Гонорея, соз ауруы-несеп шығару-жыныс жолдарының шырышты қабығының қабынуымен сипатталатын жыныстық ауру.
Соз-кең таралған жыныстық аурулардың бірі.Жұғу көзі ауру адам.Әйелдерде ауру жиі жасырын түрде өтеді,ондай әйелдер инфекцияның резервуары болып табылады.Негізгі жұғу жолы-жыныстық қатынастар,босанатын әйелден инфекция перзентке туу кезінде жұғу мүмкін.
Аурудың патогенезі ж/е клиникалық көріністері:Қоздырғыштың кіру қақпасы-несеп шығару өзегінің ,жатыр мойының,тік ішектің , ауыз қуысының, көз дәнекер қабығының эпителийі.Гонококтар эпителийге кірпікшелері арқылы жабысады,шырышты қабығының бетіндегі жергілікті имунитетке жауапты lg A -ны lg A-протеза ферментімен ыдыратады.Гонококтар эндоцитоз жолымен эпителий жасушаларынан енеді,эндосомалар гигантты вакуольге бірігеді.
Ауыз қуысының зақымдануы:Ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабығының зақымдануы-создың ең сирек кездесетін түрі.Бұл соз ауруы бар әйелдерден туылған нәрестелерде кездеседі, перзент туу жолдар арқылы өткен кезде бактериялар перзентінің ауыз қуысына да,көзге де өтеді.Ересек адамдарда гонококтар ауыз жұтқыншаққа тек соз ауруы бар адаммен оральды—генитальды жыныстық қатынасқа түскен кезде жұғады.Ауру кезінде қабыну жұмсақ таңдайда ,тіл үстінде және үзбесінде, қызыл иекте, астыңғы ерінде байқалады.Шырышты қабығы қызарады,ісінеді.Ірінді экссудатты гонококтар табылады.Ұсақ жарақаттардың,былжыраудың болуы сызат,жарық ,эрозия болуына әкеледі
Микробиологиялық диагноз қою:1.Бактериологиялық әдіс қолданылады.Науқастан алынған жағындыны бірден қоректік ортаға себу керек.1-8тәуліктен калониялар өсіп шығады.2.ПТР әдісімен тек жыныс жолдарының бөліндісін зеріттеуге болады.
34. Ауыз қуысының вирусологиясы. Вирустардың құрылысы және жіктелуі. Вирустарды өсіру. Ортомиксовирустар. Парамиксовирустар. Аденовирустар. Коронавирус. Микробиологиялық диагностикасы. Емдеу принциптері, алдын алу. Вирустарды құрылысы бойынша екі топқа бөледі.
1.Қарапайым: ДНҚ н/е РНҚ ж/е бір ақуыздық қабаттан тұрады; мөлшері – 15-150 нм; капсидтері кристалдық ж/е таяқша тәрізді
2.Күрделі: ДНҚ н/е РНҚ ж/е 2-3 қабаттан тұрады: ақуыздық, липопротеидтік ж/е көмірсутектік; мөлшері– 80-350 нм; капсидтері сфералық
Ауыз кілегей қабығы ауруларының ішінде вирустық аурулар ерекше орын алады. Ересек адамның ауызында вирустардың біраз түрлері болады. Көбіне олар организмде жасырын түрде кездеседі, ал организмнің қарсыластығы төмендеген кезде көбейіп, ауру туындатады. Дені сау адамдардың ауызында қарапайым ұшық вирусы , цитомегаловирус, аденовирустар, энтеровирустар, реовирустар және басқалары кездеседі.