Микроорганизмдерді негізгі морфологиялық қасиеттері бойынша жіктеу, олардың жағындыда орналасуы. Мысалдар келтіріңіз. Бактериялық жасушаның негізгі және қосымша компоненттері және олардың функциялары. Оларды анықтау әдістері



бет13/39
Дата02.06.2023
өлшемі164,56 Kb.
#97921
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Қойылатын талаптар:
Төмен концетрацияда(10-30мкг/мл) аурудың қоздырғышын өлтіруі немесе оның өсуі мен дамуын тоқтатуы керек
Антибиотиктің белсенділігі ағзадағы биологиялық сұйықтықтардың әсерінен төмендемеу керек
Микроорганизмге қысқа уақыттың ішінде әсер көрсетіп ,оның тіршілік циклын тоқтатуы керек
Микроорганизмге зиянын тигізбеуі керек
Жазылу үрдісіне кедергі жасамауы керек
Иммунологиялық реакцияларды басып тастамауы
Препараттың сіңуі мен шығарылуы жақсы болуы керек
Әр жасқа арналған қолайлы дәрілік форма,қалыпты сақтау жағдайының тұрақтылығы.

Антибиотиктерге сезімталдықты талдау дәрігер дәрігердің пациенттің ауруының бактериялық сипатта екенін сезген кезде міндетті болып табылады. Бұл дәрігерлер мутацияларды ынталандырмай, микроорганизмдердегі қарсылықты туғызбау үшін осы препараттарды тағайындауды бақылауға тырысады.
Антибиотиктерге сезімталдықты тексеру бұл аурудың ерекше жағдайында патогендік флораға әсер ететін дәрілік заттарды анықтаудың зертханалық әдісі болып табылады
Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістері: Агарға деффузиялау (қағаз дискалар) әдісі. Қоректік агардың бетіне микроб дақылын сеуіп, әр жеріне ара қатынасын сақтап әр түрлі антибиотиктер сіңірілген сорғыш қағаз дискаларын қояды. Нәтижесін бір тәуліктен кейін дискалар айналасындағы микроб өспеген зонаның диаметрін өлшеп анақтайды
: 2. Сұйық ортада сериялық сұйылту әдісі. Сұйық ортада (ЕПС) қолданылатын а/б-тің екі еседен сұйытылған ертінділеріне зерттелетін микробтың бірдей дозаларын қосып шығып, бір тәулік инкубациялағаннан кейін микроб өсіндісі жоқ пробирка бойынша нәтижесін анықтайды. Бұл әдіс бойынша МТК (МПК) және МКБ көрсеткіштерін анықтауға болады.
Антибиотикке сезімталдық дәрежесін бағалау: Сезімтал - қалыпты дозада қолданғанда микроб өсуі тоқтайды. Микроб өспеген зонаның диаметрі – 22 мм-ден жоғары. Сезімталдығы орташа – емдеу үшін максимальды дозаны қажет етеді (диаметрі – 11-22 мм). Төзімді – емдеу үшін а/б-тің өте жоғарғы концентрациясын қажет етеді (зона диаметрі 11 мм-ге дейін одан төмен, тіпті дисканың қасында да микроб өседі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет