Микробиология тарихында Рим профессоры


Билет 16 1.Бактериялардың қоректену ерекшеліктерін сипаттаңыз және олардың қоректенуге байланысты топтарын анықтаңыз



бет28/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Билет 16
1.Бактериялардың қоректену ерекшеліктерін сипаттаңыз және олардың қоректенуге байланысты топтарын анықтаңыз.
Басқа да тірі мақұлықтардікіндей микроорганизмдерге тіршілік етуге қажетті қоректену және тыныс алу функциялары тән. Қоректену кезінде клеткалар клеткалы компоненттердің синтезіне жұмсалатын заттарды, сонымен қатар тіршілік әрекетінің барлық процестерінің энергия көзі қызметін атқара алады.
Қоректенгіш заттар бактериялы клеткаға өзінің үсті арқылы түсіп, клетка мен орта арасындағы жылдам зат алмасуға мүмкіндік туғызады. Қоректенгіш заттардың түсу негізінде осмос және диффузия заңдары жатыр. Заттардың клеткаларға енінің қажетті шарты болып олардың суда ерігіштігі табылады. Микробтық клетка тек қана заттардың еріген түрде күйін сора алады. Алайда органикалық заттардың суда ерімейтін, бірақ бактериялардың қоректенуін қаматамасыз ететін бірнеше қатарлар болады. Сондықтан бұл заттарды қолданбас бұрын клетка арқылы бөлінетін бактериялар арнайы ферменттердің көмегімен ерігіштік күйге алып келеді, демек олардың гидролизін өндіреді. Гидролиз нәтижесінде алынатын заттарда аз мөлшерлі молекулалар болады, суда ери алушылық қасиеті бар және клетка цитоплазмасына жеңіл айырымдайды.
Қоректенгіш заттар орындалатын функциясына қарай екі топқа бөлінеді: энергия көздері және құрылыс немесе конструктивті материалдар. Қоректену түрі барлық микроорганизмдер екі негізгі топқа бөлінеді: автотрофтар және гетеротрофтар.
Автотрофтар – (гректің авто-өзі, трофик–қоректену) күрделі органикалық заттарды синтездейтін – ақуыз, көмірсу, май, витамин, фермент және басқаларды, сонымен қатар қарапайым органикалық емес заттардан – көмір қышқылы, аммиак, нитрат және басқа да органикалық емес тұздардан тұратын микроорганизмдердің тобын біріктіреді. Бұл микроорганизмдер таза минералды ортада өмір сүруге және көбеюге қабілетті.
Энергия көзіне байланысты автотрофтар хемотрофжәне фототрофтарға бөлінеді.
Хемотрофтар синтез процестеріне қажет энергияны, кейбір органикалық емес байланыстардың, аммиак, нитриттар, күкірт сутек, сутек, темірлердің, тотығу реакциялары көмегімен алады. Нитрифицациялайтын бактерия – серобактериялар да жатады.
Фототрофтар – синтез процестеріне күн жарығының энергиясын қолданады. Осы бактериялардың клетка цитоплазмасында хлорофилл түріндегі пигменттер болады. Бұл бактерияларға жасыл бактериялар, қара қошқыл күкіртті бактериялар және қара қошқыл күкіртті емес бактериялар жатады.
Гетеротрофтар (гректің гетер– басқа, трофик – коректенуші) өз дамуы үшін дайын қоректенгіш заттарды талап ететін микроорганизмдер. Органикалық заттар оларға энергия және құрылыс материалдар көзі үшін қызмет етеді. Гетеротрофтарға табиғатта көп таралған және заттардың айналымында үлкен роль атқаратын микроорганизмдердің әр түрлі және саны жағынан көп бірқатар тобы жатады.
Гетеротрофтар өзара азот көздеріне қатынасы бойынша ерекшелінеді. Олардың бір түрлері минералды қосылыстардың азотын қолданады (аммоний, нитриттер, газ тәрізді азот тұздары) және өздігінен ақуызды заттарға синтез жасайды, олар аминоавтотрофтар деп аталады. Ал басқа түрлері аминогетеротрофтар деп аталатындар қажетті амин қышқылдарының толық терімін өздігінен синтез жасауға қабілетті емес, оларға дайын амин қышқылдары қажет, бірақ олардың қажеттіліктері әртүрлі болып келеді – кейбіреулеріне барлық 20 амин қышқылы керек, ал басқалары 1-2 аминқышқылына да мұқтаж болады, қалғандары минералды заттардан синтез жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет