Клиникалық белгілері. Жануарлардың ауыз қуысының кілегейлі
қабықтарында қызыл дақтар (папулалар) пайда болады да, бір тәуліктен
соң әртҥрлі кӛлемдегі везикулаларға (бастапқы кезде сарғыш мӛлдір,
кейіннен лайланған сҧйықтықтарға толған кҥлдіреуіктерге) айналады.
Біраз уақыттан кейін везикулалар жарылып, ашық-қызыл тҥсті
жарақатқа айналады. Везикулалардың пайда болуымен қатар
жануарлардың жалпы кҥйі нашарлайды, азыққа тәбеті тӛмендейді, дене
қызуы 41-42ºС-ге дейін кӛтеріледі. Везикулалар жарылғаннан кейін
малдың дене қызуы тҧрақтанады. Ауыз қуысының кілегейлі қабықтары
зақымданған жағдайда ауызынан сілекейі ағады, еріндерін тҥйістіріп
алады, ал аяқтары зақымданған жануарлар ақсайды. Жылқылардың тілі
мен ерінінің беткейінде, танауында, ауыз қуысы мен қызыл иегінде,
конъюнктивасында, шошқалардың тҧмсығында везикулалар мен
эрозиялар пайда болады. Аналық малдардың желінінің әр ҥрпілеріндегі
2-3 везикулалар жарылғаннан кейін бірігіп, ҥлкен жараға айналады.
Патологоанатомиялық ӛзгерістері. Аурудың зарарсыз ағымы
болған жағдайда ауыз қуысының, аяқтарының, желінінің жергілікті
эпителиальды ҧлпалары зақымдалған болады. Терісінің кейбір
жерлерінде ісіктер, везикулалар, эрозиялар мен жаралар байқалады.
Екінші реттік бактериялық инфекцияның әсерінен асқынған жағдайда
некроз бен мол экссудат жиналады.
Дифференциалдық балауы. Везикулярлы стоматитті аусылдан,
шошқалардың везикулярлы экзантемасы мен везикулярлы ауруларынан,
сонымен қатар жҧқпалы ринотрахеиттен, қойлардың жҧқпалы
катаральды қызбасынан, обадан, ірі қара малдың нодулярлы
дерматитінен және жҧқпалы емес травматикалық стоматиттен ажырату
қажет. Везикулярлы стоматитпен жылқы, ірі қара мал және шошқалар,
аусылмен ірі қара мал мен шошқа, ал шошқалардың везикулярлы
аурулары мен везикулярлы экзантемамен тек шошқалардың ғана
ауыратынын ескерген жӛн.