Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет17/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90

Резюме

 

Проблема  языковой  способности  человека  –  показатель  национальных  и  культурных 

ценностей.  

Summary 

The problem of human’s possibility is national and cultural prices. 

 

 

 



Ж. БАЛАСАҒҰНИ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ШЫҒАРМАСЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ 

 

МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІН ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУДЫҢ КӨРКЕМДІК ҮЛГІСІ 

 

 

Ибраева К.Ж. п.ғ.д., профессор, 

 

ҚР Педагогикалық   ғылымдар Академиясының академигі 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Қазақстан  Республикасы  демократиялық  реформаларға,  адамның  қандай  ұлтқа 



жататынына  қарамастан,  оның  құқықтары  мен  бостандығын  тануға,  этникалық  немесе 

нәсiлдiк  белгiсiне  қарап  кемсiтушiлiкке  жол  бермеуге  бағыт  ұстап  отыр.  Сондықтан 

этникалық  терiс  түсiнiктер  мен  тайталас,  этникалық  артықшылық  идеялары  мемлекеттiк 

мүдделерге  қайшылық  ретiнде  бағаланады  делінген  «Мәдени  мұра»  атты  Қазақстан 



 

112 


Республикасындағы  этникалық-мәдени  бiлiм  тұжырымдамасында.  Қазіргі  әлеуметтік-

экономикалық  жағдайында  мектептің   барлық сатысында   білім  мазмұнын  қайта    қарау  

қажеттілігі  туып,    іске    асырылап  жатыр.  Осыған    орай    жоғары  оқу  орындарының    нақты 

жолы -  білім берудің  сапасын арттырып,  оның  әдістемелік  жақтарын  жетілдіру. 

Ж. Баласағұнның «Құдатғү білік»  шығармасы өз дәуірі мен әдеби  дәстүрінің, өз 

мәдени  ортасының  жемісі, көркемдік үлгісі, эстетикалық, этикалық қадір-қасиеті жағынан 

да бірегей әрі  бүтін  дәстүрдің  құбылысына  айналған  жазу. 

Бұған    дейін      халқымыздың    рухани    мақтанышына      айналып    әлем  мәдениетінің  

жұлдыздары  қатарында    шоқтанып    көрінген      асыл      заттардың    ерекше      аталатындары  

Орхон-Енисей    жазбалары.    Осы  орайда    Әл-Фарабидің    даналығы,  педагогиклық    ой-

пікірлерінің кәусар тұнығы  сонау бес ғасырдың өлмес дарындары, Абай қарасөздері еді. Біз 

асыл  ғаламаттардың    қатарындағы    ауқымды  орны    бар    ғұлама      Жүсіп    Баласағұн    деп  

санаймыз. 

Ұлы  Аристотельдің,  кейінгі    ұстазы    Әбу  Насыр  Әл-Фарабидің  педагогикалық  ой-

пікірлері,  жалпы ғылымның әр  саласындағы   ой-толғамы  әлемге мәжһүр. Қоғам, бақытты 

мемлекет туралы бірқатар   шығармаларында  ұлағатты  ойлар  толғаған  дана  ғұлама. Осы 

Әл-Фараби   даналық толғамдары мен Жүсіп Баласағұнның эстетикалық  көзқарас-тарының  

арасындағы  үндестік,  сабақтастық  желісі  бүгін  де  айдан анық. Неге десе   ежелгі дүние  

әдебиетінде  де  ақыл,    ой,  білім,  сана,    бақыт    туралы    тебіреністер    дәстүрлі    тақырып  

арналары  болған   деуге   оңай. Ой толғам табиғатының, эстетикалық көзқарастың  білгірі 

дейміз.  Фараби  эстетикалық  трактаттарында  ғылыми  толғам,  ғалымдық  көзқараспен  ақыл- 

білімнің    негізі,      пайдасы    адамның    құт-бақыты,  жақсы    әкімдердің      құлық  –табиғаты  

туралы құнды көзқарастарын білдірсе, «Құтты  білікте» сонау  әлеуметтік мәні күшті талғам-

пікірлері  өлеңмен,  дидактикалық  поэзия  үлгісімен  жырланады.  Әл-Фарабидің  «Қайырымды 

қала тұрғындарының  көзқарастары», «Данышпандықтың маржаны», «Ақылдың мәні туралы 

трактат» тағы  басқа әйгілі туындыларының ой-идеялары  мен «Құтты  білік» дастанындағы 

аналогиялық толғам, «Ақыл-ісі баянды, құлқы тура,  жолатпайды  аярды», «Қайда  барса -  іс 

қиюын табады,  сөйлесе  ақыл-тіліңнен  бал  тамады» (18, 50, 206) т.б. түйіндер  пікірімізге  

толық дәлел. Екі ғұламаның  ел басшысы,  қоғам туралы мұраттарының ортақ принциптері 

мынандай адамгершілікті, адалдық, мейірімді қасиеті жоғары қоғамды   тұлғаны  тәрбиелеу   

жолын қарастырады.  

Баласағұның  ақылдық  қасиеті  туралы  жазған    ойларында  «ақылдылар    ақылды  әркез 

мақтайды:  «ең    ізгі  дос  сенен    ешкім  артпайды!»,  пейілің    -  түзу  бар  ісің  –  оң,  солың  жоқ! 

достарыңа  күйіндірер    сорың      жоқ!  деп  әділдік,    білімдікке  жүгінеді.  (Әрине,  IХ-Х  ғғ.,  

басқаша,  материалистік,  таптық    көзқарас  тұрғысынан  осынау  болмағаны,  тарихи  - 

әлеуметтік    алғышарттардың  өзі  оған  жібермегені  түсінікті  де,  және  де  білімге  құштарлық, 

ояту керектігін   байқаймыз. 

Сонымен бірге Баласағұнның  ойында барша  халықты – бай мен  кедейді, ғалымдармен 

қолөнерші,  малшы,  әскери  ,  қара    халықты  –  тең  ұстазды,  тең  көріп,  еңбегіне  білім  – 

парасатына  сай бағалауды  дұрыс көреді. Ғұламаның  барлық  өлеңдерінде -  халық  қамын   

ойлау,  жалпы халықтық, адамзаттық мұраттарды  жырлау. Жүсіп Баласағұнның өзіне дейінгі  

ғұламалардың    асқар  тауы  Әл-Фараби    еңбектерімен    таныспауы  мүмкін  емес,    неге  десе   

өмір сүрген  замандары  жалғас, туып-өскен   тұрған   орталарыда бір. Қайткенмен  Орхон-

Енисей,  Фараби    мұраларынсыз  «Құтадғу  біліктің»  іргесі    арасында  елеулі  мәдени  дәстүр, 

мектеп  жатыр,    танымдық,  эстетикалық    көзқарастың  ішкі  заңдылығы  болатыны  белгілі. 

«Құдатғү білік» классикалық  көне   түркі  поэзиясының  алғашқы кітабы   деп  қарағанымыз 

дұрыс.  

Бұл  түркі  мәдениетінің  осынау  ұлы  ескерткіштерінің  ішкі    байланыстары  мен    үрдіс, 

дәстүрі әлі де  тереңдей  үңілуді қажет ететін  сирек универсалды құбылыстардың бірі. Бұған  

адамзат  цивилизация  әр  саласының    ғалымдары      бүгінгі    психология,  салыстырмалы  

педагогика,    этнопедагогика    проблемаларының    астарында  зер    сала      қарағанының    куәсі 

болармыз. 



 

113 


Орхон – Енисей  жазбалары  негізінен  қазіргі  оқырманға  да  ұғынықты. Ал одан  бес 

алты ғасыр бертіңгі «Құтадғу  білік»  де  өзінің  тәлім-тәрбие, нақыл  сөздерімен  тартымды, 

жастарға түсінікті деп білеміз. Бұл  этикалық тыныстағы этико-философиялық дастан, түркі 

тілінің    эмоционалды    ескерткіші.  Кезінде    ғұлама,  жазушы  Мұхтар  Ауэзов    ол 

ескерткіштерді  «ерлік    жыры»,  «батырлар      ерлігінің,  жорықтардың    шежіресі  бар»  -  деп  

бағалаған

1

.  


Біздің    халқымыздың    да  барша  жұрт  сүйіспеншілігіне  бөленген  жүректің    тереңінен  

орын  алған,  ғасылар  бойы  біріншіден  дамып  қалыптасқан  ұлттық  өнері бар. Халқымыз 

ертеден-ақ  өнерді  ерекше    қастерлеп,   жез   таңдай  әншілер    мен  күйшілерді,    тілге    жүйрік 

шешендерді құрметтеген. 

Қазақтың    шешендіктерін,    көптеген  ғалымдар    зерттеп    ерекше    назар    аударған. 

Атақты    тюрколог  ғалым    В.В.  Радлов  былай  деп  жазды:    қырғыздар  да,  қазақтар  да,  сөзге 

шешендіктерімен,  шынында  да    таңқалмасқа  болмайды.  Қазақтар  сөйлегенде    ешбір 

бөгелмей,  мүдірмей,  күрм  елмей    сөйлеп    кетеді..    Өлең  шумақтарында      ғана    ұшырайтын 

сөйлем түрлері жай  сөздердің  өзінде ұйқасып  келіп  жатады да,  тыңдаушыға  өлең тәрізді 

әсер  береді ... . Сондықтан  да қазақ  халық  поэзиясының дамуы  жоғары сатыға жеткен... 

Сонымен  бірге,  қазақтың  суырып  салмалық өнері  мейлінше кең тараған

1

.  



Халықтың    талай    ғасырларды  тамсандырған    даналығы  шешендік    сөздері  мен  

ақындықты  да,    ойшылдықты    да  айнытпай  танытып  келген    қанатты,  тапқыр    сөздері,  

мақал-мәтел, жыр-толғамдары осындай құнарлы топырақтан өскен.  

Эстетикалық    тілінің      қуаттылығы  бір    себеп    болса,    сонымен    бірге  табиғи  

тамырластықтың, сана-сезім  мен  жан  дүние жаратылысының  да  даналығын    байқаймыз. 

Бұл жерде, халықтың  мақал-мәтелдері  бізге  ең көне мұра  болып   көрінетін  «Құтты 

біліктен»   тараған   деген  ұғым  тумауға тиісті. Неге   десе,  бұл кітаптың  дүниеге   келуінің  

өзіндік    тарихи-әлеуметтік,  мәдени,  әдеби,  тілдік  алғы  шарттары  бар.  Бұл  туралы  белгілі 

ғалым  академик  А.Н.Кононовтың:  «автор  «Кутадгу  билиг»  широко    использует    для  своих 

дидактических целей  народную мудрость, устное  поэтическое  творчество Ж.Баласағұнның  

тәрбие  жөнінде  айтылған    жақсы  мінез-құлық,  қағидаларын  да    кездестіреміз.  Олар  

мынадай:  Іште біткен  әдет,  қылық, ойлы жан,  бірге кетер   қара жердің қойнына? (883), Ақ   

сүтпенен      сіңген  қылық    жақсылық,  айнымайды,    алғанша    ажал  (88)  қайсырып  деген 

сөздеріне  үңілсек,  мақал-мәтел, нақыл сөздер  өмір  тәжірибесінен  туған, белгілі бір сыннан  

өткен  көркемдік, эстетикалық  қасиеттің   үстіне  өмірлік,  тәжірибелік  маңызы қосылады.  

Біз  назар  аударатын  ерекшелік    Ж.Баласағұн  шығармасында  тарау  не  бір  бөліктің  

тақырыбы    болған      ұғымдар  (әділдік,  әдеп,  қанағат,  сыйластық,  табиғатты    қорғау    т.б.)  . 

жеке-жеке  туынды аттарына айналған. Қазіргі жастарға да қажетті   Ыбрай Алтынсариннің 

«Кел  балалар      оқылық»  өлеңі  Жүсіп  Баласағұнның    білім  туралы  ойының    идеясына   

ұқсайды. Мал дәулеттің байлығы, бір  жұтасаң  жоқ  болар, оқымыстының  байлығы  күннен  

күнге  көп болар  еш жұтамақ  жоқ болар. Аяңшыл  ат  арымас,   білім деген   қарымас... жөн 

білмеген  наданға қыдыр ата  дарымас. Осы сияқты «Құтты   біліктегі Айтолдың өсиетіндегі   

мұраға  менің  сөзімді, ақыл кеңесімді ал, дүние-мүлікті қайтесің, тозар  қалар  деген,  күміс 

қазына  әлі-ақ  таусылып    қалады  деген  мына  өлең  мен  «асыл  дара,  кім    жарысар  таласар?! 

Қолға  тисе,  барша  адамға    жарасар»,  -  сссіздіктен    тек    жауыздық  турады,    ал  жауыздық 

ізгілікті  буады.  Қадырсыз      зат  шеттеп,   жерде  қалады,    Асыл  нәрсе    төрден    орын     алады 

(900).  Осындай    Баласағұнның    пікірлерін    қарасақ,      қазіргі    кезде    Егеменді  елімізде 

жастарға әсемдік  тәрбие беруде қазақ  халқының  мәдени  мұрасы  айрықша  роль атқарады. 

Эстетитка  қазақ   өміріне  де өз алдына  тәрбие ғылымының  дербес  саласы  болмаған 

мен  қазақ  ауыз әдебиетіндегі  өсиет  сөздерде, ертегілерде кең орын алып,  ғасырлар бойы 

                                                

 

 



 

 


 

114 


тыңдалып,  өрленіп,  қазір    бұл  мұраларды  жас    ұрпаққа  эстетикалық    тәрбие    берудегі  

маңызы бұрынғыдан да  арта түсуде. 

