2. Микроскоптық саңырауқұлақтар және олардың морфологиясы мен маңыздылығын түсіндіріңіз. Микроскоптық саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар (Fungi) - табиғатта кең гараған хлорофилсіз, төменгі сатыдағы өсімдіктер қатарына жататын, эукариотты, хемо- органотрофты организмдер. Саңырауқұлақтардың вегетативті денешіктері гиф деп аталатын бұтақталған мицелиялардан тұрады. Төменгі сатыдағы бір жасушалы саңырауқұлақтардың гифтері жеке бөліктерге бөлінбегендіктен септала- ры (көлденең қалкалары) болмайды, ал жоғарғы сатыға жататын көп жасушалы саңырауқұлақтардың ми- целиялары септаларға бөлінген. Жуандығы 5-50 мкм болатын гифтер субстраттардың беткейінде немесе олардың ішіне ене орналасады.
Саңырауқұлақтар топырақта, суда, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарында тіршілік етеді. Нағыз саңырауқұлақтар хитридиомицеттер, оомицеттер, зигомицеттер, аскоми- цеттер (қалталы саңырауқұлақтар), базидиомицеттер және дейтероми- цеттер (жетілмеген саңырауқұлақтар) класына бөлінеді.
Хитридиомицеттер - мицелия түзбейді, жасуша қабықшасында хитин болады, ал целлюлоза болмай. Олар жыныссыз және жыныс-ты жолмен көбейеді. Көбінесе суда тіршілік етеді, кейбір түрлері ауыл шаруашылық өсімдіктерін ауруға шалдықтырады.
Оомицеттер - бір жасушалы мицелиялы саңырауқұлақтар, жасуша қабықшасындағы қаңқалық заттардың қызметін целлюлоза мен глюкан атқарады, жыныссыз жолмен көбейеді. Су қоймаларында тіршілік етеді, жер бетінде тіршілік ететіндері жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиттері болып табылады.
Зигомицеттер мицелиялары жақсы жетілген, көп ядролы, сеп- талары жоқ, қабықшасы хитиннен, кейде глюканнан тұратын төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар. Спо- рангиоспораларымен, сирек жағдайда конидиялары арқылы немесе жыныстық жолмен көбейеді. Топырақтың жоғарғы беткейінде көп тараған, өсімдіктердің органикалық қалдықтарында жетіледі.
Аскомицеттер (қалталы саңырауқұлақтар) мицелиялары бұтак- талған, көп жасушалы, табиғатта ы- кең таралған жоғарғы сатыдағы өп саңырауқұлақтар қатарына жатады. вк Олар вегетативті, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жы- соя нысты жолмен көбею кезінде аска- 1и- лар немесе қалталар пайда болып, жыныстық жасуша ядролары (гаметалар) будандасканнан кейін аскос- поралар түзіледі (әдетте бір аскада сегіз аскоспора болады). Аскомицет- тертопырақта, органикалықсубстрат- тарда, сонымен қатар азыктар мен тағамдарда тіршілік етеді, оларды бүлдіреді. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде тоғышарлық етіп, целлюлозаны ыдыратады. Аскомицеттер антибиотиктердің, алкалойдтардың. гиббереллиндер мен ферменттердің өндірушілері ретінде пайдаланылады.
Базидиомицеттер - көп жасушалы мицелиялардан тұратын жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жа-тады. Олардың жыныстық процесс нәтижесінде гифтерінің ұшында қалыптасқан арнайы көбею мүшелері - базидилері (аскаларға ұқсас) болады, Базидиомицеттерге сапрофитті, астық дақылдарының факультативті тоғышарлары, сонымен қатар жеуге жарамды және қалпақты улы саңырауқұлақтар жатады.
Дейтеромицеттер немесе жетілмеген саныраукұлақтар (Deutere- mycetes, Fungi imperfecti) - табиғатта кең таралған, көп жасушалы, мицелиялары бұтақталған жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Бүкіл тіршілік циклі гаплоидты фазада өтеді. Вегетативті және жыныссыз жолмен (конидиялары арқылы) көбейеді. Жыныстық жолмен көбею сатысы анықталмаған. Бұл кластың саңырауқұлақтарына аспергиллалар, пенициллалар, стахиботрис, фузариум, т.б. жатады.