Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар



бет29/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Тақырып № 6 «Бактериялық ішек жұқпаларының қоздырғыштары-эшерихиоз, іш сүзегі, А және В партифтері, сальмонеллез.»

Эшерихиоздардың қоздырғыштары. Ішек таяқшасы- бұл ,тоқ ішектің қалыпты микрофлорасының өкілі: бірқатар пайдалы қызметтер атқарады, соның ішінде ішек аурын тудыратын бактерияларға ,шіріткіш бактерияларға Candida туыстығындағы саңырауқұлақтарға антогонист болып келеді. Ішек таяқшасы ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда кең қолданылады, ол генетикалық инженерия мен биотехнологияда кеңінен қолданылатын жан-жақты генетикалық үлгі,сонымен қатар, оны қоршаған орта нысандарының фекальды ластануын анықтау үшін санитарлық - көрсеткіш микроорганизмі ретінде де қолданылады. Дегенмен , E.coli адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін. Тоқ ішекте мекендейтін шартты-патогенді штамдар ағзаның иммунды жүйесі әлсірегенде асқорту жолынан тыс әртүрлі іріңді-қабыну ауруларды тудыруы мүмкін: циститтер, отиттер, менингиттер. Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге арналған негізгі материалы –нәжіс, мұрыннан аңқадан, құлақтан ірің, қан, зәр. Негізгі әдіс – бактериологиялық әдіс. Диагностика алынған таза дақылдың түрі мен тегін анықтап қана қоймай , оның қай серологиялық топтарға жататындығын айқындайтын бактериологиялық әдістің көмегімен жүзеге асырылады; түрішілік дентификация сереологиялық топты анықтаумен жүргізіледі.

Материалды жинау тәсілі

Зәр, нәжіс


3-5 г материалды натри хлоридінің изотониялық ертінсіне немесе глицерин қоспасы бар пробиркаға орналастырады.
Нәжістің соңғы бөлігін алған орынды, өйткені коли-энтериттер ащы ішекті зақымдайды. Емізулі балалардан тексеріске материалды жайалықтан алады.

Құсық бөлінділері

3-5 г материалды зарарсыздандырылған ыдысқа жинап, натрий-хлоридінің изотониялық ертіндісімен араластырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет