Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар



бет27/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Иммунды жүйе құрылысы.Иммун жүйесін зерттегенде мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлер ажыратылады.Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер жатады. Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады.
Сүйек кемігінде көп қабілетті бағана клеткалардан лимфоциттер түзіледі және орталық мүшелерде пісіп жетіледі: В-лимфоциттер — сүйек кемігінде , Т-лимфоциттер — тимуста. Тимус – лимфоэпителиалды мүше, өмірдің 3 жылында жетіледі, ал 20 жастан бастап тимустың инволюциясы басталады.
Иммунитеттің орталық мүшелерінде антиген тәуелсіз дифференцировка нәтижесінде лимфоциттердің клондары түзіледі – жетілген, бірақ иммунды емес лимфоциттер. Түзілген лимфоциттердің клондарының әрқайсысы бір ғана антигендік детерминанттарға арналған.
Иммунды жүйе шеткі мүшелеріЛимфотүйіндер,көк бауыр, пейер табақшалары, аппендикс, бадамша бездер, және басқа лимфоидты түзілістер иммун жүйесінің шеткі мүшелеріне жатады Иммун жүйесін шеткі мүшелері тимустәуелді және тимутәуелсіз аймақтардан тұрады. Антигендермен әсерлесу арқылы иммунды жауапты жүзеге асыратын лимфоциттердің толық пісіп жетілуі жүреді. Перифириялық мүшелерде Т-,В- ж/е антигентаныстырушы клеткалардың кооперациясы өтеді. Антидене түзілу орны болады.
Иммунды жүйе клеткалық (жасушалық) деңгейіне мыналар жатады: Т, В, НК-клеткалар, лимфоциттермен бірлесіп істейтін дендритті клеткалар, макрофагтар, эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер.Молекулалық деңгейге антиденелер, антигендер, лимфокиндер, МНС белоктары, лимфоциттердің беткей маркерлары, лимфоциттердің антиген танушы рецепторлары жатады.Иммун жүйесінің тағы да бүкіл организмдіқ және популяциялық деңгейлер ажыратылады. Бүкіл организмнің деңгейінде иммунды жүйе мен эндокриндік жүйелердің қарым-қатынасы арқылы организмде біртұтас реттегіш жүйенің бар екендігі дәлелденеді.
АНТИГЕНДЕР
Антигендер дегеніміз – иммунды жауапты шақыруға қаблеті бар генетикалық бөгде зат.
Антигендер 4 негізгі қасиетпен сипатталады:
Бөгделік – генетикалық өзгешілікті көрсететін ұғым. Бул ұғым антигеннің организмнен айырмашылығын көрсетеді.Антигендік – заттың иммун жауапты қоздыру мөлшерін-қаблетін көрсететін ұғым..Иммуногендік – иммунитет тудыру қабілеті. Бул ұғым бөгделікпен, жеткілікті молекулярлы массасымен, химиялық құрылысының ерекшеліктерімен анықталады.Ерекшелік— арнайылық – АГ-дің бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын қасиет.АГ-детерминанты немесе эпитоп деп иммуногендік әсері бар АГ-нің активті бөлігі (орталығы) аталады. Эпитоп – АГ-танушы рецепторларымен немесе антидененің белсенді оратылығымен әсер ететін АГ-ң бөлшегі. Т- және В-эпитоптар ажыратылады. HLA-молекуламен танушы АГ-нің бөлшегі – агретоп деп аталады.Гаптен – қарапайым, төмен молекулалық химиялық құрылым, өздігінен иммунды жауапты шақыруға шамасы жоқ, бірақ белокпен байланысу нәтижесінде антиденелер синтезін шақыруға қабілетіне ие болады.
Антигендер жіктелуі
Әртүрлі бүлдіргіш факторлар мен инфекциялық агенттердің әсерінен организмнің өз клеткалары антигенге айналуы мүмкін (эндогенды).
Микро- және макроорганизмнің ортақ антигендік детерминанттары бар антигендер айқас әсері бар антигендер деп аталады.
Антигендер иммунды жауапты Т-хелпердің көмегімен ғана шақыратын тимус тәуелді деп аталады.
Антигендер иммунды жауапты Т-лимфоциттердің қатысуынсыз шақыратын, тимус тәуелсіз деп аталады. Бұл антигендерге бактериалды ЛПС, пневмококктың полисахаридтері. Vi-антиген, ПВП (поливинилпироли- дон) жатады. Барлық табиғи антигендер арасында 10% құрады.
Түрлік антигендер — организмнің бір ғана түріне сәйкес.
Гетероантигендер — әртүрге жататын организмдегі ортақ антигендер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет