Бактериялардың сұйық қоректік ортада көбеюі. Арнайы, көлемі өзгермейтін қоректік орталарға егілген бактериялар көбейіп, қоректік элеменггерді қолданады, нәтижесінде қоректік орта азайып бактериялардың өсуі тоқталады. Бактерияларды мүндай жүйеде есіру кезеңці өсіру, ал дақыл-кезенді деп аталады. Егер өсіру жағдайы үздіксіз жаңа қоректік ортамен камтамасыз ету жолымен жүрсе және осындай көлемдегі дақылдық сүйықтыкты алып отырса, мүндай өсіруді үздіксіз, ал дақылды- үздіксіз деп атайды.
Оның үзақтығы сағаттармен белгіленеді және бакгериялардың түріне, ерекшелігіне, өсуіне байланысты өзгеріп отырады. Өсу процесін жойылу фазасы аяқтайды, қоректік ортаның азаюы және онда бактерия метаболизмі өнімдерінің жинақталуы жағдайында бактериялардың өлуімен сипатгалады. Ұзақтығы 10 сағатган бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Өсу қарқындылығы мен бактериялардың көбеюі көптеген факторларға байланысты, соның ішінде қоректік ортаның оптимальды қүрамына, тотығу-тотықсыздану потенциалына, рН, температураға және т.б. байланысты.
Бактериялардың тығыз қоректік ортада кебеюі. Тығыз қоректік ортада өсетін бактериялар шеттері тегіс немесе тегіс емес, деңгелек пішінді жекелеген колониялар (S-және К формалар) түзеді, бактериялардың пигменттеріне байланысты түсі мен консистенциясы әртүрлі болып келеді.
Микроорганизмдерді бояудың қарапайым тәсіліжиі қолданылады, өйткені ол микробтардың морфологиясымен тез және жақсы танысуға мүмкіндік береді. Бояудың қарапайым тәсілінде, тек бір ғана бояуды пайдаланады. Мысалы, Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісі немесе метилен көгі. Бекітілген жағындыға тамызғыштың көмегімен бояудың бірнеше тамшысын тамызады. Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісімен жағындыны 1-2 минут, ал метилен көгімен 2-3 минуттай бояғаннан кейін, оларды сумен шайып, микроскоптың иммерсонды жүйесі арқылы зерттейді.
Шар формалы микроорганизмдер (кокктар). Барлық микроорганизмдер ядролары мен органеллаларының құрылымына байланысты прокариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Микроорганизмдердің көбі соның ішінде шар формалылар (кокктар) прокариотты жасушалардың өкілдері. Кокктар (грекше соссus – жидек) сыртқы түріне қарағанда шар формасын еске түсіреді. Олардың сопақ, бұршақ, ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты мен клеткалардың орналасуына сәйкес кокктар микрококктарға, тетракокктарға, стафилококктарға, стрептококктарға және сарциналарға бөлінеді.
Микрококктар (грекше micros- кішкене) – зиянсыз, сапрофитті микробтар. Олар бөлінген соң бір-бірімен қосылмай жеке дара орналасады.
Диплококктар (грекше diplos-қос) – бір жазықтықта екіден қосарланып орналасады.
Стрептококктар (грекше streptos-тізбек) – бір жазықтықта бөлініп, жасушалар бір-бірімен моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады.
Стафилококктар (грекше staphyle-жүзім шоғыры) – жасушалар әр түрлі жазықтықта ретсіз жүзім шоғыры тәрізді орналасады.
Тетракокктар (грекше tetra-төрт) – бір-бірімен перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан орналасады.
Сарциналар (латынша sarcio-байланыстыру) – өзара үш пар перпендикулярлы жазықтықта бөлініп, сыртқы формасы кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп болып орналасады.