12.Генетикалық рекомбинация түрлері (трансформация, трансдукция, коньюгация), Олардың әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңіз. ГЕНЕТИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
Бір торшаны екі түрлі вируспен зақымдағанда болатын будандасу. Генетикалық рекомбинация нәтижесінде аналық вирустарда жоқ мәліметтер жинағы жазылған ұрпақ геном пайда болады. Вирустарда бұл байланыс екі түрлі әдіспен өтеді: молекулалар алмасуы және ген алмасуы. Молекула алмасуда нуклеин қышқылының бөлшектері алмасады, мұнда ковалентті байланыс үзілмейді (мысалы,. Грипп вирусындағы РНҚ үзінділерінің алмасуы). Ген алмасуында нуклеин
қышқылының ковалентті жалғаулары үзіліп қайта қосылады. Бүл жағдайда екі геном бірімен бірі араласып кетсе, жаңа ұрпақ геномы пайда болады. Мұндай жағдай екі түрлі вирус бір торшаға кірсе ғана туады. Ген араласу әдісімен үзік геномды вирустар ғана будандасады.
Онда екі вирустың геном кесінділері бір бірімен алмасады
КОНЪЮГАЦИЯ
Конъюгация (лат. conjugatіo – қосылу) – екі генеративті (жынысты) ядроның қосылуы.
1) балдырларда (кейбір диатомды, коньюгатты түрлерінде) – құрылысы
бірдей балдырлардың вегетативті екі клеткасындағы заттардың біріне-бірі
құйылып қосылуы;
2) инфузорияларда – жыныстық ядроларының алмасуы және олардың
жұптанып қосылуы;
3) бактерияларда – генетикалық материалдарының алмасуы. Бұл кезде
екінші клеткаға ДНҚ жіпшесінің бір бөлігі ауысады;
4) хромосома Конъюгациясы – гомологтық хромосомалардың уақытша
жұптасып айқасуы; бұл кезде хромосоманың гомологтық бөліктерінде алмасу
жүреді
ТРАНСДУКЦИЯ (лат. transductіo – орын алмастыру) – генетикалық материалдың бір бактериядан (донор) екіншісіне (реципиент) бактериофагтардың көмегімен тасымалдануы. Бұл клетканың тұқым қуалаушылық қасиеттерінің өзгеруіне себеп болады. Трансдукция көптеген бактериялар, салмонеллалар, бацилл және актиномицеттерден табылған. Донор клеткасынан реципиент
клеткасына бактериофаг типіне байланысты бактерия хромосомасының тек белгілі бөліктері ғана тасымалданса, оны арнайы Трансдукция, ал егер реципиент клеткасына бактерия хромосомасының кез келген бөліктері тасымалданатын болса, оны жалпы немесе арнайы емес Трансдукция деп атайды.
ТРАНСФОРМАЦИЯ
• Трансформация (көне лат. transformatіo – айналу), генетикада оқшауланған дезоксирибонуклеин қышқылының көмегімен генетикалық ақпаратты қандай да бір жасушаға ендіру процесі.
Трансформация нәтижесінде генетикалық ақпарат Трансформацияланған жасушада және сол жасушадан тараған ұрпақ жасушаларда жаңа белгілер пайда болады.
Антибиотиктер._Антибиотиктердің_анықтамалары_мен_жіктелуі._Антибиотиктерге_қойылатын_талаптар._Бактериялардың_микробқа_қарсы_агенттерге_сезімталдығын_анықтау_әдістері._Нәтижелерді_түсіндіру.'>13 Антибиотиктер. Антибиотиктердің анықтамалары мен жіктелуі. Антибиотиктерге қойылатын талаптар. Бактериялардың микробқа қарсы агенттерге сезімталдығын анықтау әдістері. Нәтижелерді түсіндіру. Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және .гр bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген.
Жіктелуі: Құрылымында В лактамды сақинасы бар антибиотиктер
Молекуласында аминоқанттары бар антибиотиктер
Гликопептидтер
Макроциклдың сақинасы құрамында бар антибиотиктер
Оксазолидинондар
Хинолондар
Конленсирленген 6-мүшелік циклды құрылымдық негізіндегі антибиотиктер
Диоксиамино-фенилпропан өнімдері
Сульфаниламидтер
Рифампицин
Линкозамидтер