Эстетикалық    пікірлердің    қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  мақал-мәтелдерде  де    көп  

кездесетінін  байқаймыз.  Мысалы:  «Өнер    алды    қызыл    тіл»  дегенде,    қазақ  халқының  сөз 

өнерін    өте    жоғары  бағалағанын,  жастарды    шешендікке,  сөз  тапқырлыққа    баулығанын  

көруге  болады. Бұның  бәрінің  көрсеткіші әр түрлі  сайыстар, айтыстар, ән, би  ошақтары, 

байқаулар, сән көрмелер т.б. 

Ж.Баласағұн  дастанының    әрбір  өлеңінде  жарқылдап  қорықтырардай  асыл  даналық  

ойлары,    ақыл,  парасаттың  негізі  –  халық  даналығы  екенін    аңғартады.  Ақын    түркі 

халықтарының  сол  Х  –ХI  ғасырлардағы  эстетикасын,  дүниеге    көзқарастарын    алғашқы 

поэзия  кітабына  жазған.  Бұл  жөнінде  қадірлі  академик  А.Н.Кононовтың  пікірі  де  бәрімізге 

мәлім. Келтірілген мысалдардағы сабырлық, қанағатшылдық, зиянқорлыққа қарсылық, тағы 

да  басқалардың   қай-қайсысы да  халықтың  ұзақ  жылдар   бойы  түзіліп, ортағасырлардың 

өзінде-ақ  қағидаға  айналған  қорытындылар.  «Жамандықты  қусаң  –  азап  шегесің, 

жамандыққа  - жақсылық қыл: жеңесің!» (929). Жақсылық  ет,  есерліктен   безгейсің. Сонда  

ізгілік  келер,  іздеп   кезбейсің? (1295). «Сыннан  өткен кісілермен  жолдас  бол, Пайдасы – 

мың,  ал    араммен    оңбас  жол»  (1300),  «Сабырлы  бол,  сабыр  бастап  мұратқа!,  Күйіп-пісіп, 

өзіңді отқа  құлатпа!, Тіліңді тый,  қарап жүргін көзіңе, Нәпсіңді тый, құлқының  - жұт өзіңе» 

(1310).  «Шолжаңдатпа,    білсін    тәртіп,  талапты,  Талап    қысқан  бала    құтты,  талантты!» 

(1491),  «Кісілерді    кісі    еткен  –  кісілік,  Кісілікпен    аты    шығар  кісінің!»  (1600)  –  осы 

ойлардың    барлығы  халық    санасындағы    түйінді    тұжырымдардың,  жұрт    аузындағы  

қанатты  сөздердің   өзегінен  тамыр тартқан. 

Қорыта айтқанда, қазіргі жастар тәрбиесін  басқару  халықтың педагогикасының  озық  

идеялары  мен  тәжірибесін  қолдану принциптерін  ескере отырып  жүзеге асырылуы қажет.  

Х-ХI ғасырлардағы озық дәстүрлерді қазіргі жағдайдағы жаңадан қалыптасқан дәстүрлермен  

ұштастыру,  қоғамдық  –  тарихи  тәжірибе,  халық  даналығы  берілісі  сабақтастығын   

жастардың    тәрбиесінде    қамтамасыз    ету,    оқушыларды    алдыңғы   қатардағы    дәстүрлерге 

және   оларды  белсенді қызметіне  тарту біздің  мақсатымыз. 

Осыған  орай, халқымыз осы мәселелердің   мән-жайына  терең  бойлап,  өзінің ойлауы 

мен  әрекет ету қажеттілігін  сезінуі,  өркениеттіліктің  ұлттық бейнесін  жасап,  ұлтымыздың 

мәдениеті мен  өнерін  әлемге  таныту   жөні бүгінде келген сияқты. 

Бүгінде  ұлттық      сананы     оятуға,  ортақ    мүддені  қорғауға  ықпалын  тигізетін    ұлттық   

тіл  мен    дінімізді,  мәдениетміз  бен  өнерімізді  сөзбен        емес,    іспен    анықтап    қолға    алу 

өтпелі  кезеңнің  күн  тәртібіндегі  міндеттерідің      бірі  болып  табылады.    Ол  үшін:  жастарға  

эстетикалық    мәдениет    саласынан    білім  беру    және      оны  қалыптастыруға    сай  деңгейде 

ғылыми    әдістемелік    орталықтарды    құру  керек;  мәдени      мекемелер    тарапынан  жүйелі 

түрде оқу-ағарту салаларына  әдістемелік  көмек көрсетуі; әр халықтың  мәдени   көздерімен  

ошақтарының    жұмыстарын    жақсартып,  қаржыландыру;  эстетикалық  мәдениетті 

қалыптастыруға білім, мәдениет, министрліктер мен   ғылыми-ағарту институттары   бірігіп  

жұмыс  істеулері  қажет. 

Қоғамдық  - әлеуметтік, моральдық-этикалық   проблемалардың  бәрі де Жүсіптің  өзі 

өмір сүріп отырған   ортаның  табиғатынан туындаған, қоғамдық өмірдің    заңдылықтарынан 

бастау    алған.  Қазіргі    қазақ      халық    әдебиетінде,  халық    аузында      жүрген    терең 

философиялық  ойлардың   тамырын,  таным-талғамдардың  нәр  алған   бастауларын,  қазіргі  

даналық      мақал-мәтелдердің    өзегін    сезінгенде  эстетикалық    түсініктің,  дүниенің    сонау             

Х – ХII  ғасырлардың  танымның  құдіретіне   байланысты  екенін  байқайсыз. 

  Жоғарыда  айтылған  іс-шара  бойынша,  этникалық-мәдени  бiлiм  берудiң  негiзгi 

мiндеттерi ретiнде мектептерде, мыналар ұсынылады:  

-  жан-жақты  мәдениеттi  тұлғаны  тәрбиелеу:  тұлғаның  өзiнiң  төл  мәдениетiне  сай 

болуына  және  өзге  мәдениеттердi  игеруiне  жағдайлар  жасау.  Мәдениеттер  алмасуына, 

олардың бiрiн-бiрi байытуына бағдар ұстау;  


 

115 


- көп  тiлдi  жеке  адамды  қалыптастыру: ана  тiлiнде,  мемлекеттiк  және  орыс  тiлдерiнде 

еркiн ұғынысуға қабылеттi азаматтарды даярлау. Сол арқылы өзi этникалық тобына қатысты 

да, мемлекетiне қатысты да "бiрдей адалдық" үлгiсiн iске асыру. Нақты практикада үш, төрт, 

одан да көп тiлдердi тиiмдi меңгеру туралы сөз қозғалуы мүмкiн.  

Қазақстанда  этникалық-мәдени  бiлiм  жүйесiн  қалыптастыруға  қажеттi  алғышарт 

этникалық-мәдени бiлiм кеңiстiгiн құру болып табылады. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. Әуезов М. Шығармалар. 20 томдық. А., 1987, II том 

2. (В.В. Радлов. Образцы народной литературы  Северных  тюркских племен, 1985. стр. 3-4) 

 

Түйін

 

Бұл  мақалада  Х-ХІV  ғасырлардағы  түркі-тілді  ойшылдарың  өскелең  ұрпақтың 

көзқарастарын  тәрбиелеу  мүмкіндіктерін  қалыптастырудағы  педагогикалық  идеялары  мен 

зерттеулер негізі берілген. 

   

Резюме

 

В  данной  статье  дается  обоснование  о  целесообразности  и  исследования 

педагогических  идей  тюрко-язычных  мыслителей  Х  –  ХIV  вв.  и оценка  их  возможностей  в 

формировании мировоззрения подрастающего поколения.  

  

Summary 

In this article the substantiation about expediency and research of pedagogical ideas of turkic-

language  thinkers Х  -  ХIV of  centuries  and  evaluation  their possibilities  in  creation  of  outlook of 

growing up generation are given.  

 

 

 



НЕЙРОЛИНГВИСТИКА 

– ТІЛДІК ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНЫ 

 

Ибраймова Л.Ә.

 

Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы,  

филология ғылымдарының кандидаты 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан 

  

Ғылым мен техниканың дамуы жетегінде тіл білімінде де біраз өзгерістер, түрлі зерттеу 



бағыттары мен тіл білімінің жаңа салалары бой көтере бастады. Атап айтқанда, когнитивтік 

лингвистика,  психолингвистика,  әлеуметтік  лингвистика,  гендерлік  лингвистика  салалары 

бойынша  ғылыми-зерттеу  еңбектері,  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  жазылып,  жоғарғы  оқу 

орындарының  филология  факультеттерінде    пән  ретінде  енгізіліп  те  үлгерді.    Ал 

этнолингвистика,  этнопсихолингвистика,  нейролингвистика  т.б.  салалар  туралы  ара-тұра 

айтылып  өткені  болмаса,  арнайы  қазақ  тілінде  жазылған  толыққанды  еңбек  жоқ  десе  де 

болады.  Солардың  бірі  –  нейролингвистика  ғылымы.  Осыған  орай  А.А.Игісінова:  «Тілдік 

қабілетті  жетілдіруде  лингвистиканың  алатын  орны  ерекше,  алайда  нейроғылымның 

заңдылықтарын  білмейінше,  тілдік  қабілеттің  жоғары  мәресіне  жету  мүмкін  емес.  Бұл 

жерден  байқайтынымыз,  тілдік  қабілетті  және  тілдік  қызметті  ми  арқылы  ұйымдастыруды 

түсіну  үшін  ең  алдымен,  жоғары  психикалық  функциялардың  негізінде  жатқан  жалпы 

қағидаларды  білген  жөн»,–  дейді  [1,  55  б.].  Тілді  абстрактылы  түрде  емес,  шынайы 

болмысында түсіндіргенде, оның барлық жүзеге асу үдерісі адам миының қызметіне тікелей 

байланыстылығы көрінеді. Сөйлеу тілінің өзгешелігі, интонация, ырғақ, эмоция, сөздер мен 



 

116 


сөйлемдердің дұрыс құрылуы немесе керісінше грамматикалық, лексикалық қателер, сөйлеу 

кезіндегі іркіліс, кідіріс  т.б.  көптеген құбылыстар – ми қызметінің жемісі.  

Майкл  Холл  Альфред  Кожибскийдің  1933  жылы  жалпы  семантикамен  байланысты 

невралогиялық  семантиканың  мәнін  арттыру  мақсатында  «нейролингвистика»  және 

«нейросемантика» деген терминдерді ойлап тапқанын айтады [2,  377 б.].   Ал ол терминнің 

ойдан  құрастырылғанынынан  кейін  де  қаншама  ғылыми  ізденістер  мен  жетістіктер  болып 

үлгергені  біз  үшін  әлі  беймәлім  нәрсе.  Яғни  каншалықты  деңгейде  қандай  еңбектердің  бар 

екендігі толық қарастырылған жоқ. Солардың бірі  ретінде Е.И. Горошконың ми қызметінің 

лингвистикалық қызметіне байланысты топтамасын ұсынуға болады. Е.И. Горошко сол жақ 

жарты  шардың  қызметіне:  «сөздерді  топтастыру  және  тану;  абстрактылы  лексика  мен 

квазисөздерді  қабылдау;  дыбысты  сөйлесімнің  аналитикалық  кодталуы  мен  декодталуы; 

сөздердің  морфологиялық  мүшеленуін    түсіну  (опора  на  собственные    языковые  связи  при 

обработке  лексики);  сөздердің  валенттілігіне  қарай  актуалдануы;  сөздің  өзгеруі;  сөздің 

туылуы;  күрделі  синтаксистік  құрылымдардың  мүмкіндігі;  грамматикалық  құрылымдардың 

(үстеу,  көмекші  етістіктер,  етістіктің  белгілі  бір  формалары)  қалыптасуына  қатысатын 

лексиканың қолданылуы; сөйленімнің құрылымдылығы, қағидалылығы (концептуальность), 

тиянақтылығын,  оң  жақ  жарты  шардың  қызметіне:  сөйлесімнің  дыбыс  ырғағын  (тембр 

голоса)    жасау  мен  қабылдау  (сонымен  бірге,  сөйлемнің  актуалды  мүшеленуімен 

байланысатын  просодикалық  элементтердің  бөлінуі);  нақтылы  лексиканы  тану;  сөйлесімде 

дайын  сөз  формаларының  біртұтас  бөлінбейтін  бірліктер  ретінде  айтылуы,  яғни 

номинацияның  біртұтастығын  қамтамасыз  етеді;  нақтылы  мазмұнды  сөйленімдердің 

толықтырылуы,  сөйленімнің  тілден  тыс  шындық  пен  жеке  тәжірибеге  бағыт-бағдарына 

жауап  беретінін»  жатқызады.  [3,  65  б.].    Семантикалық  бағытты,  яғни  нейросемантиканы 

дәріптейтін енді  бір ғалымдар тәжірибе арқылы мидың оң жақ жарты шары сөйлесім пайда 

болуының  терең  деңгейлерін  қалыптастыратыны  мен  ондағы  тема  мен  реманың  бөлінетін 

уәж  бен  терең-семантикалық  деңгейлері  болатындығын  сенімді  түрде  айтуға  болады  дейді. 

Келесі  деңгей  бұл  –  пропозициялау,  іске  асырушы  мен  объектінің  бөлінуі,  жеке 

мағыналардың  жалпыға  белгілі  ұғымға  ауысу  кезеңі,  қарапайым  құрылудың  бастамасы  –  

ішкі  сөйлесім  кезеңі.  Содан  кейін    нақтылы  тілдік  синтаксистік  құрылымдарды 

қалыптастыратын  терең  синтаксистік  деңгей    болатындығын  көрсетеді    [4,  42  б.].  Ал 

Д.И.Шапироның  талдауындағы  екі  жарты  шардың  атқаратын  қызметіне  назар  аударсақ,  ми 

қызметінің аса «нәзік» және «тұңғиықтығына» көз жеткізуге болады  [5,  82 б.]. 

 

1-кесте. Д.И. Шапироның көрсеткен мидың оң жақ және сол жақ  



ассиметриясының тетіктері 

 

Мидың қызметі 



Сол жақ жарты шар 

Оң жақ жарты шар 

 

Тұжырымдылық.  Дискретті 



үдерістер. Объектілер.  

Амал-тәсілдерді іздестіру 

Бейнелілік. Аналогтық үдерістер.  

Орта. Пісіп-жетілу 

 Түсіну  

Объектінің жеке-жеке элементтерге 

бөлшектелуі 

Синтез. Жиіліктің пайда болуы және 

олардың өзара байланысы 

Жады  


Семантикалық және 

классификациялық 

Эпизодтық және контекстуальді 

Стратегиясы 

Сызық бойынша өту, көшіру, 

«Сонда» және «Сол кезде» 

сегменттерінің бөлінуі 

«Қазір» және  «мұнда» «гештальтінің» 

глобальді өңделуі. Интуиция. Осы 

шақтағы әрекеттің  өткенге оралуы 

Алгоритмдер 

Логикалық, аналитикалық, 

комбинаторлық, ықтималдылық 

Имплицитті көріністердің негізінде көп 

мағыналы бейнелерді бағалау және 

таңдау (гено және фенотип) 



 

117 


 

Байқағанымыздай    қазақ  нейролингвистикасының  сұлбасын  жасау  үшін  шетел 

лингвистикасына  жүгіну  қажеттілігі  туады.  Өйткені  осы  салада  қарастырылған  ғылыми-

зерттеу  жұмыстары,  зертханалық-тәжірибелік  жинақталған  нәтижелер  бар.  Айталық  АҚШ-

тың Чикаго университетінде жасаған зертханалық жұмысында бала тілінің дамуы қоршаған 

ортаға  байланысты  екендігін  анықтайды.  Сол  сияқты  сөйлеген  кезде  адамның  даусы  мен 

бетәлпетінің  қозғалысы  сәйкес  келу  керектігін  сәбилерге  жасаған  сынақтарынан  көрсетеді. 

Алты айлық бала барлық дауысты, кез келген тілдің иірімін ажырата алады екен. Бір қызығы 

бала он айға толғанда ересектер сияқты барлық тілді ажырата алмай қалады екен. Бұл туралы 

отандық еңбектерден ғалым Б.Хасанұлының «Ана –  ата мұра» атты монографиясында жан-

жақты  айтылған.  Ана  тілі  баланың  туылғанынан  бастап  анасының  тілінде  шығатын  тілі, 

ғалымның  өз  сөзімен  айтқанда  «ана  тілі  –  адамның  емшек  сүтімен  бойына  дарыған  өмір 

бойғы  серігі»  [6,    47  б.].    Сонымен  бірге  Б.Хасанұлы  басқа  тілді  білу  үшін  де  өз  ана  тілін 

жетік меңгеру керектігін баса айтқан. Шындығында да балабақшаға немесе бірінші сыныпқа 

барған бала өз ана тілінің қыр-сырын енді ғана үйрене бастайды емес пе?  Қазіргі білім беру 

жүйесінде  бастауыш  сыныптан  бастап  шет  тілдерін  үйрете  бастайды.  Өз  ана  тілінің 

грамматикасын  толық  меңгеріп  үлгермеген  бала  шет  тілінің  грамматикасын  қалай  үйренуі 

мүмкін? 


Баламен  ұғынысуға  адамның  бетәлпеті  қандай  қызмет  атқарса,  жест,  реплика  да 

соншалықты қажет. Баланың тілді үйренуі үшін сегіз ай, бір жасынан бастап жест пен назар 

аударуды  қажетсінеді.  Баланың  туылғанынан  бастап  түрлі  репликалар  арқылы  қатынас 

орнатуға болады.  

АҚШ-тың Сюзен Джонс атындағы зертханасында баланың жаңа сөзді үйренуіне заттың 

формасын,  түсін  анықтау  негізге  алынады  екен.  Бала  тілінің  шығуын  кезеңдерге  бөлген 

болсақ, бұл тілдік қопарылыс кезеңі деп аталады. Бұл зертханалар, біздің пайымдауымызша, 

таза  нейролингвистикалық    зерттеу  жасаған  қатарға  жатпайды.  Нейрологиялық  зерттеу,  ең 

алдымен,  адам  миының  бөліктерінің,  әрбір  жасушасының  атқаратын  қызметін    анықтаудан 

басталады.  Осыны  негізге  ала  отырып  лингвистикалық  талдау  жасайтын  болса, 

нейролингвистикалық  нәтиже  шығады.  Ғылымдағы  зерттеу  нәтижелеріне  сүйенетін  болсақ,

 

адам  миында  орташа  есеппен  10  млрд  жасуша  бар,  тіпті  одан  да  көп  деуге  болады.  Бұл 



жасушалардың арасында ақпарат алмасу бір секундтың ішінде 100 триллионға жетеді. Бізге 

бұл  санды  ойлаудың  өзі  қиын.  Осыншама  күрделі  жүйке  жүйесіндегі  ақпарат  тасымалдау 

жылдамдығы  сағатына  320000  шақырымды  құрайды.  Сонымен  бірге  миға  секундына 

мыңдаған түрлі  ақпараттар  ағыны  түсіп  жататыны  ғылымда  дәлелденген.  Жоғарыдағы  есеп 

бойынша сөйленімдердің ағыны ішкі сөйлесім түрінде тоқтаусыз жүріп жатады екен.  

Яғни  адамның  ішкі  сөйлесім  процесі  әр  жағдаятты  немесе  қоршаған  ортаны 

қабылдауына  қарай  үздіксіз  үдерістерді  құрайды.  Сөйлеуші  жадыдағы  жаттанды 

құрылымдарды  айтып  тұрып,  басқа  нәрсені  бір  уақытта  ойлай  алатын  мүмкіншілігінің  бар 

болатындығы содан болар.  

Нейролингвистика  тіл  біліміндегі 

этнолингвистика,  когнитивтік  лингвистика, 

әлеуметтік  лингвистика,  психолингвистика  салаларымен  тығыз  байланыста  қарастырылып, 

соның  ішінде  психолингвистика  ілімімен  етене  жақын  болып  келеді.  Себебі  ми  қызметінің 

өзгерісі  мен  табиғи  қалыптасқан  функциясына  байланысты  сөйлеушілердің  психикасы, 

мінез-құлқы анықталатындықтан психология нейрологияның мәліметтеріне сүйенеді.  

Қорыта келе айтарымыз, қазақ тіл білімінің нейролингвистика саласы дамуы үшін тілші 

ғалымдар  адам  миының  дамуындағы  жас  ерекшелігін,  гендерлік  сипатын  ескере  отырып,  

бірнеше маңызды мәселелердің шешімін табуы тиіс. Ол мынадай сатылардан тұруы мүмкін:  

 

нейрология ғылымын жетік меңгерген тілші мамандар дайындау;  



 

нейролингвистикалық  тәжірибелер  жүргізетін,  түрлі  техникалық  құралдармен 



жабдықталған зертханалар ашу; 

 



 алынған нәтижелерді сұрыптап, ғылыми негізге салу.  

 


 

118 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1. Игісінова А.А. Ана тілі және психолингвистика // Әлемдік рухани құндылықтар және 



қазіргі  қазақ  әдебиетінің  өзекті  мәселелері:  ғылыми  практ.  конф.  материалдары.  –  Алматы, 

2007. 2 т. – 819 б.      

2. Майкл Холл. НЛП: золотые секреты скрытого влияния на подсознание и поведение. 

Прайм-ЕВРОЗНАК. 2009. 416 с. 

3. Горошко Е.И. Функциональная ассиметрия мозга, язык, пол: Аналитический  обзор:  

Монография.  – М.: -Х.: ИД «ИНЖЭК»,  2005.  – 280 с.  

4. 

Черниговская 



Т.В., 

Деглин 


В.Л. 

Проблема 

внутреннего 

диалогизма. 

Нейролингвистические  исследования  компетенции  //  Тр.  по  знаковым  системам.  –  Тарту, 

1984. Вып. 7. 

5.  Шапиро  Д.И. Человек и  виртуальный  мир. Когнитивные,  креативные  и  прикладные 

проблемы. – М.:  Эдиториал.  УРСС, 2000. – 224 с. 

6. Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы: Жазушы, 1992. – 272 б. 

 

                                                                                 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет