пайда болады. Оған қоса пандемия кезінде өлім саны да, пайыздық көрсеткіші де әлдеқайда жоғары. 

Әдеттепандемияөткенсоңадамағзасынаоғантосқауылболатыниммунитетпайдаболады. Оданкейінбірнешежылбойыхалықарасындаэпидемияболуымүмкін.


Адамзат тарихындағы зұлмат пандемия мен эпидемиялар:


Юстиниан обасы: б.з.д. 540 — 541 жылдар;


Қарашешек: 1346-1350 жылдар;


Тырысқақ: 1899-1923 жылдар;


Испан тұмауы (H1N1): 1918-1920 жылдар;


Тұмау (H2N2): 1957-1958 жылдар;


Гонконг тұмауы: 1968-1969 жылдар;


Құстұмауы (H1N1): 2009 жыл.


Бүгінгі таңда кейбір бактериялардың антибиотикке төзімді болып, жануардан адамға жұғатын вирустардың көбеюі басты проблема болып тұр. Соңғы уақытта жануардан жұғатын вирустар саны артып келеді. Оған мысал, Қытайдағы ауыр әрі өткір респираторлық синдром (SARS), Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS), эбола және қазір өршіп тұрған 2019-nCoV штамы.


Адамзат өркениеті дамыған тұста пандемия бұрынғымен салыстарғанда едәуір жылдам тарап, көп адамның өмірін жалмауы мүмкін. Өйткені әлем халықтарының бір-бірімен байланысы артып, бір қаладан не мемлеккеттен екінші елге жету тез бола түскен. Ауру ошағында үрейленген адамдар тез арада басқа жерге кетуге тырысып, вирустың жылдам таралуына себеп болады.

3. "Аспа тамшы" әдісімен тірі бактериялық препараттарды дайындау техникасының алгоритмін құрастырыңыз.


Аспа тамшы әдісі. Микроорганизмдер клеткаларын ұзақ уақыт бақылағанда аспа тамшы әдісін қолданады. Сұйық қоректік ортада өсірілген немесе осы мақсатқа арнап физиологиялық ерітінде дайындалған микробтар суспензиясын зарарсыздандырылған жабын әйнек аударып жабады. Сонда ойық бетінде тамшы асылып қалады. Жабын әйнек айналасын вазелинмен қымтап жауап тастайды.

Билет 3
1. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама беріңіз және олардың макроорганизмдерден айырмашылығын көрсетіңіз.


Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.
Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олардың клеткалары иллиметтердің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Микроорганикалық құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 100 есе үлкейтіп көрсететін арнаулы құрал – микроскоптар қолданылуда. Микроорганизмдердің ішкі құрылысын зерттеуге арналған, ол-ы 10000 есе, кейде жүз мың есе үлкейте алатын электронды микроскоптар да бар. Бұл микроскопта зерттеу үшін, клетканы алдын-ала түрлі бояу заттары флуорхромдармен бояйды. Мұндай боялған микроор- р тірі күйінде люминесценттік микроскопта сәуле шашып, жалтырап көрінеді де, зерттеу оңайлайды. Микроорганизмдер бір ортада топталып тіршілік етсе, онда колониялар түзеді. Кейде осы колонияның пішініне, сыртқы түріне, түсіне қарап, олмикроорганизмнің қай топқа жататынын анықтауға болады.
Микроорганизмдер сұйық қоректік ортада, мысалы ет сорпасында тіршілік ете қалса, онда оны майландырып, түсін өзгертіп жібереді. Микроорганизмның басым көпшілігін бір клеткалы организмдер деп аталады. Бірақ олардың ішінде, мәселен зең саңырауқұлақтары, жіпше бактериялар көп клеткалылар болып саналады.
Бактериялардың негізгі формалары. Сыртқы пішіміне қарай бактериялар үш топқа бөлінеді. Олар шар тәріздер, таяқша тәріздер және ирек формалар.
Шар тәрізделерді коккалар деп аталады. Коккалардың өзі өзара орналасқанына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Екі – екіден арпаласса – диплококкалар деп аталады.
Стрептококкалар – клеткалар өзара тіркескен моншақ тәрізділер.
Сарциналар – жүзімнің орналауы сияқты шоқ-шоқ болып орналасады.
Таяқша тәрізді формалар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшынан пішіміне, спораларыныңтүзілуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Спора түзетіндерін- бациллалар , ал түзбейтіндерін бактериялар да. Таяқша тәрізді бактериялар да орналасу тәртібіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Диплобациллалар және диблобактериялар – екі екіден
Стрептобактериялар – клеткалары моншақ тәрізді орн-н таяқ-а бак-р
Кейде пішіні шар тәрізді қысқа, жұмыр таяқша тәрізді бактерияларды кездестіруге болады. Ал спора, түзетін тізбектеле орналасқан бактериялар стрептобациллалар деп аталады. Иректеле орналасқан бактерияның ішінде ұзыны мен қысқасы ғана емес, ондағы ирек санына қарай да ажыратуға болады. Вибриондар үтір сияқты кішкене ирегі бар клеткалар, ал спириллалар бірнеше ирегі бар таяқша бактериялар. Спираль тәрізділерге спирохеталар ж/ды. Бұлар бактериялар мен қарапайымдылар арасынан орын алады. Өйткені олардың қасиеттері көрсетілгенформаларының екеуіне де тым ұқсас.
Бақтериялардың мөлшері . Көптеген шар тәрізді бактериялар клетканың диаметрі 1-2 микронға тең (бір микрон бір миллимертдің шыққан бір бөлігі). Жұмыр клеткалы түр-ң ұзындығы 1-4 микронға, ал ені 0,5-1 микронға дейін барады. Кейбір бакт. ,жіпше тәрізді күкірт бактерияның диаметрі 50 микронға жетеді.
Бактериялар қозғалысы. Бактериялар қозғалысы екі типі болады. Олар жүзіп және сырғанай қозғайды. Сырғанай қозғалатындарға микробактериялар мен күкірт бактериялар жатады. Олар негізінен толқын сияқты жиырылып клетка формасын өзгерте қозғалады.
Ал жүзіп қозғалатын бактерияларда ерекше жіпше тәрізді орган-жіпше болады. Бір жіпшесі бар бактерияны – монотрихтар, бірнеше жіпшесі болса клеткаларын түгел алып жатса – перитрихтар деп атайды. Ал жіпше клетканың екі ұшында ғана орналасса, онда оны амфитрихтар деп атайды.
Бактериялардағы жіпшелер саны олардың әр түрінде бірдей емес. Мәселен, спираллаларда жіпше 5-тен 30-ға дейін, вибриондарға бір немесе 2-32 жіпше клетканың бір шетінде орналасады. Жіпшелердің жуандығы 0,01-0,03 миллимикрон шамасында. Жіпшелен басқа , дәл соған тым уқсас бактерия клеткаларында бекініс органы – фимбриялар болады. Олар жіпшеден қысқа және жіңішке. Бірақ оның саны жіпшеден көп. Қозғалатын және қозғалмайтын бактериялар да кездеседі. Фимбриялар арқылы клеткалар басқа клеткаларға немесе субстраттарға бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет