Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


«Химиятерапияның микробиологиялық және молекуларлық-биологиялық негіздері. Микробқа қарсы препараттар.Бактерияның дәріге тұрақтылық механизімдері»



бет21/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

«Химиятерапияның микробиологиялық және молекуларлық-биологиялық негіздері. Микробқа қарсы препараттар.Бактерияның дәріге тұрақтылық механизімдері»
Антибиотиктермикроағзаларды іріктеп өлтіруге немесе олардың өсуін басуға қабілетті тірі ағзалардың тіршілік өнімі.Микроағзалардың антибиотиктерді бөліп шығаруы микробты антогонизмнің маңызды көріністерінің бірі болып табылады, Антагонистік қасиетерге ие микроағзалардың басым саны топырақта кездеседі, әсіресе саңырауқұлақтардың, актиномициттердің, споратасымалдағыш бактериялардың ортасында. Антагонистер су көздерінде де анықталады. Антибиотиктер микроағзаларға бактериостатикалық және бактерицидті әсерін тигізеді. Антибиотиктердің бактерицидті әсері микроағзалардың өлуін, ал бактериостатикалық әсері олардың көбеюін тежейді немесе басылуын туындатады. Әсір ету сипаты антибиотикке де оның конценрациясына да байланысты болады.
Антибиотиктерге сезімталдықты екі әдіспен анықтайды:
1) агарға антибиотиктің диффузиясы (диск-диффузиялы әдіс);
2) тығыз және суйық қоректік орталарда көлемді сериялық арттыру.
Көлемді сериялық арттыру әдіс келесі кезеңдерден тұрады:

Зертханалық тәжірибеде жиі қолданатын әдіс – антибиотиктері бар стандартты дисктермен қолдану. Осы әдіспен зерттеулер өткізгенде 20 мл қоректік ортаны зарарсыздандырылған Петри табақшалардың ішіне құяды. Тығыздалған қоректік ортаның үстіне 1 мл бір миллиардтық микробтың агар дақылын (0,9 пайызды натрий хлор ерітіндісінде) құяды. Дақылды қоректік ортаның үстіне жайып жібереді, суйықтықтың артығын зарарсыздандырылған Пастер пипеткасымен сорып алады. Микроағзалар себілген қоректік ортаның үстінен пинцетпен басып әр түрлі антибиотиктердің стандартты қағаз дискілерін салады. Бір дискті табақшаның ортасына, қалғандарын бір бірінен және табақшаның шетінен 2 см аралықта салады. Әр бір дискті салып болған сон пинцеттің ұшын отқа қақтап отырады.



Алдымен табақшаларды бөлме температурасында 2 сағат ұстайды, кейіннен, түбін үстіне қаратып, 16-18 сағатқа 370С термостатқа қояды. Қортынды бақылауда антибиотикті дисктің айналасында микробтың өсуін немесе өспеуін байқайды, дисктің қасындағы жаратылған зоналардың (тоқтау зонасы) үлкендігін есептейді. Дисктің қасында тоқтау зона болмаса – микроағза антибиотикке сезімталды емес. Өсудің тоқтау зонасы жаратылса, оның диаметрін өлшейді (дисктің диаметрі осы өлшемге кіреді). Тоқтау зона 15 мм болса микроағзаның антибиотикке сезімталдығы төмен, 15-25 мм – сезімталдық жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет