Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


ВНИРО МАМАНДАРЫНЫҢ ИТИОЛОГТАРҒА ҰСЫНҒАН ГИСТОЛОГИЯ ӘДІСІ



бет30/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
2. ВНИРО МАМАНДАРЫНЫҢ ИТИОЛОГТАРҒА ҰСЫНҒАН ГИСТОЛОГИЯ ӘДІСІ

Балықтардың мүшелерінің гистологиялық препараттарын дайындаудың заманауи әдістері сипатталған.




2.1 Бутанол мен дегидратация
Дегидратацияны 10° -тан кейін концентрациясының жоғарылауымен 70° спиртен бастау керек. Спирттер арқылы өткізгеннен кейін, мүшелерді бутанолмен спирт қоспасына салады, содан кейін таза бутанолға ауыстырады (1-кесте).
1-кесте. Материалдарды дегидратациялап, парафинді блок дайындау процессіне арналған батареялар

Батарея

Спирт пен бутанолдың қатынасы

Уақыт

70° этанол




35

80° этанол




35

90° этанол




35

70°этанол+бутанол

3:1

35

80°этанол+бутанол

1:3

35

90°этанол+бутанол

1:1

35

Бутанол I




35

Бутанол II




35

Парафин I




түн

Парафин II




45

Парафин III




45

Спирттерді қайта қолдану тиімсіз, өйткені, олардың концентрациясы, объектілерді дегидратациялау барысы төмендейді. Бутанолдан кейін мүшенің кесінділерін сүзгі қағазға түсіру керек. Содан кейін балқытылған парафинге ауыстырып және сіңіру үшін бір түнге 56°C температурасында орнатылған термостатқа салу керек. Парафинге салынған мүшелер спиртшамының жалынына қыздырылған пинцетпен алынады, әйтпесе суық пинцет балқытылған парафинге салынған кезде парафин оған жабысып қалады және мүшелерді пинцеттен бөліп алып, оны парафинге орналастыру мүмкін болмайды. Таңертең сіңдіруді жалғастырыңыз, ол үшін термостатта тұрған бірінші парафиндегі мүшелерді спиртшамының жалынына қыздырылған пинцетпен, екінші парафинге содан кейін үшіншіге ауыстыру керек. Парафинді сіңдіруді шыны ыдыстарға қарағанда баяу салқындатылатын ашық фарфор тигельдерінде жүргізу керек. Парафинді сіңдіру барысында парафиннің үш бөлігін қолдану ұлпадағы бутанолдың қалдықтарын кетіру үшін қажет. Парафиннің құрамында бутанол көп болып кетсе парафиннің жұмсақтығы өзгеріп, сынғыш болып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет