Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Эндо ортасы Плоскирев ортасы



бет30/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
Эндо ортасы Плоскирев ортасы
Бірінші күн. Зерттеу материалы (нәжіс, құсық массалары, несеп, ас тағамдары) Эндо және Плоскирев орталарына себіледі, 37° С температурада 18 – 24 сағат инкубацияланады. Екінші күн.Қоректік орталарда өскен колонияларды іріктеп алады, мысалы Эндо ортасында лактоза оң E.coli қою – қызыл металша жылтыр немесе жылтыры жоқ ортасы ашық қызғылттау, кейде түссіз шеңбері бар, кейбіреулері жартылай мөлдір колониялар түзеді. Біркелкі колониялардан шамамен 10, әр түрлі болған жағдайда әр түрінен 2 – 3 колониядан таңдап алып поливалентті ОКА сарысуларымен әйнекше бетіне серологиялық агглютинациялық реакция қояды. Серологиялық реакцияда оң нәтиже берген колониялардың жартысынан біріншілік идентификация жасайтын қиғаш агарға ілмекпен себінді жасалады. Үшінші күн. Қиғаш агардағы өсіндіні сипаттайды, яғни глюкозаны ыдыратуын, газдың болуын, лактозаны ферменттеуін, күкірттісутек түзуін. Глюкозаны қышқыл мен газға дейін ферменттемейтін, лактозаны ферменттейтін немесе ферменттемейтін, күкірттісутек түзбейтін дақылдар Escherichia туыстастығына күмәнді болып келеді. Оң нәтиже берген дақылдан индолға сынама қойып, жартылай сұйық қоректік ортаға, Гисс ортасына ілмекпен себеді. Төртінші күні. Себінділерге қортынды жасалады. E.coli бөлінген жағдайда серотипін анықтау мақсатында серологиялық идентификация жасалады. О және К антигендерді анықтау үшін қиғаш агардағы тәуліктік дақылды пайдаланады, ОК поливалентті сарысуымен немесе ОК - иммундыглобулинімен оң нәтиже берген дақылдарды топтық ОК жеке сарысуларымен агглютинациялайды. Алғашқы нәтижені жеке ОК - сарысумен әйнекше бетіне ОК – иммундыглобулинімен (тірі дақыл) немесе топтық адсорбцияланған О - сарысуларымен (100° C 30 минут қыздырылған дақыл) агглютинациялап дәлелдейді. ОК – иммуноглобулинімен адсорбцияланған - О сарысуы болмаған жағдайда ОК – топты анықтауды тірі (К - антигенді анықтау үшін) және 100° C температурада 1 сағат қыздырылған (О- антигенді анықтау үшін) дақылмен сызықтық (линейный) агглютинация реакциясымен жүргізеді. ОК- топты анықтаған соң қозғалғыш штамдардың арасынан Н – антигенді агарда иммобилизациялау немесе әйнекше бетіне агглютинациялау әдістерімен анықтайды. И.И.Мечников атындағы НИИВС адсорбцияланған О – сарысуларды (И.Н. Улиско) және бір уақытта Н- антигенді әйнекше бетіне агглютинациялап анықтауға арналған сарысулардың рапид - жүйесін (Ю.А.Ратинер) дайындау технологиясы жасалған. Бесінші күні. Тізбектік агглютинация реакциясының және Н- антигенді агарда иммобилизациялау әдістерінің нәтижесі ескеріледі. Тірі дақылмен қойылған К – антиденелік ірі мамықты агглютинат немесе қыздырылған дақылдағы О –антиденелік ұсақ дәнді агглютинат бөлінген штамның ОК – топқа жататындығын дәлелдейді. Н- антиген агарда иммобилизация болғызған штамның Н – сарысуға сәйкестігін білдіреді..Парентералды эшерихиоздардың қоздырғыштарын анықтау үшін бактериологиялық әдіс қолданылады. Іш сүзегі, Паратиф А, В Тұқымдастығы: Enterobacteriаceae,Туыстастығы: Salmonella Түрі: Salmonella typhi, Salmonella paratyphi А, B, S; Іш сүзегі мен А және В парасүзек қоздырғыштары Enterobacteriаceae тұқымдастастығына, Salmonella туыстастығына жатады. Жалпы салмонеллалардың 2000-нан астам түрлері бар. Сальмонеллез –салмонелла туыстығының көптеген бактекриялары туғызатын жедел ішектік, асқазан –ішек жолының зақымдануы мен сипатталады. Морфологиясы. Грамм теріс бактериялар, апсулалары,споралар түзбейді, түссіз колониялар түзеді. Микробиологиялық диагноз қою.Зерттеу кезінде жеделдетілген, бактериологиялық, серологиялық әдістер қолданылады.Зерттеу материалы ретінде қан, құсық, асқазанның шайындысы, зәр, нәжіс алынады. Диагноз қоюдың негізгі түрі - қоздырғыштың бөлінген таза дақылының түрішілік идентификациялаумен аяқталатын, фаговарын анықтайтын бактериологиялық әдіс болып табылады. Іш сүзегіне немесе парасүзекке күмәнданған кезде зерттеу материалын алу науқастану мерзіміне байланысты.Науқастанушылықтың бірінші күні қан алынады, оны өт қосылған ортаға себеді. Себіндіні 37° С температурада инкубациялайды. 3 -5 – 7 – тәулікте дифференциалды - диагностикалық (Плоскирев, Эндо, висмут – сульфит агар) орталарға себеді.Салмонеллаларға ұқсас колониялар (мөлдір, жартылай мөлдір, түссіз немесе ашық қызғылт, висмут – сульфит агарда ортасы қара - сұрлау жасыл) колониялар табылса, олардың ферменттік қасиеттерін, сосын антигендік құрлымын О- және Н-сарысулармен әйнекше бетінде агглютинациялау арқылы идентификациялайды. Біріншілік себінді жасалған қоректік орталарда өскен колониялардың идентификациясын - бөлінген дақылдың таксономиялық маңызды көрсеткіштерін және туыстастық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік беретін тесттердің жинағының көмегімен жүргізеді. Колонияларды Клигер агарына, өт қосылған ортаға, Симмонстың цитратты агарына, жартылай сұйық агарға себеді, соңғы пробирканың тығынына индолға индикаторлық сынама қояды. Екінші аптада зерттеу материалы ретінде несеп пен нәжіс қолданылады: капро - немесе уринодақылдар бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет