«Иммунитет. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері»
Иммунды жүйенің негізгі қызметі –иммунитетті тудыру. Иммунитет – дегеніміз организмнің генетикалық бөгде информациясын тасымалдау- шылардан қорғану әдісі, ішкі гомеостазды сақтау үшін бағытталған.Иммунды жауап дегеніміз антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және организмнен шығаруға бағытталған иммун жүйесінің арнайы комплексті реакциясы. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялар- мен жүзеге асады. Иммундық реакциялардың нәтижесінде иммунды гомеостазды реттейтін биологиялық белсенді заттар босатылады. Біріншілік иммунды жауап Антигенмен бірінші рет түйіскеннен кейін 5-.7 кунде қалыптасады. Біріншілік гуморалды иммунды жауаптың негізінде ең бірінші IgM-классты АД түзілуі жатады. Клеткалық иммунды жауап жетілген эффекторлы Т-лимфциттердің пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар-Т- және В- есте сақтау клеткалар түзіледі Екіншілік иммунды жауапАнтигенмен екінші рет түйіскеннен кейін жоғары денгейде тез қалыптасады, біріншілік иммунды жауппен салыстырғанда организмнің эффективті корғанысын қамтамасыз етеді. IgG-антиденелер жоғары денгейде түзіледі. Екіншілік иммунды жауаптың нәтижелігі есте сақтау клеткалармен байланысты. Иммунды жүйенің негізгі қызметтері:
Жұқпаларға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету.
Ісікке қарсы иммунитетке қатысу.
Трансплантациялық иммунитетке қатысу.
Аллергиялық реакцияларға қатысу.
Аутоиммунды патологияның даму механизмдеріне қатысу.
Ана мен бала организмдері өзара қатынасына қатысу.
Қабыну процессіне қатысу.
Қан ұю механизмдеріне қатысу.
Организмнің иммунды жүйесі біртұтас морфофункционалды жүйе
Иммун жүйесінің жалпы салмағының мөлшері – 1,5-2 кг. тартады, ал лимфоциттердің жалпы саны 1013-і дәрежесінде болады.Лимфоциттер лимфатикалық тамырлар мен қан тамырлар арқылы лимфоидты мүшелер мен лимфоидты емес тіндердің арасында интенсивті түрде рециркуляциялайды. Бұл лимфоциттердің миграциясы керісінше де жүреді.Миграция механизмі лимфоциттердің бетіндегі белгілі молекулалардың қан тамырының эндотелийінің мембранасындағы белгілі бір молекулалармен әсерлесуден тұрады (адгезиндер, интегриндер).Лимфоциттердің миграциясы организмнің жүйелі физиологиялық мақсаттарына байланысты.Лимфоцит-иммун жүйесінің негізгі клеткасы
Достарыңызбен бөлісу: |