Микроорганизмдерді негізгі морфологиялық қасиеттері бойынша жіктеу, олардың жағындыда орналасуы. Мысалдар келтіріңіз. Бактериялық жасушаның негізгі және қосымша компоненттері және олардың функциялары. Оларды анықтау әдістері



бет14/39
Дата02.06.2023
өлшемі164,56 Kb.
#97921
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
14."Инфекциялық процесс" және "инфекциялық аурулар" ұғымдарына анықтама беру.Инфекцияның берілу жолдары, инфекциялық процестің негізгі кезеңдері. Әрбір кезеңді сипаттау.
Инфекциялық процесс - бұл биологиялық құбылыстар мен макроорганизмнің ішкі ортасының қалыпты жағдайын бұзатын процестер, патогендік микроорганизмдердің енуі мен көбеюі нәтижесінде пайда болатын физиологиялық функциялар. Инфекциялық процесс макроорганизмдер мен патогендік микроорганизмдердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын және дамитын физиологиялық, патологиялық және репаративті реакциялардың жиынтығымен сипатталады. Инфекциялық процесс субмолекулалық, субклеткалық, жасушалық, ұлпалық, органдық және организмдік деңгейде жүреді. Инфекциялық процесс кезінде патогенді микроорганизмдер және олардың тіршілігінің токсинді заттары, ферменттері сияқты өнімдері мен ие организм органдары және ұлпалары,клеткалар арасында әр-түрлі қарым-қатынастар орнайды.
Инфекциялық ауру - бұл зертханалық немесе клиникалық әдістермен анықталатын инфекциялық процестің құбылысы. Инфекциялық ауру клиникасы айқын инфекциялық процестің формасы.
Инфекция көздері (источник):
Ауру адам немесе жануарлар
Бактериятасымалдаушылар
Берілу факторлары:
Тағамдар, топырақ, ауа, су, шаң, нәжіс, тұрмыстық заттар, жеміс-жидек, көкөніс, жәндіктер, медициналық саймандар т.б.
Жұғу жолдары:
1. Трансплацентарлы (вертикальды) – қызамық
2. Контактылы (жанасу) – тікелей жанасу –
жыныстық жолмен жанама жол – тұрмыстық заттар арқылы
3.Трансмиссивті – жәндіктер шаққанда (безгек)
4.Фекальды-оральды (алиментарлы, тағамдық) – ауыз арқылы жұғу (іш сүзегі, гепатит А, полиомиелит)
5.Ауалы-тамшылы (респираторлы) – тыныс алу жолдары арқылы жұғу (қызылша, тұмау)
6.Парэнтеральды (ятрогенді) - әр түрлі инъекциялар кезінде жұғу (гепатит В, ЖИТС)
Инфекциялық процесстің даму кезеңдері
1.Жасырын кезең (инкубациялық) – микроб жұққан кезден алғашқы ауру белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт. Ол микробтан өсу жылдамдығына, улы заттар бөлінуіне, макроорганизмнің реактивтілігіне байланысты бірнеше сағаттан (сальмонеллез), апталар (іш сүзегі, мерез), айлар (құтыру, гепатит) және жылдарға (аллапес) созылуы мүмкін.
2.Мазасыздану кезең – барлық жұқпалы ауруларға ортақ жалпы мазасыздану белгілері байқалады (тәбеті жоқ, шамалы дене өызбасы, бас ауыру) және орта есеппен 4 -5 күнге созылады.
3. Аурудың қозу кезеңдері - әрбәр ауруға тән клиникалық симптомдардың айқындалуы болады, бұл кезде алғашқа диагноз қою мүмкіндігі туындайды.
4.Айығу кезеңі- реконвалесценттік кезең. Бұл кезде негізгі симптомдары басылады, температурасы жылдам төмендепөалпына келе бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет