Микробиология тарихында Рим профессоры


Вирустардың құрылысының ерекшеліктерін жазыңыз және суреттегі бөліктерінің атауын табыңыз



бет22/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
3. Вирустардың құрылысының ерекшеліктерін жазыңыз және суреттегі бөліктерінің атауын табыңыз.




1.Ақуыз қабығы
2.Генетикалық материал (ДНҚ немесе РНҚ)
3.Капсид
4.Ақуыз жіпшелері
Вирустардың құрылысы. Вирус екі альтернативтік күйде кездеседі: клетка ішілік және клетка сыртылық.
Клетка сыртылық вирусты вирион деп атайды. Вирион бір клеткадан екінші клеткаға вирус нуклеин қышқылын тасу үшін бейімделген құрылым. Вирустардың құрылысы вирионды (вирус бөлшегін) зерттеу барысында анықталған.
Вирионның құрамында мынандай құрылыстар табылған:

  • ДНҚ немесе РНҚ-дан тұратын өзек;

  • Капсид, өзекті қоршайтын және қорғайтын белок қабықшасы;

  • Капсомерлер, біркелкі қайталап отыратын суббірліктер. Олар бірігіп капсидті құрайды. Нуклеокапсид, капсидпен қапталған өзек.

  • Нуклеокапсидті қоршайтын қосымша липопротендті қабық. Күрделі вирустарда болады. Мұндай вирустарды қабықты вирустар дейді. Қосымша қабығы жоқ вирустарды жалаң деп атайды.

Капсомерлер біркелкі болғандықтан олардан құрылатын капсид симметриялы болады. Вирус бөлшегінің симметриясы спиралды немесе икосаэдрлық болады. Барлық вирустардың капсиді не спиралды не икосаэдралы болып бөлінеді.
Спиральді капсидтер. Спиральды вирустарда капсомерлер бұрамдамалы таяқша тәрізді РНҚ-ның сыртын қаптайды. Мұндай вирустар электрон микроскопта таяқша тәрізді көрінеді
Вирустың белок бірліктері сырт жағынан ұшталған, сондықтан сырт бетінде кішкене науа пайда болады. Бұл симметриялық вирустар екі белгімен сипатталады: капсомерлердің спиральдің бір орамына келетін саны (U) және ось бойындағы бірліктердің арақашықтығы (R). Сонда спиралдың қадамы осы екі шаманың көбейтіндісіне (UR) тең болады. Бұл вирустардың бөлшектері электронды микроскопта сфера не икосаэдр тәрізді болып келеді
Икосаэдралық симметрияда сфера пішінді көптеген үшбұрыштар орналасады. Сфера үшбұрыштарға бөлінуін триангуляция деп атайды. Бұл сфераның ішінде көптеген үшбұрыштар тығыз орналасуына жағдай туғызады. Полиэдрлық пішінді вибрион- дардың түрлері триангуляция санымен байланысты. Триангуля- цияның санын «Т» әріппен белгілейді. Оны суббірліктердің жалпы санын 60-қа бөліп табады, яғни Т 60-қа еселі болады. Икосаэдрлы вирустардың көлемі Т 1 мен Т 20 аралығында болады.
Кейбір вирустардың вирионы капсидке қосымша екінші қабықпен қапталған, Осыған орай вирустарды қабықсыз және қабықты деп бөлетін болған
Сыртқы қабықтың құрамы клетка иесінің мембранасымен бірдей. Оның пайда болуы жетілген вирустың зақымданған клеткадан шығу жолымен байланысты. Оның екі жолы бар: клетканы ыдыратып және бүршіктеніп, екінші жолымен шығатын вирустар қабықты вирустарға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет