2. Су қоймаларындағы микроорганизмдердің қызметі мен таралуын анықтаңыз. Топырақмикроорганизмдеріүшінжасақталғанмикроортаконцепциясысудатіршілікететінорганизмдергедетән. Су қабаттарында тіршілік ететін микроорганизмдерді планктондар деп атайды. Олар құрамы бойынша былай жіктеледі: фитопланктон (балдырлар), бактериопланктон және зоопланктон. Мөлшері бойынша планктондар макро-, микро-, нано- және пикопланктон деп жіктеледі.
Э.Науманн су пленкасының бетінде (0-2 см) тіршілік ететін
микроорганизмдерді нейстон деп атаған. Ауа-су аралық қабатында микроорганизмдер саны мен құрамы судың терең қабаттарына қарағанда алуан түрлі болады. Пленканың бетінде әр түрлі органикалық заттар (майлы қышқылдар, липидтер, поли- сахаридтер, белоктар), микроэлементтер, фосфаттар, аммиак, күкірт қосылыстары болады. Органикалық заттардың мол және әр түрлі болуы гетеротрофты және хемолитотрофты микроорганизмдердің жақсы өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Нейстонды
бірлестіктердің ішінде бактериялардың Pseudomonas, Flavobacterium, Mycobacterium, Achromobacter туыстары, балдырлардың Lampropedia, Navicula туыстары кездеседі. Тек Нева өзенінің беткі пленкасынан алғаш рет нейстонды организмдер ретінде Nevstia ramosa бактериялары табылған. Беттік пленка қатты субстрат тәрізді болғандықтан, бактерия клеткалары мен басқа микроорганизмдерді мықты ұстап тұрып,қандай өзгеріс болса да олардың санының азаюына ешбір жол бермейді. Бұған қоса желдің әсерінен пленка көпіршікке айналып, ондағы органикалық заттардың мөлшері көбейеді де нейстонның санын тұрақты ұстап тұрады.
Көптеген микроорганизмдер әр түрлі субстрат беттерінде алуан түрлі ерекше бірлестіктер құра отырып, колонизациялайды. Субстрат беттерінің түріне қарай бірлестіктерді былай бөледі: тастар мен үңгірлерде - эпилиптон, су өсімдіктерінде эпифитон, жануарлар денесінде эпизоотон. Сонымен қатар жасанды заттардағы бірлестіктерді перифитон деп атайды. Кейбір бактериялар заттардың бетіне тез әрі мықты бекінеді, кейбіреулеріне өте ұзақ уақыт қажет, ал кейбіреулерінің аналық клеткалары бекініп тұратын болса, пайда болатын ұрпақ клеткалары босап отырады. Заттар бетіне ең бірінші болып бактериялар, одан соң диатомды балдырлар, одан кейін колониялы қозғалмалы диатомейлер, талшықтылар мен силикаттар бекінеді.