Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Целлоидин - майсана майы арқылы дегидратациялау



бет31/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Целлоидин - майсана майы арқылы дегидратациялау
Ихтиологтарға көбіне сарыуыз немесе май мөлшері көп заттармен жұмыс жасауға тура келеді. Олар фиксациялау процесінде және одан әрі дегидратациялау кезінде өте тығыз болады. Бұл жағдайда майсана майын қолдану жақсы нәтиже береді. Хлороформды аралық орта ретінде пайдалану керек (кесте 2).
Целлоидин - майсана майы арқылы дегидратациялау
Кесте 2

Батарея

Экспозиция

Ескерту

70о этанол

1 сағат




80о этанол

1 сағат




90о этанол

1 сағат




96о этанол

1 сағат




Бутанол I

1 сағат

Бутанолға салмас бұрын, оны фильтр қағазымен құрғату керек

Бутанол II

1 сағат




Целлоидин - майсана майы

1 сағаттан екі күнге дейін




Майсана майы

2 күннен 3 күнге дейін

Майсана майынан кейін фильтр қағазымен құрғату керек.

Хлороформ I

1 сағат




Хлороформ II

1 сағат




Хлороформ –парафин (қосындысы 1:1)

Түнге қалдыру керек

жұмыстан шығар алдында, кешке, 37°С температурада термостатта жабық ыдыста қалдыру керек.

Парафин I

45 мин

56°C температурада термостатта ашық тигельдерде қалдырыңыз

Парафин II

45 мин

56°C температурада термостатта ашық тигельдерде қалдырыңыз

Бутанолдың екінші өзгеруінде дегидратациядан кейін (бутанол II) материал целлоидиннің майсана майымен (целлоидин-кастор майы) қоспасына ауысады.


Целлоидин - майсана майы арқылы дегидратациялау
(модификация 1)
Кесте 3

Батарея

Экспозиция

Ескерту

70о этанол

шектеусіз уақыт

Буэн қоспасында бекітілгеннен кейін Пикрин қышқылы жақсы жуылады

80о этанол

2-3 сағат




90о этанол

Түнге қалдыру керек

жұмыстан шығар алдында кешке салып қою керек

96о этанол I

3 сағат




96о этанол II

1 сағат

Бутанолға салмас бұрын, оны фильтр қағазымен құрғату керек

100о этанол

1 сағат




Целлоидин - майсана майы

1 сағаттан 7 күнге дейін

Майсана майынан кейін фильтр қағазымен құрғату керек

Хлороформ I

1 сағат




Хлороформ II

1 сағат




Хлороформ –парафин (қосындысы 1:1)

Түнге қалдыру керек

жұмыстан шығар алдында, кешке, 37°С температурада термостатта жабық ыдыста қалдыру керек.

Парафин I

30-60 мин

56°C температурада термостатта ашық тигельдерде қалдырыңыз

Парафин II

30-60 мин

56°C температурада термостатта ашық тигельдерде қалдырыңыз



Целлоидин - майсана майы арқылы дегидратациялау
(модификация 2)
Кесте 4

Батарея

Экспозиция

Ескерту

70о этанол

3 сағат




80о этанол

3 сағат




90о этанол

6 сағат




96о этанол

6 сағат




100о этанол I

3 сағат




100о этанол II

3 сағат




Целлоидин - майсана майы

1 күннен 3 күнге дейін




майсана майы

2 күннен 3 күнге дейін

Майсана майынан кейін спирт-эфирде шаю керек

Хлороформ I

3 сағат




Хлороформ II

3 сағат




Хлороформ –парафин (қосындысы 1:1)

Түнге қалдыру керек

жұмыстан шығар алдында, кешке, 37°С температурада термостатта жабық ыдыста қалдыру керек.

Парафин I

1 сағат

56°C температурада термостатта ашық тигельдерде қалдырыңыз

Парафин II

1 сағат

56°C температурада термостатта ашық тигельдерде қалдырыңыз



2.2 Парафинмен құю

Сағаттар шынысына ұсақ заттар құйылады, ал үлкендері үшін арнайы гистологиялық қалыптар қолданылады. Қазіргі уақытта гистологиялық жабдық өндірушілер затты парафинге құюға арналған қазықтары бар арнайы дайын кюветтерді құюды ұсынады, бұл затты блокқа салмауға мүмкіндік береді.


Парафин қатайғаннан кейін сақиналарды бірден микротомның блок ұстағышына бекітіп, препарат кесуге болады. Парафин блоктарынан алынған кесінділер бояуға дайындалып, парафиннен тазарту жүргізіледі – депарафинизация (5-кесте).


Бояуға дайындалған препараттарды депарафинизациялау
кесте 5

Батарея

Экспозиция, мин

Ескерту

Ксилол I

10

Заттық шыныларды бір ортадан екіншісіне ауыстыру кезінде, мүмкіндігінше реагенттерді ластамау үшін, олардың артқы жағын фильтр қағазымен сүрту арқылы жақсы құрғату керек. 50 заттық шыныны өңдегеннен кейін жаңа реагенттермен ауыстыру кажет.

Ксилол II

10

96о этанол I

5

96о этанол II

5

70о о этанол

5

су

5


    1. Препараттарды бояу

Микропрепараттарды бояу - бұл ұлпа құрылымдарын визуализациялау және оларды кейіннен зерттеу үшін қажетті қадам. Бұл үдеріс қолмен немесе автоматты мультистейлердің көмегімен жүзеге асырылады.


2.4 Препараттарды бекіту
Дайын препаратқа 2-3 тамшы канадалық бальзамды тамызып, алдын ала дайындалған жабу шыныны мұқият түсіреді. Пайдаланатын орталардың ішінен канадалық бальзам ең танымал болып табылады, өйткені ондағы препараттар көптеген жылдар бойы өзгермейді. Қазіргі уақытта Biomaunt сияқты синтетикалық монтаждау ортасын да жиі пайдаланады.
2.5 Дайын препараттарды сақтау
Ұзақ уақыт сақтау үшін арнайы шкафтар қолданылады, онда сіз қайтадан қарау үшін қажетті препаратты оңай және жылдам таба аласыз. Дайын өнімді сақтау.



  1. БОТАНИКАЛЫҚ ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСІ

Ботаникалық препараттарды дайындау - қойылған міндеттерге байланысты, оның ішінде қандай препараттар дайындау керек - уақытша немесе тұрақты.


Микротомды препараттар дайындау процессы бір қатар жұмыстардан тұрады: фиксация, жуу, дегидратациялау, парафинға қую, микротомды кесінді жасап заттық шыныға жапсыру, препараттарды бояу, бальзаммен жабу.
Жабдықтар:
микроскоптар, роторлы микротом немесе шаналы микротомға арналған бір реттік пышақтар, пышақтың бір реттік ұстағышы, сағаттар, петри табақшалары, көзілдірік шынылары, щеткалар, бөлшектейтін инелер, қыздырғыш үстел, пинцет, ұстағыштар, спираль, пипеткалар, термостат, көбік блоктары.


Реактивтер:
Қолдануға дайын бояғыштар: акридин қызыл (Acridinrot), акрифлавин (Acriflavin), астер көк (Astrablau), толуидин көк (Toluidinblau), альций жасыл (Alciangruen), хризоидин (Chrysoidin). Дистилденген су, әр түрлі концентрациядағы этил спирті (70%, 50%, 30%), изопропил спирті 99,7%, формалин (40%), мұздық сірке қышқылы (99,5%), эвпаралды ортаға орналастыру (16-сурет).



16-сурет. Тұрақты препараттарды (бояғыштар, реактивтер және т.б.) жасауға арналған жинақ


3.1 Материалды фиксациялау

  1. Фиксатор әрқашан жаңа болып тұру керек. Қоспалар материалды фиксациялау алдында дайындалу керек, шыны ыдыстар таза болу керек.

  2. Фиксатор жылы болмау керек, ал жаз уақытында күннен сақтау, сонымен қатар қара түсті шыныны пайдалану қажет.

  3. Фиксатордың көлемі фиксацияланған көлемнен 10-15 есе жоғарғы болу керек. Фиксатор сұйқтықтың мөлшері аз болса тегіс сіңуіне кедергі болады, және де өсімдік шырынымен сұйылтылса оның белсенді концентрациясы төмендейді.

  4. Фиксацияға арналған материал жаңа алынған болуы керек және олар құрғақ немесе ылғалды болмауы маңызды. Өсімдіктердің мүшелерінің тургор жағдайын сақтау үшін фиксациялау алдында сулау қажет. Өсімдіктен бөліну және оны фиксациялап қоспаға салу уақытын қысқарту қажет, сол себептен фиксациялау, әдетте, жергілікті жерде жасалады.

  5. Өсімдіктерді бүтін фиксациялауға болмайды, оларды кішкене, мөлшері 0,5 -1 см. бритвамен кесіп, керек емес жабындарды және ұлпаларды шешіп алып микротоммен өңдеу үшін дайындау керек.

  6. Фиксациялау уақытында нысан ұлпаларынан ауаны шығару қажет, себебі ол фиксатор қоспалардың тегіс сіңіуіне кедергі келтіреді. Шыны ыдыстың түбіне түскен нысанның фиксаторы сіңген көрсеткіші болады. Ауаны жою үшін фиксатор бар ыдысты бірнеше рет сілку керек.

  7. Ұсынылған фиксация уақытын сақтау қажет.

  8. Фиксациялау кезінде фиксациялайтын материалға этикетка жасау қажет.



Фиксаторлар

Ботаникалық микротехникада пайдаланатын фиксаторлар екі топқа бөлінеді: сулы және спиртты. Сулы фиксатор ең жиі қолданылады: Навашин қоспасы, Флеминг қоспасы, Модилевский қоспасы, Карнуа қоспасы, Яковлев қоспасы, Чемберлен қоспасы.




Навашин қоспасы
Хром қышқылы – 1% , 10 бөлік
Формалин 16%, 4 бөлік
Мұзды сірке қышқылы – 1 бөлік
1% хром қышқылын жасау үшін 780 мг хром ангидридын (Cro2) 99 мл дистилленген су мен араластырады.
40% формалиннен 16% жасау үшін 100 мл 40% формалинге 150 мл су қосу керек немесе 40 мл 4% формалинге 60 мл Н2О қосады.
Навашин қоспасында объект 24 сағат ұстау керек. Осы қоспада ұсақ, жеңіл-1% нысандарды фиксациялауға ыңғайлы, әсіресе сабақтардың жоғарғы жақтарына, тамырларға және эмбриологиялық объектілерге арналған. Қоспа жұмсақ әрекет етеді және клеткалардың құрылымына, ұлпалардың морфологиялық ерекшеліктеріне әсер етпейді, әрі қарай Гейденгайн гематоксилинімен жақсы боялады. Навашин сұйықтығын қолдану (оның ұлпаларға баяу сіңгеніне байланысты) міндетті түрде объектіден ауаны шығаруды қажет етеді және де ұзақ уақыт ағынды су астында үздіксіз шаюды талап етеді. Хромо-формалин қоспаларын пайдаланғанда алғашқы шарт - олардың балғындығы болады. Бұл қоспа пайданалар алдында жасалу керек, егер де хром және сірке қышқылын ерте араластырса формалинді тек қолданар кезінде қосу керек. Сол себептен қоспаны 1,2 материал бөлігіне дайындау қажет. Егер қоспа жасыл немесе күлгін түсті болса ол фиксациялауға жарамайды. Хром қышқылының қоспасы.
Көрсету үшін қара стаканды немесе қосалқы қағазды ораған шыныда сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет