Микробиология тарихында Рим профессоры


Ирек пішінді микроорганизмдерді



бет21/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
микро

Ирек пішінді микроорганизмдерді олардың ұзындығы, диаметрі және иірімдерінің санына байланысты анықтайды. Вибриондар - үтір тәріздес иілген, денесінде жалғыз жіпшесі болады. Спириллалар - 3-5 ipi шиыршықтары бар микроорганизм, олар жіпшелерінің көмегімен қозғалады. Спирохеталар - серіппе пішінді прокариотты микробтардың өкілдері. Олардың жасуша қа-қабырғасы мен сырткы мембрананың ортасында аксиалды микро- фибриллалар орналасқан. Олар ци- топлазмалық цилиндрді орай отыра жасушаның ұштарына бекітілген. Аталмыш жіпшелердің жиырылуы спирохеталардың қозғалуын туғызады. Өзінің құрылысына байланысты спирохеталар айналмалы,үдемелі және бұрылмалы қозғалыста болады. Олар бактериялар мен қарапайымдардың арасынан лрын алады (4-сурет).
Микобактериялар - таяқша тәріздес, тармақтала өсуге қабілеті бар микроорганизм (туберкулез, парату- беркулез қоздырғыштары). Корине- бактериялар – микобактерияларға ұқсас, бірақ бір ұшы жуан, цитоплазмасында түйіршігі бар микроб (дифтерия таяқшасы). Жіпше тәрізді бактериялар - көп жасушалы, жіпке ұқсас болып келеді. Миксобакте- риялар - пішіні таяқшаға немесе ұршыққа ұқсас келген микроб. Прос- текобактериялар - үш бұрышты немесе өзгеше пішінді, кейбір түрлері сәулелі симметриялы, шошайған өсінділері (простек) бар болып келеді. Олар бөліну немесе бүршіктену арқылы көбейеді. Пішіні үш бұрышты бактериялардың бір ұшында бүршік пайда болады да, аналық жасушаның көлеміне жеткеннен кейін бөлініп кетеді. Простекобактериялар әдетте жылжымайды, ал жылжымалылары айналмалы қозғалыста болады. Спора түзбейді, Грам тәсілімен боялмайды, картоп қосылған агарда, +28 °C температурада өседі.





Билет 13
1.Бактериофагтарды сипаттаңыз, олардың құрылымын вирустармен салыстырыңыз және олардың маңыздылығын бағалаңыз.
Бактериофагтар (гр. phago - «жалмаушы») - микроорганизмдердің паразиттері. Олар барлық прокариоттарды (бактерияларды, актиномицеттерді, микоплазмаларды), балдырларды және саңырауқұлактарды зақымдайды. Микроорганизмдер тіршілік ететін жерлерде кен таралған: топырақта, тұщы суда, лас ағынды суларда, адам мен жануарлардың ішектерінде.
Бактериофагтар иелерінің спектріне байланысты типтік, моновалентті, поливалентті деп бөлінеді. Типтік фагтар бактериялардың белгілі туысының тек бір ғана түршесін зақымдайды. Мұндай фагтарды «Т» әрпімен белгілейді. Оларды өзара әріпке цифрлар қосу арқылы ажыратады. Мысалы E.coli-дің типтік фагтары Т2, T4 (Т-жұпты) және Т1, T7 (Т-тақ) деп белгіленеді. Моновалентті фагтар бір туысқа жататын бактериялардың бәріне жұғады. Поливалентті фагтар бірнеше туыстас түрлерді зақымдайды.
Бактериофагтардың құрылысы мен құрамы. Жоғары сатылы организмдердің вирустары сияқты фагтарда екі альтернативті жағдайда болуы мүмкін: клеткадан тыс инертті және клетка ішінде белсенді.
Клеткадан тыс инертті фагтар геном мен оны қоршайтын капсидтен тұрады. Морфология бойынша бактериофагтар бес топқа бөлінеді
I-топ - жіпше ДНҚ-лы фагтар;
II-топ өсіндіге үйлесімді құрылымы (өсіндісінің аналогі) бар ұсақ фагтар (фу174 фаг);
III-топ - өсіндісі кысқа фагтар (Т3, Т7);
IV-топ ДНҚ-сы екі жіпті, өсіндісінің жабыны жиырылмайтын фагтар (T1, T5);
V-топ - өсіндісі жиырылатын жабындымен қапталған, базальді пластинамен аяқталған фагтар. Бесінші топқа жататын фагтар құрылысы жағынан күрделі болып саналады. Ондай фагтарда бірнеше құрамды бөлшектері бар:

  • Нуклеин қышқылы орналасатын басы;

  • Жағасы;

  • Өсінді, іші куыс өзек;

  • Өзекті қаптайтын жабынды;

  • Алты бұрышты базальді пластинка;

  • Тікенек пен жіпшелер.

Әр құрамдас бөлік әр түрлі функцияны атқарады. Басының капсиді нуклеин қышқылды қоршап, сыртқы әсерден қорғайды, базальді пластинка арқылы вирус клетка қабықшасына адсорбцияланады, тікенек пен жіпшелер арқылы клетка бетіне бекінеді. Өсіндінің (құйрықтың) жабындысы нуклеин қышқылы өтетін өзекті қоршайды. Өзектің жабындысы жиырылса, нуклеин қышқылдың клетка ішіне өтуі жеңілденеді.
Химиялық құрамы. Фагтардың ДНҚ-сы бір жіпті, екі жіпті не сақиналы болады. Кейбір фагтардың ДНҚ молекуласының шеттері жабысқақ болады, ал кейбіреулерінде молекуласының бір шетіндегі гендер екінші шетінде қайталанады. Шеттерінің қайталануының бір түрі - сақиналы премутация деп аталады. Оның ерекшелігі - жеке молекулалар әр түрлі гендерден басталады да нуклеотидтің жүйелері әр түрлі болады
Кейбір ДНҚ-лы фагтардың нуклеин қышқылдарының құрамында ерекше азот негіздері болады. Мысалы Т2 фагта цитозиннің орнына 5-оксиметилцитозин, ал B.subtilis-тің фагтарында тиминнің орнына 5-метилурацил болады. Бірқатар фагтардың өсіндісінің ұштарында ферменті болады. Т2 фагтың басында полиаминнен тұратын ішкі белок ашылған. Бұл белок ДНҚ-ны суперспираль түріне айналуына қатысады.
РНҚ-лы фагтардың РНҚ-сы әдетте бір жіпті, тек кейбіреулерінде, мысалы Pseudomonas бактерияларының G-фагтары екі жіпті болады.

Төзімталдығы. Фагтар адам вирустарына қарағанда физикалық және химиялық факторларға төзімді. Олар 750С-қа дейін қыздырғанға және мұздатуға шыдамды. Бактерияларға әсер ететін 0,5% сулема мен 1% фенол ерітінділері фагтарға зиянсыз. Сондықтан бұларды фагтарды бөліп алғанда бактериялардың өсуін тежеу немесе басу үшін пайдаланады. Фагтар антибиотиктерге, хлороформға, ферментті уларға тұрақты. Керісінше, ультракүлгін мен рентген сәулелеріне сезімтал.




Бактериофагтарды өсіру. Фагтарды сезімтал, оларға клетка иесі болып табылатын, өмір сүруге жағдай туғызатын бактерияларда өсіреді. Ол үшін клетка иесі болатын бактерияларды пробиркалардағы сұйық ортада немесе Петри табақшасындағы тығыз қоректік ортаның бетінде өсіреді (егеді). Әдетте бактериялар сұйық ортада суспензия түрінде өсіп, ортаны лайландырады. Ал Петри табақшасындағы тығыз ортаға бактерияны жайып сепкенде олар газон құрып өседі. Фагтар сұйық бактерия суспензиясында өскенде қоректік орта жадырайды. Тығыз ортадағы бактериалды газонның бетінде фагтар өскен жерлерде мөлдір таңбалар (бляшкалар) пайда болады. Бір бляшка бір фаг бөлшегі көбейгеннен түзіледі, мұндай жағдайда тығыз ортадан фагтарды таза түрінде бөліп алуға мүмкіндік туады. Фагтарды бөліп алудың екі әдісі бар. Біріншіден, мөлдір газонның бір бөлшегін кесіп алып, бактериалды суспензияға егеді. Екіншіден, шыны таяқшаны тұзақтың орнына пайдаланып, мөлдір учаскеден фагтарды бөліп алады.
2. Микроорганизмдер популяциясын және оның генетикалық құрылымын қарастырыңыз.
Микроорганизмдердің генетикасы тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ілімі ретінде құрылысы мен биологиясына сәйкес өзіне тән ерекшеліктері бар. Бактериялардың генетикасы көбірек зерттелген, олардың ерекшелік сипаты бактериалды жасушаның ұсақ өлшемі және көбеюінің жоғары жылдамдығы, мұның нәтижесі популяцияның үлкен санында қысқа уақыт аралығында генетикалық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Бактериалды жасушада гендердің біртекті жиынтығы бар (аллельдер жоқ).
Микроорганизмдердің қасиеті кез-келген басқа организмдер сияқты олардың генотипімен анықталады, яғни берілген дараның гендер жиынтығы.
Микроорганизмдердің фенотипі қоршаған ортаға тәуелділігіне қарамастан генотиппен бақыланады, себебі осы жасушаның фенотиптік өзгерістерінің сипаты мен мүмкіндік дәрежесі гендер жиынтығымен анықталады, олардың әрқайсысы ДНҚ молекуласының белгілі бөлшектерімен белгіленген.
Барлық организмдерде, сонымен қатар бактериялар мен вирустарда генетикалық қасиеттерді анықтайтын тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі – ДНК болып табылады. Тек РНК-лы вирустарда генетикалық ақпарат РНК-да Жалпы генетиканық заңдылықтарды зерттеу үшін, негізгі модельді жүйе ретінде, бактериялар мен вирустарды таңдаудың молекулалық генетиканың дамуында үлкен маңызы бар. Классикалық нысан дрозофил шыбынына қарағанда аталған микроорганизмдердің генетикалық тәжірибе үшін маңызды қасиеттері бар.
1. Гаплоидтылық, яғни бір хромосоманың болуы, доминанттылық көрінісін болдырмайды.
2. Жоғары жылдамдықта көбею – зертханалық жағдайда бірнеше сағатта миллиардтаған популяциялар алуға мүмкіндік береді.
3. Бактериялар мен вирустарды генетикалық талдау тәсілдерінің жоғары мүмкіндігі – олардың мутанттарын жиілігі 10-9 және одан төмен деңгейде анықтауға мүмкіндік береді.
4. Жыныстық дифференциация – сәйкес генетиканың ақпаратты беретін және қабылдау мүмкіндігі бар донорлық және реципиенттік бактерия жасушаларының болуына негізделген.
5. Бактерияларда ДНК-ның ерекше фрагменттері – плазмидалар, транспозондар және Is–тіркесімдер болады.
Қазіргі молекулалық генетиканың жетістігі гендік инженерия тәсілдерінің жетілуімен байланысты – ол прокариоттар немесе эукариоттарға тасымалдау немесе оқшаулау болып табылады. Бұл бұрын белгісіз генотиптерді, әсіресе бактериялар мен вирустардың арасында алуға және жаңа биотехнологиялық әдіспен вакциналар, интерферондар, гормондар және т. б. биологиялық белсенді заттар өндіруге негіз болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет