2. Микроорганизмдер әлемін, белгілері мен алуан түрлілігін қарастырыңыз. Аристотельдің кезеңінен бастап биологтар тіршілік әлемін өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бөлген. Карл Линней тіршілік дүниесін Vegetabilia және Animalia деп екіге бөлді. Олар құрылымы мен атқаратын қызметі бойынша бір-біріне мүлдем ұқсамайды.
Микроорганизмдер ашылысымен-ақ бұларды тірі организмдердің қандай тобына жатқызуға болады деген сұрақ пайда болды.
A.Левенгук оларды animalicula "айуаншық" деп атап, хайуандар әлеміне жатқызды. Ал ботаник Ф.Кон (1828-1898 жж.) және Л.С.Ценковский (1822-1887 жж.) кейбір микробтар мен өсімдіктердің арасында ұқсастықтың болуына байланысты микроорганизмдерді өсімдіктер дүннесіне жатқызу керек деп санады. Бірақ олардың басым көпшілігі бұл аталған екі дүниенің де талабына сай келмейтін болды. Мысалы, микромицеттер мен фототүзуші балдырлар (Euglena gracilis) әрі жануарларға, әрі өсімдіктерге ұқсас. Сондықтан оларды даулы топқа жатқызу керек деген ұсыныс болды. Бұл жағдайдан шығу жолын Э.Геккель (1834- 1913 жж.) тапты. Ол ірі таксондарға бөлуді құрылымы мен атқаратын қызмет ерекшеліктеріне емес, морфологиялық
құрылысының күрделену (мүшелену) дәрежесіне қарай бөлу керек деген ұсыныс жасады (1866). Мүшелері нашар дамыған организмдерді қарапайымдарды, балдырларды, қарапайым саңырауқұлақтарды және дамымаған бактерияларды, үшінші дүниеге - протисталарға топтастырды.
Цитология және электронды микроскоппен зерттеу әдістерінің дамуы әр түрлі организмдерді бір-бірінен клеткаларының құрылыс ерекшеліктері бойынша ажыратуға болатындығын көрсетті. Бірінші байқаған ерекшелік - клетка ядросы мембранасының болу-болмауы. Осыған орай барлық организмдерді екі топқа бөлетін болды. Оларды Е.Шаттон ұсынысымен эукариоттар (нағыз ядролы) және прокариоттар (ядросы жетілмеген) деп атады.
Сонымен, ситематикада екі ірі патшалық үсті таксондар пайда болды. Эукариоттарға өсімдіктер, жануарлар, қарапайым- дар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар (көкжасылдан басқалары), ал прокариоттарға - бактериялар мен көкжасыл балдырлар жатады. Эукариотты және прокариотты клеткалардың Сонымен, ситематикада екі ірі патшалық үсті таксондар пайда болды. Эукариоттарға өсімдіктер, жануарлар, қарапайым- дар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар (көкжасылдан басқалары), ал прокариоттарға - бактериялар мен көкжасыл балдырлар жатады. Эукариотты және прокариотты клеткалардың өзара айырмашылықтарын ескере отырып, Н.Коупленд (1938) прокариоттарды бөлек Monera патшалығына жатқызу керек деп санады. Ал Р.Виттекер (1969) барлық жандыларды бес патшалыққа бөлу туралы жаңа жүйе жасады, олар - Саңыраукұлақтар (Fungi), Өсімдіктер (Plantae), Жануарлар (Animalia), Протисталар (Protista) және Прокариоттар (Prokaryota).
Прокариоттардың барлығына тән ортақ қасиеттер:
Клеткаларының көлемі өте ұсақ - 20 нм - 100 мкм дейін; Өздігінше өмір сүре алатын түрлері кейде жинақталып,
көзге көрінетін топ құрады;
Өте кең таралған, тіпті төтенше жағдайларда да кездеседі (өшпеген жанартауларда, тау кендерінде, ыстық бұлақтарда, жоғары сатылы организмдерде және т.б.).
Клеткаларының көлемі мен сыртқы бетінің шама қатынасы үлкен;
Қолайлы жағдайда өсу жылдамдығы жоғары, еселену немесе генерация мерзімі минут немесе сағаттап саналады;
Генетикалық төзімді (адаптивті);
Ерекше химиялық қасиеттері бар.
Г.Фокс пен К.Везе 1977 ж. прокариоттардың жаңа класын ашып, оларды архебактериялар деп атады. Кейбір морфологиялық және физиологиялық қасиеттері жағынан олар бұрыннан белгілі бактериялардан ерекше болып шықты. 1990- 2000 жж. Аралығында бактериялардың, архебактериялардың және эукариоттардың рибосомасындағы 16 S pРНҚ-ның негіздік құрамы мен олардың орналасу тәртібін салыстырмалы түрде зерттеп, олардың геномдық ерекшеліктерін анықтады. Қорыта келгенде, К.Везе барлық тірі организмдерді үш жоғары деңгейдегі патша үстілік таксондарға бөлді