1.7.2 Парафинсіңдіру Барлық кейінгі дайындық нысандарды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған, оларды парафинге тікелей салу. Бұл проесс 2 кезеңде жүзеге асырылады: 1-кезең. Объектідегі су спиртпен ауыстырылады бұл процес дегидратация деп аталады. Толық сусызданған кесінділерге парафин сіңдіру үшін, олардың құрамынан спиртті толық кетіру керек. Бұл процесс материалдың сулы ортадан екіншісіне ауысуы оның құрамы мен концентрациясының күрт өзгеруінсіз біртіндеп жүруі керек дегенді білдіреді. Әйтпесе, бекітілген материалдың клеткалары мен ұлпаларының құрылымы бұзылуы мүмкін.
2-кезең. Спиртпен жақсы араластырылатын және парафинді ерітуге қабілеті бар, соңғысымен толығымен алмастыратын аралық ортаға алмасу. Зерттеліп жатқан объектен спиртті шығарып тастайтын хлороформ, бензол, толуол, ксилол, көмір қышқылы, күкірт қышқылы тағы басқалары жатады. Көбінесе хлороформ мен бензолды көп қолданады, ал толуол мен ксилол материалды қаттылау қуырыңқырап жіберіп, қатқылдау етеді. Хлороформ ластанып кетпеуін және құрамында судың болмауын қадағалау керек.
Спиртті жою үшін материалды абсолютті спирт пен хлороформның (1:1) қоспасына 1-3 сағ. салып, содан кейін таза хлороформда ұстайды. Мұнда кесінділер басында жүзіп жүреді де, кейін батыңқырап тұрады. Спиртті жою процесінде хлороформды 1-3 сағ. арасында 2-3 рет ауыстырып тұрған да жөн. Бөлшектердің көлемі кішірек (1 х 1) болса, оны хлороформда 30 мин. артық ұстамау қажет.
Спирті жойылған соң кесінділерді термостат ішіндегі, алдын-ала ерітіліп, дайындалған парафиндердің 2-3 мөлшеріне салып, 3-4 сағ. уақытта сіңіреді.
1.7.2.1 Парафин дайындау Тазартылған парафин үлкен молекулярлы көміртегіден тұрады. Парафиннің бірнеше түрі болады.
1) Жұмсақ 45-54°С-да ерітілетін.
2) Қатты 58-60°-С-да ерітілетін. Препарат қоршаған орта температурасының төменгі жағдайында әзірленсе, 48-50°С ерігіш парафинді қолданған дұрыс болады. Парафиннің нақтылы ерігіштігі белгісіз болса, оны анықтап білуге де болады.
Оны балқуы нашар парафиннен келесі жолмен алуға болады. Парафинді 1-2 см бөлшектерге кесіп, термостаттың үстіңгі бөлігіне 2 қабатты дәкеге салып, іліп қояды (темп. 58°С-60°С). Оның жартысы еріп, ыдысқа аққаннан кейін, дәкеде ерімейтін бөлігі ғана қалады, сөйтіп жұмсақ парафиннің бірыңғай фракциясын алады. Серпімділігін көбейту үшін парафинге шамамен 0,5% ара балауызын қосу керек. Парафинді еріту термостатта немесе ыстық суда жүргізіледі. Отта немесе электр пешінде ерітсе, ол қатты сарғайып кетеді.
Парафинді сіңдіру уақытында ағза кесінділері ксилол немесе хлороформнан ажырайды, сөйтіп бірінші өлшемдегі парафин құрылымында қалады, екінші таза парафинге салуға мәжбүр етеді. Ал ең соңында парафин кесінділерін парафинді балауызда сіңіреді.