Микроорганизмдерді негізгі морфологиялық қасиеттері бойынша жіктеу, олардың жағындыда орналасуы. Мысалдар келтіріңіз. Бактериялық жасушаның негізгі және қосымша компоненттері және олардың функциялары. Оларды анықтау әдістері



бет30/39
Дата02.06.2023
өлшемі164,56 Kb.
#97921
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Диагноз қою:Ауруға диагноз қоюға қосымша зеріттеулердің маңызы зор:қанның жалпы анализі,цитологиялық зеріттеулер.Диагнозды дәлелдеу үшін бактерископиялық әдіс қолданылады,оң жағдайда коктармен арасында басым көбі фузобактериялар мен спирохеталар табылады.
Емдеуі: Емдеу тағайындау кезінде науқастың жалпы және стоматологиялық статусы есептеледі.Жергілікті терапия ретінде консервативтік ,хирургиялық,ортопедиялық араласуларды жасайды. Ауызды антисептикпен өңдейді 0,06% хлоргексидин ерітіндісімен өңдеу, қызыл иекке Метрогил Дента гельімен Клиостом жағады,сибедин таблеткасын тағайындайды.Аурудың ауыр түріне антибиотик қабылдайды.

32. Венерологиялық аурулардың қоздырғыштары. Мерез, ауыз қуысының сифилиттік зақымдануы. Морфологиялық және тинкториалдық, дақылдық қасиеттері. Инфекцияның берілу көздері мен жолдары. Диагностикалау әдістері.
Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасының құрамында патогенсіз және шартты
патогенді микроорганизмдер болады, сонымен қатар көптеген жұқпалы аурулардың
қоздырғыштарына ауыз қуысы кіру қақпасы болып табылады. Оларға ауа-шаңды, ауатамшылы, алиментарлы, тұрмыстық қатынасты жолдары арқылы таралатын ауру
қоздырғыштары жатады.
Мерез қоздырғышы —Барлық органдармен тіндерді зақымдайтын ,циклді дамумен сипатталатын жұқпалы жыныстық инфекция.Бозғылт спирохетадан пайда болатын созылмалы арнайы аурулар қатарына жатады. Спирохета адамға ауыз қуысының клегей қабығы арқылы кіреді. Мерез жүре пайда болған және туа пайда болған деп екіге бөлінеді.
Ол тек адамда ғана болады.
Жұғу жолдары:Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен
ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық
(тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді.

Мерез өзінің дамуында 4 кезеңнен өтеді: 1. Инкубациялық (жабық); 2. Бірінші; 3. Екінші; 4. Үшінші кезеңі.
• Инкубациялық (жабық) кезеңі бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады Бұл кезеңнің уақыты емдеуге байланысты бір айдан аз болуы да мүмкін. Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады.
Бірінші кезеңнің басталуы спирохета енген жерде түйін пайда болған уақыттан басталады. Бұны түйінді-қатты шанкр деп атайды. Бірінші кезең 6—7 жетіге созылады. 7—8 күннен кейін лимфа түйіндері үлкейіп дене қызуы көтеріліп, бас, буындар ауырып, организм әлсірейді. Бұл уақытта спирохета палида өте тез көбейіп өседі. Қатты шанкр жараға айналып, 2 жетіден кейін өзінен-өзі жазылады. Кейбір кезде жара орнында кішкене түйін қалуы мүмкін. Әдетте, мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде т.б жерлерінде кездеседі.
Ауру жұққаннан кейін екі-үш ай өткесін мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде теріге бөртпе қаптап кетеді, бірақ, ол теріні түсірмейді жане науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Еріннің, ауыздың ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы да мүмкін, сонымен қатар, теріде қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне
шыққан майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде бірінебірі қосылып, үлкен жараға айналады. Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз уақыттан кейін белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан ғана табуға болады. Егер ауру адам емделмесе мерездің екінші кезеңі үш-төрт жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталап отырады. . Осыпан кейін екінші мерез өзінің жабық кезеңіне айналып барлық белгілері төмендейді. Бірақ, серологиялық реакция әрқашан оң нәтиже көрсетеді. Екіншілік мерезде қоздырушысына қарсы антиденелер түзіледі. (IgG, IgM)Үшінші кезең немесе гумма (гуммалар лимфоциттерден, плазматикалық клеткалардан, моноциттерден тұрады). Гуммалар аллергияның көрсеткіштері. Олар ағзада бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін мерезі 6—7 жылдан кейін басталады.
Бұның бірінші элементі гумма (мерез түйіні) болып есептеледі. Мерез түйіні қаттылау-майысқақ, қызылкүрең түсті. Бұл тері немесе кілегейлі қабық астында орналасып, кейін түйін ортасында өзек пайда болады. Өзек суланып басқа тіндерден бөлініп шығады, яғни
түйін ортасында жара пайда болады. Ол терең, жанжағы тегіс, қатты, ойық (кратер) тәріздес. Түбі терең мұз астындай жалтылдап жатады, кейбірде жара түбінде
грануляция болады. Жара ауырмайды.
• Бет-жақ сүйегінің ішінде мерез мұрын сүйегінде көп кездеседі. Мұрын сүйегінің қабынып жоғалуына байланысты оның формасы ер тәріздес өзгереді, яғни мұрынның орта бөлігі төмен түседі.
Төртіншілік мерез – нейромерез, трепонемалар жүйке жүйесіне әсер етіп
прогрессивтік паралич пен жұлын сухотканы тудыруы мүмкін. Мерез кезінде
пайда болған иммунитет стерильді емес.Екіншілік мерезден бастап
антиденелер түзіледі. Мерез кезінде G, M, E иммуноглобулиндері пайда болады.
Аурудан жазылған соң, иммундық есте ешқандай хабар сақталмайды. Сондықтан неше рет жұғады сонша рет ауырады


33. Венерологиялық аурулардың қоздырғыштары. Гонококкты стоматит. Анықтамасы. Патогеннің морфологиялық, тинкториалдық және дақылыдқ қасиеттері. Инфекцияның берілу көздері мен жолдары. Диагностикалау әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет