Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар



бет40/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫ.Оба қоздырғышы-трансмиссивті зооноздар тобына жататын, жедел-табиғи-ошақты ауру, қоздырғышы L.pestis. Оба аса қатерлі карантиндік инфекциялардың қатарына жатады.Адамдарға табиғи ошақтық формасы жұқанда бубонды түрі дамиды, ол ке
йіннен асқынып өкпелік түріне ауысуы мүмкін. Екіншілік формасымен аурып жүрген адамдардан жұқтырып алғанда біріншілік формасы дамуы мүмкін. Микробиологиялық зерттеудің мақсаты:1. Диагнозын қою және емнің эффективтілігін тексеру;2. Жануарлардың жұққыштығын анықтау және табиғи ошақтардағы тасымалдаушыларды табу;3. Сыртқы орты обьектілерінің жұқтыру қауіптілін анықтау. Зерттеу материалдары: 1. Науқастан қан, қақырық, бубонның бөліндісі; 2 кеміргіштер; 3. Эктопаразиттер; 4. Қоршаған орта обьектілері. Лаборторияға зерттелетін материалды алу және тасмалдау обаға қарсы костюммен жасалуы тиіс. Алынған материлды шыны банкаға салып, жақсылап тығындап, балаусызданған қағазбен орайды. Банкаларды герметикалық ыдысқа тығындап қояды. Обаның диагностикасында экспресс- әдістер, жедел және классикалық зерттеу әдістері қолданылады. Экспресс әдіс үшін: флюоренценттік антиденелер әдісін,ЖГАР,антиденелерді бетараптау реакциясы қолданылады.

Оба қоздырғышының қоректік ортада өсуі. (Jersinia pestis). а – оба қоздырғышы (Леффлер көгімен бояғанда); б – МПА өсуі: 1 – 24 сағаттан кейін сынған шыны; 2 – 48 сағаттан кейін кестеленген ормал тәріздес; в -МПБ –де өсуі 'сталактит'
Жедел әдіске: 1. Зерттеу материалын сепкен кезде оба бактериофагын қолдану; 2. Биосмалы жануарларды кезеңдермен зерттеу; 3. Жануарларға резистенттілігітөмен биосынамалар қою. 4. Класикалық әдіске бактериологиялық,бактериоскопиялық,биологиялық сынама, иммунологиялық зерттеулер жатады. 5. Бактериологиялық әдісте бірнеше жағындылар дайындалады. Грам әдісімен және метилен көгімен,люмениценттік обаға қарсы иммунды глобулинменбоялады. Жағындыдан екі ұшы боялған грамша теріс бактериялар табылады.Биологиялық сынаманы теңіз шошқаларына, кейде ақ тышқандарға жасайды, кейіннен таза дақылын бөліп алады.Иммунологиялық зерттеу әдісіне ЖГАР, антиденелерді бетараптау реакциясын, жанама иммунды-флюоресцентті әдіс, ИФА қолданылады. ТУЛЯРЕМИЯ ҚОЗДЫРҒЫШЫ.Туляремия-жалпы уланумен, дене қызбасының жоғарлауымен, ошақтардың зақымдалуымен дамитын, облигатты, табиғи-ошақты зооноз. Зерттеу материалына: 1. Науқастан. Аурудың клиникалқы түріне байланысты бубонан пунктат, қан,коньюктиваның іріңдік бөліндісін, жараның түбінен қырынды, жұтқыншақтан жағынды; 2.кеміргіштердің ағзалары; 3. Аурутасмалдаушылар-масалар,шіркейлер, кенелер; 4. Қоршаған орта обьектілері-ауа,су, ас тағамдары.

а) таза дақыл; б) ағзадан жағынды.
Зерттеу затын алуда, тасымалдауда аса қатерлі инфекциялардың қоздырғыштарымен жұмыс жасау ережелерін қатаң сақтауда талап етеді. Қолданылатын әдістер: 1. Иммунологиялық әдіс-агглютинация реакциясы,ЖГАР,қанды –тамшылы реакциясы.Қанды-тамшылы реакция туляремияны жедел анықтауда қолданылады. Майсыздандырылған зат әйнекшесіне саусақтан қан алады. Жанына туляремиялық диагностиканың тамшысы тамызылады. Одан соң бұл екі тамшы араластырылады. Эритроциттер дистилденген суда гемолизденеді. Қанда агглютининдер титрі жеткілікті мөлшерде болса агглютинация пайда болады-оң нәтижелі. 2. Биологиялық сынаманы ақ тышқандар мен теңіз шошқаларына жасайды. Патологиялық материалдарын микробтың таза дақылын биосынма арқылы бөліп алады. Жануарлардан бөлінген дақыл қоектік орталарда өседі. Қоректік орталарға тікелекй сенпкенде туляремия қоздырғышын бөліп алу мүмкін емес. 3. Туляремиямен қойылатын тері-аллергиялық сынама. Организмнің аллергиялық реактивтілігі аурудың 4-6 күнінде дамиды және көптеген жылдарға сақталады, сондықтан аллергиялық әдісті ерте және ретоспективті туляреми диагностикасы мақсатында қолдануға болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет