Микробиология тарихында Рим профессоры


Билет 14 1.Вирустардыңгенетикалық аппаратының ерекшелігін сипаттап, олардың тірі организмдер қатарына жататындыңын дәлелдеңіз



бет23/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Билет 14
1.Вирустардыңгенетикалық аппаратының ерекшелігін сипаттап, олардың тірі организмдер қатарына жататындыңын дәлелдеңіз
Вирус пен торша арасында болатын процесс мынадай фазалардан тұрады - Вирус репродукциясы адсорбция, ену, депротеинизация /қабықшаларынан босану/, транскрипция, трансляция, репликация, вирус бөлшектерінің жиналуы және жетілген вириондардың клеткадан шығу сатыларынан тұрады.
a) Адсорбция - вирустардың клеткаларға жабысуы.
б) Вирустардың клеткаларға енуі.
в) Депротеинизация - вирустардың клеткалар ішінде бөлінуі ( вирус геномы сыртындағы белоктан тұратын қабықшадан бөлінеді).
Вирус геномының іске асуы «Геномның экспрессиясы» (латынның expressio, яғни іске асырамын деген мағынаны білдіреді).
a) Транскрипция - ДНҚ-ның РНҚ-на көшіру.
б) Трансляция - вирустың белок молекуласынан құралуы
в) Репликация - геномының көбеюі. ДНҚ немесе РНҚ молекулаларының екі еселенуі.
г) Вирус компонентерінің жиналуы (құрылуы).
д) Вирустың клеткадан шығуы.
Адсорбция - вирустың клеткаға жабысуы. Вирус пен клетка арасындағы биофизикалық, биохимиялық процесстер пайда болады. Вирустың клеткаға жабысуы белгілі бір ортада катиондардың бар жерінде ғана іске асады. Мысалы, полиовирусиар клеткаға тұздың белгілі бір мөлшері болса ғана жабысады. Ал клетка өсетін ортада тұз орнына сахароза болса, онда вирус клеткаға жабыспайды.
Вирустардың клеткаға жабысуы белгілі бір температураны қажет етеді. Ол температура вирустардың түріне сәйкес болады. Температура 0 градустан 37С градусқа дейін болу қажет.
Тұмау ауруының вирусы пикорнавирустар клеткаға 4С градуста жабысады, ал полеовирустар 37С градуста жабысады.
Вирустың клеткаға жабысуы торша және вирус қабықшасының өзара бірігуі арқылы да болуы мүмкін. Демек вирус қабықшасы мен клетка мембранасы ериді де вирустың нуклеопротейді ішінде қалады. Вирион құрамында ерекше белоктар бар. Олар клетка мембранасының компоненттерін ерітіп жібереді.
Адсорбция - вирустардың көбею сатысындағы төменгі температурада өтетін бірден- бір процесс, ал басқа сатылар жоғарғы температурада өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет