Микробиология тарихында Рим профессоры


Билет 12 1.Вирустардың құрылымдық ұйымдасуын және химиялық құрамын сипаттаңыз және белгі бойынша оларды топтарға бөліңіз



бет18/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Байланысты:
микро

Билет 12
1.Вирустардың құрылымдық ұйымдасуын және химиялық құрамын сипаттаңыз және белгі бойынша оларды топтарға бөліңіз.
Вирустардың құрылысы.Вирустардың бірнеше түрін электрондық микроскоп арқылы қарап көргенде, олардың капсомерлерінің орналасу ерекшеліктері белгілі болды және капсомерлерінің симметриялық жағдайда ғана орналасатыны анықталды. Осыған байланысты капсид симметриясының мынандай түрлері болады:
1.Куб тәрізді немесе икосаэдралық симметрия. Бұл симметрияның құрамы 20 қырлы көпбұрышқа ұқсайды, яғни өзара бірдей 20 үшбұрыштан тұрады. Әрбір үшбұрыштың қабырғасы, төбесі және қыры бар. Капсомерлер екіден (димер), үштен (тример), төрттен (квадример), бестен (пентамер), алтыдан (гексомер) өзара бірігіп вирусқа белгілі бір пішін береді, вирустар осыған
сәйкес әр түрлі болады. Куб тәрізді симметриядан тұратын вирустардың көбінің сыртқы қабықшасы жоқ (оларға иридовирустар, аденовирустар, паповавирустар, реовирустар, калицивирустар, пикорнавирустар, парвовирустар жатады).
2.Симметрияның спираль тәрізді немесе бұрама түрі. Мұндай жағдайда белок молекулалары нуклеин қышқылының ұзын бойы оралып спираль сияқты орналасады. Айтылған симметрия вирустарға түтікшеге ұқсас пішін береді. Айта кететін бір жағдай, мұндай вирустардың белоктарының өзара белгілі бір қалыппен жиналу ерекшелігі бар, соның арқасында біркелкі полипептид тізбегінен дұрыс орналасқан капсид пайда болады. Бұл жаңалықты бірінші рет 50 - ші жылдары темекі ауруының вирусын зерттеген ғалымдар Шрамм мен Френкель Конрат ашты. Осындай орналасу ерекшеліктері генетикалық материалдың аса үнемі жұмсалуына мүмкіндік
береді.
3. Симметрияның күрделі түрі (поксивирустар, ретровирустар т.б.). түрі сол вирусқа ғана тән қасиет болып Вирустардағы симметрия есептеледі. Мысалы, симметрияның куб тәрізді түрі: пикорна - , иридо аденовирустарда болады. Спираль тәрізді түрі: рабдо - .ортомиксовирустарда т.б. кездеседі.
Вириондардың құрамындағы нуклеин қышқылы мен капсомерлердің өзара байланысы әртүрлі болады. Мысалы, спиральды симметриядан тұратын вирустарда ақзат молекуласының әрбір бөлшегі (суббөлігі) нуклеин қышқылымен байланысады, ал вирустардың икосаэдрдан тұратын симметриясында жағдай басқаша: ақзат молекуласы бөлшектерінің бәрі бірдей нуклеин қышқылымен байланыса бермейді. Себебі, нуклеин қышқылы вирионның ішінде оралған күйде болғандықтан ақзаттық суббөліктер сол нуклеин қышқылымен жақын келген жерінде ғана байланысады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет