361
4. КӨШ ПЕЛІЛЕРДЩ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазақстан аумағында түріктердің саяси үстемдігі орнағаннан кейін бар-
лык жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелердің беттерінен
кездеспейді деуге болады, олардың орнына, әдетте, жеңіп шыккандардың
әулеттік есімі енгізілді. Алайда,
м ун ы ң
өзі коптеген жергілікті тайпалар
бір-бірімен әбден араласып, сіңісіп кетті деген сөз емес. Олар, сез жок,
Батыс түрік қағанаты халқының көпшілігін құраған, археологиялык зерт-
теулердің дәлелдегеніндей, оздерінің мәдениеті мен өнерін сақтап қалған.
Шаруашылык кәсібі, тұрмыс салты бойынша түріктерге жақын болғандык-
тан, олар түрік кағанатының, одан соң Түргеш және Қарлүқ мемлекетінің
кұрамына сіңісіп кеткен. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экономикалык
және этникалық-мәдени жағынан Батыс қағанат құрамына бірігуі біртек-
тес, бірақ бытыраңқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды.
Сонымен бірге түріктер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа
түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалган антропоморфты балбалдардың
тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғүрпы өзгереді, мысалы, өліктің ба
сын батысқа беріп жерлейтін гасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі багыт
жойылып, олардың басын солтүстікке багдарлап жерлеу басым бола бас
тады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жауга мінген аттары-
ның сүйектерімен, жорықтагы кару-жарақтарымен бірге жатты. Темір үзең-
гілер, жебелердің темір ұштарының ж әне канжарлардың, қылыштардың
жаңа түрлері пайда болады. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтыгымен
сәнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарайды.
VI—IX ғасырлардагы ескерткіштер қорымдар, жекелеген қабірлер, кез-
дейсоқ табылган заттар ж әне тастан жасалған тұлгалар түрінде кездеседі.
Қазіргі уакытта археологиялык ескерткіштер мен олжалар кешендерін нақ-
ты этникалық қүрылымдармен тендестіру үшін материалдар әзірше аз бо
лып отыр.
Тайпаларды окдіаулап белу жөніндегі ұсыныстардың кепшілігі шартты
сипатта болып табылады. Ертісте қазыл ашылған қабірлердің кейбіреулерін
мейлінше сенімді түрде кимектермен байланыстыруга болады56.
Түріктер заманындагы жерлеудің сипатты белгісі — адамды атымен бірге
жерлеу ғүрпы. Түрік заманының Шығыс Қазақстан мен Алтайдагы, Жеті-
судағы обалары құрылымы ж әне олжалары жагынан ете жакын. Жерле-
удің сыртқы белгілері — тастан немесе топырақтан үйілген аласа үйінділер,
олардың астына әдетте тік немесе терт бұрыш түрінде қаланған қабірлер.
Өлік жерден сопақша етіп қазылган шүңқырға жерленген, өлікпен бірге
киім-кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылган. Аттың елігін қуысқа,
шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салган. Кей
де аттың орнына қабірге оның басы ж әне кесек еттерін немесе тұяқтары-
мен бірге терісін кемген.
V I-X ғасырлардагы қабірлердің кебі Шыгыс Қазақстандағы Ертіс аңға-
рында зерттедді. Бүлар - Троф имовка-1 және 2, Зевакин, Покровка, Качи-
ра ж әне Боброво-1 және 2 қорымдары, Бүқтырма СЭС-і су қоймасының
аймағындагы зираттар.
Қорымдағы обалардың бірінші тобының топырақ үйінділері бар. Оба
лар топ-топ болып орналасқан. Қабір үстіндегі үйінділердің диаметрлері 6
метрден 12 метрге дейін, биіктігі 15—50 сантиметрге жетеді. Қабірлер қайың
362
бөренелермен жабылған. Еркектердің қабірлеріндегі заттар: қару-жарак,
ер-тұрман, әйедцер кабірлерінде - тұрмыс заттары, әшекейлер болып ке-
леді.
Қабірлерден сондай-ақ жылқы каңкаларының жекелеген бөлшектері
(бас, аяқ сүйектері) табылды. Қой сүйектері және қыш ыдыстардың сы-
нықтары ас беру ғүрпының болғанын білдіреді. Обалардың екінші тобы-
нан оба астында және қабір шұңқырында өліктердің өртелгенін көрсететін
қалдықтар табылды. Боброво-2 корымы обаларының бірінен өртенген
сүйектердің қалдықтарымен бірге үш аттың каңқасы, қару-жарак, ат әбзе-
лдерінің қалдықтары, тұрмыс заттары және әшекейлер, қыш ьщыстар шық-
ты.
Ертістің жоғарғы бойында ІХ -Х ғасырлардағы обаларда олікті өртейтін
ғұрып бойынша үйілген тастың немесе топырақтың астына, не тастан кал-
анған қоршауда жекелей және бірнеше адамды жерлеген қабірлер анық-
талды. Өлік баска бір жерде өртеліп, содан кейін күлін жерлейтін жерге
көміп, оның үстіне оба тұрғызылатын болған. Тұрмыс заттары мен ат әбзе-
лдерін жерлеген адаммен бірге салған. Екі обадан қару-жарақ заттары та
былды57.
Түріктердің VI—IX ғасырлардағы атпен қоса жерлейтін едәуір көп оба
лы қорымдары бар, соның ішінде ең үлгілісі Күдіргі болып табылатын
Шығыс Қазақстан мен Алтайға қарағанда Қазақстанның басқа аудандарын-
да мұндай обалы корымдар сирек ұшырасады. Бүлар — Жетісудағы Тастө-
бе, Қызылқайнар, Аламысык, Орталық Қазакстандағы Егізқайнар қабі-
рлері58. Қабірлердің сыртқы белгілері — тастан, торпырактан немесе олар
араластырылып үйілген аласа оба үйінділері, олардын астында жерден со-
пақша етіп казылған шұңқырлар бар. Өлік ендік бағытында шалкасынан
салынған. Аттың өлігі басқышқа немесе өлікпен бір деңгейге басын керісін-
ше немесе нак солай бағыттап орналастырылған. Олар Алтайдың оліктерді
шығысқа қаратып жерлеуіне жақын. Мысалы, Жетісудағы Қырғыз жота-
сының етегіндегі Қы зылқайнар қорымьіндағы түрік қабірі былайша
көрінеді. Обаның диаметрі - 7 м, биіктігі — 0,3 м, тас үйілген, түбінен айнал-
дыра тас қаланған. Үйінді астында 2 мола шұнкыры бар, олардың біреуінде
басы шығысқа қаратылған өліктің қаңкасы жатты. Оң колы денесін бой-
лай созылулы, сол қолы, сүйектердің жатуына қарағанда кіндігінің тұсына
қойылған. Мола шұңқырынан мынадай көмілген құрал-саймандар: темір
қанжар, темір саптыаяқтың сынықтары, жебелердің темір ұштары, садақ-
тың сүйек қаптырмалары, қүрама белдіктің кола табақшалары, темір сем
сер табылды. Көршілес моладан ауыздықты атгың қаңқасы аршылып алын-
ды - темір үзеңгі және киіз ердің қалдықтары табылды59.
Атпен қоса жерлеу Алматыға жақын жерден табылды, оның ерекшелігі
— адам мен ат бір мола шұңқырына қойылған. Адамның олігі басы оңтүстік-
шығысқа қаратылып, ұзынынан шалқалап жатты, ал ат шүңқырдың оңтүстік
бөлігінде басы солтүстік-батысқа қаратылып, аяқтары бүгіліп, сол жақ
бүйірімен қойылған. Моладан садақтың сүйек қаптырмалары табылды,
қаңқа сүйектерінің үстінде темір тиегі қола айылбас жатты. Айылбастың
тиегінде адамның беті бедерленіп бейнеленген. Құрама белдіктен тік бұрыш-
ты 5 бастырма, белдіктің ұшы сақталған. Кеуде сүйектерінің үстінен екі
күміс түйме табылды. Бас сүйектің оң жағында түйіспейтін екі шығыршық-
тан тұратын күміс сырға жатты60.
363
Қызылөзен қала жұртының қалалалық зиратын казған кезде Жетісуға
тән атпен қосарлап жерлеудің кызыкты жағдайы аңғарылды. Молада ер-
кек пен әйелдің кабірлері аршылды, олардың басы шығысқа қаратылған,
ал табаддырыққа басы батысқа каратылып, аяқтары бүйіріне карай бүгілген
ат қойылған. Зерттеушілер оған түрік пен соғды әйелі жерленген деп жо-
рамаддайды61. Талас аңғарындағы Жамукет каласы деп саналатын Қостәбе
қаласы жұртының V I-IX ғасырлардағы зиратынан да атпен коса жерлен
ген өлік табылды.
Түркістан жазирасындағы (Оңтүстік Қазақстан) Арыс пен Шағадағы
орасан зор Беріжар корымының обалы қабірлері VI—VIII ғасырлардағы
түрік уақытына жатады. Бұдан жерлеу алаңшаларын үсак малта тас ара-
ластырылған балшыктан жасаған ұжымдық кабірлер аршылды. Жоспарда
олар дөңгелек, сопақ немесе тік бұрышты болып келеді. Олардың кейбіре-
улері күйдірілген балшық кесектерден жасалған аласа шарбақтармен қо-
ршалған. Обалардың астындағы жерлеу құрылыстары күйдірілген балшық
кесектерден салынған. Әдетте олар күмбезделіп жабылады және кіре беріс
дәлізшелері болған. Бөріжар қорымынан құрама белдіктердің күмістен және
қоладан жасалған тоғалары мен қапсырмалары, темір канжарлар мен сем-
серлер, пышактар, сәндік заттар мен отырыкдіы халыкка тән керамика та
былды62. Шаға қорымына да осыған ұксас бейіттерге жерлеу тән болып
табылады63.
Қазақстан мен Орта Азияда түріктер мен түріх: заманының бірлі-жарым
қабірлері ғана аршылғанын, сондықтан казіргі уақытта белгілі бір түрік
тайпаларын анықтау мүмкін еместігін атап өту керек.
Қазылған қабірлерден алынған археологиялык олжалар VI—IX ғасырла-
рдағы Қазақстан тайпалары материалдық мәдениетінің кейбір ерекшелік-
терін сипаттауға мүмкіндік береді.
Қабірлердегі қүрал-саймандар қару, ат әбзелдері, тұрмыстық мақсат-
тағы заттар болып табылады.
Шығыс Қазақстандағы қабірлердің бірінен а/аш қынабымен бірге екі
жүзді семсер табылды, оның сабы жүрек тәрізді және тік бұрышты кішке-
не қаптырмалармен сәнделген. Тағы бір кабірден ұзындығы 80 сантиметр
және жалпақтығы 3 сантиметр қылыш шықты, ол ағаш қынапка салынған,
қынаптың бет жағы өсімдік тектес өрнекпен әшекейленген былғарымен
қапталған; қынаптың ұшына күміс қаптырмалар мен шығыршықтар шеге
ленген. Сондай-ақ қиындысы ромб тәрізді найзаның ұшы табылды.
Қабірлердегі қару-жарақ заттары ішінде бәрінен де жебелердің ұштары
жиі кездеседі. Олардың біразы ағаштан жасалып, қабықпен қапталған қора-
мсақтарға салынған. Қорамсақтардың ішкі жағы тегіс, сырты кедір-бұдыр-
лы болып келеді, олардың төменгі жағы кусырылыңқы, іші матамен астар-
ланған. Жебелер ұштары жоғары қаратылып салынған, олардың ұштары-
ның бітімі әр түрлі — үш қырлы, төрт қырлы, ұңғылы үш қалақты болып
келеді, түп жағы жапырақ пішінді жалпақтары да бар. Жебенің ағаш жағы-
ның ұзындығы 40—80 сантиметр, талдан жасалған, қайсыбірі қызыл түске
боялған. Садақтар құрастырмалы (күрделі) болған, екі шеті мен ортасы
сүйекпен қапталған, біреуінде қапты рм аны ң астында ағаш сынамен
біріктірілген екі ағаш жақгауы сақталған.
Аттың ер-тұрман әбзелдерінен темір ауыздықтар, үзеңгілер, әшекейле-
нген жүгендер кездеседі. Ауыздықтар екі түрлі — тікше келген айшыққа
364
кигізілген бір шығыршықты және әрбір буынында сегіздік тәрізді шығыр-
шықтары бар болып келеді. Үзеңгінің екі түрі - доғашықтың иілуінен жа
салган сегіздік тәрізді тұйықталған, табақшасында тесігі бар түрі және тік
бұрышты, табан тірері жалпақ түрі пайда болады.
Түрік шеберлері аттың ер-тұрманын сәндейтін айылбастар мен тоғалар-
ды ерекше әсем жасайтын болған. Айылбастар әдетте кола мен темірден;
қаптырмалар мен тоғалар қоладан, күмістен ж әне алтыннан жасалып,
өсімдік тектес ж әне зооморфтық өрнектермен әшекейленетін болған.
Тұрмыстықжәне шаруашылык мақсаттағы бүйымдардан жүзі қалың және
сабы жалпақ шындалған пышақтар кездеседі.
Кұрама белдіктердегі бастырмалардың көпшілігі жүрек тәрізді және
сопақша етіліп жасалған, олардың бірінде жолбарысты найзамен түйреп
жатқан салт атты бейнеленген. Табылған заттардың ішінде шеңберлі тоға-
лар мен сүйектен жасалган салпыншақтар бар, ал Қызылқайнардан табы-
лған алқа конус тәрізді болып келеді және ұшында сілеусіннің басы бейне
ленген.
Ертіс алкабындагы қабірлердің бірінен табылган белдіктің қола тогасы
және сегіз жапырақты он төрт қола бастырмасы, аспалы белдіктің осындай
жеті бастырмасы, қайыстың ұшын қаптаған төрт қаптырма және тік бүрыш-
ты кісесі болған. Қаптырманың бірінде қасиетгі ағаштың — «тіршілік ага-
шының» түбінде тұрған екі таутеке бедерленіп бейнеленген. Әшекейлер
арасында тұйықталмаган шыгыршық түріндегі сырғалар, күміс жүзіктер,
қадалатын салпыншақтар, опалдан, шыныдан жасалган және ұнтақтан қаты-
рган моншақтар тізілген алқалар бар. Кейбір қабірлерде киім-кешектің
қалдықтары сақталған. М әселен, Боброво қорымындагы қабірден көкірек-
шесі былғары, етегі қысқа шекпен мен ұзын жібек желбегейдің калдықт-
ары табылды; жібек матаның жұрнақтары Қызылқайнар қорымынан да
шықты.
Деректемелер мен археологиялык материалдар түрік киімінің қандай
бол^анын топшылауға мүмкіндік береді. Ол жүн және жібек маталардан,
сырт киім теріден тігілген. Кейлек шекпен тәрізді болған, оның сол жак
өңірі оң жақ өңірімен қаусыра тігілген. Шекпен денемен дене болып түрган,
белінен белдікпен буынған. Белдікке кынапқа сұгылган семсер, пышақ,
шақпақ тас пен қайрақ, ұстара және баска да ұсақ-түйекіер салынған кісе
ілінген. Шалбардың балағы былғары етіктің қонышына сүғылған. Етік
өкшесіз, ұлтаны жұкд және түмсығы кайқы етіп тігілген. Әйелдер көйлектің
немесе шапанның сыртынан аң терісімен немесе басқа түсті матамен әдіпте-
лген желбегей жамылған.
Еркектер басына, сірә, биік киіз қалпактар, аң терісінен тігілген бөрік-
малақайлар, күләпаралар киген. «Үш мүйізді» жалпақ бөрік түріндегі бас
киім үлгілері кызықгы. Олардың бейнелері тас мүсіндерде сақталған. Еркек
тер де, әйелдер де сырға, алқа, салпыншақгар және сақина, білезік тақкан.
Көшпелі түрік тайпаларының мәдениеті олардың ең басты кәсібі - мал
шаруашылығының қажеттерімен анықталды, ал ол көшпелі мал шаруашы-
лығынан жартылай көшпелі ж әне отырықшы мал шаруашылығына дейін
алуан түрлі бодцы. Ш аруашылык пен тіршілік жағдайы түріктерді жинал-
малы киіз үйді жақсарту мен жетілдіре түсуге мәжбүр етті. Дала байлары
мен шонжарлар үшін ақ және көгілдір туырлықты киіз үйлер жасадды. Киіз
үйдің қасиетін кершілес халыктар, атап айтқанда, қытайлар мен арабтар
365
жоғары бағалады. Қалалардағы отырықшылыкка ауысқан түріктер сарай-
лары мен қарапайым тұрғын үйлерінің аулаларына да киіз үй тігіп отырған.
Салтанатты қабылдаулар үшін түрік аксүйектері уыктарына алтын жала-
тылған үлкен киіз үйлерді пайдаланған. Киіз үйлердің ішкі көріністерін
күміс пен алтыннан жасалған аттардың мүсіндік бейнелері мен күміс ыдыс
тар безендірген. Алтын тауыстар немесе басқа кұстар мен жануарлар
түріндегі алтын тақтар сән-салтанатымен қайран калдырған. Тойларда му-
зыкалык, аспаптармен әсем музыкалар ойналған.
Қолөнер. Алдыңғы орта ғасырлардағы қалалардың сауда-қоленер орта-
лықтары ретінде дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бәлініп шығу
үрдісіне және негізінен алғанда байлар мен аксүйектерге кызмет ететін
қоленер әндірісінің едәуір кеңеюіне байланысты болды.
Біздің қолымызда алдыңғы орта ғасырлардағы қалада қоленердің үйы-
мдастырылуы туралы деректер жеткіліксіз, ол негізінен алғанда бізге дейін
жеткен дайын өнім бойынша ғана мәлім. Бүлар ең алдымен керамика, ме-
талдан, сүйек пен тастан жасалған бұйымдар. Токымашылык, теріден,
жүннен, киізден бұйымдар жасау сияқты коленер туралы түсініктің жайы
мардымсыз. Жазбаша деректемелерде ондай бұйымдар туралы айтылады,
бірақ олар неғұрлым кейініректегі уакытқа қатысты. Мата току жәнінде
ұршықбастардың табылуына карап айтуға болады. Тері өндеу мен одан тұрмыс-
та және өмірде қажетті бұйымдар жасау жөнінде де солай деуге болады.
Қыш-құмыра ісі. Отырардың солтүстік рабады аумағынан VIII—IX ғасы-
рлардағы кыш күйдірген пештер табылды, пештің үзындығы 2,7 м және ені
2,5 м алмұрт тәріздес жасалған. Пештер алдыңғы заманның пештерінен
неғұрлым жетілдірілген. Бұл пештердің күйдіру камерасы кеңейтілген, тем-
ператураны реттеу жүйесі жақсартылған, мұның өзі дайындалатын өнімнің
сапасын жақсартқаны хүмәнсіз. Күйдіру пештерінің қалдықгары мен қалын
күлтөгілген жерлері баркұмырашылардың махаллалары Жетісу калалары- >
нда бекіністі дуалдардың ішінен де, олардан тыс жерлерден де табылды.
Пештердің біреуі Қызылөзен қаласының қираған жұртының орталығына
жакын орналасқан. Оның оттығы жерден диаметрі 2,6—2,8 м, терендігі 2
метрден сәл астам болатын дөңгелек шұңқыр түрінде қазылып жасалған.
Пешті түп жағынан оттықтың ортасына шикі кірпішпен салынған тіреу
үстап тұр. Тіреуді қалың ыс баскан. Күйдіру камерасына жалғасатын от-
тыктар мен ыстық жіберілетін саңылаулар байқалды.
Ыдысты қалыптау әдістерін ондағы оның қабырғасына түскен өндеу
іздері бойынша аныктауға болады. Қыш-қүмыра станогының құрылысы аяқ
шеңберінің қолмен айналдырылатын ұршықшалармен және күйдірілген
балшықтан жасалған жалпақ дөңгелек табақшалардың ұштасуы аркылы
жасалған, ыдыс соларда қалыпталған. VII—IX ғасырлардағы ыдыстың түбі
тегіс емес, мұның өзі қолмен айналдырылатын қыш-құмыра ұршықшасы-
нда жасалғанын көрсетеді. Дайын ыдыс шеңберден деңгелек табақшамен
қосып алынып, кепкеннен кейін ол ыдыстан оңай бөлініп қалатын болған.
Кейбір бұйымдарда қалыпталғаннан кейінгі өндеу іздері сақталған.
Керамика. V I-IX ғасырдыңбірінші жартысындағы О щ үстік Қазақстан
Г,
5. ҚОЛӨНЕР, САУДА, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
366
калаларының керамикасы хронологиялык екі: VI—VII ғасырдың бірінші
жартысы жэне VII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырдың бірінші жар-
тысы кешендеріне бөлінеді.
Ертеректегі кешен ас пісіретін ыдыстар — қазандар, көзелер, қақпақтар,
табалар, мосылар; азық-түліктерді сактауға, оларды тасымалдауға арналған
ыдыстар — кеспектер, кеспекшелер, көзелер, кұмыралар, кіреңкелер және
ас ішетін ыдыстар — құмыралар, тегенелер, саптыаяқтар болып бөлінеді.
Шырағдандар, балалардың ойыншыктары керамика бұйымдарының жеке
тобын құрайды.
Асхана керамикасында көзелер басым. Бұлар — бүйірі дөңгеленген,
мойны аласа, ернеуі сыртқа карай сәл шығыңкы аласа ьщыстар. Көзелердің
жартылай дөңгелек немесе шығыңқы тісті түрінде жапсырылған тұзақ
тәрізді, тік тұткалары болған. Қақпақтарының диаметрі әр түрлі - диаметрі
10-12 см болатын шағындарынан бастап, диаметрі 25-30 см болатын іріле-
ріне дейін бар. Бу шығуға арналған саңылауы, ортасында немесе бүйірінде
түзақ төрізді тұтқасы бар қакпактар да кездеседі. Қақпактардың жиектері
кейде кертіктермен, ойыктармен безендірілген.
Керамика бүйымдарының бір тобы мүйізді өгіздің басы бейнеленген
тұғыр болып табылады. Мұндай тұғырлардың беті терең ойықтар салу аркы
лы безендірілген.
Су және тамак өнімдерін сактау мен тасуға арналған ьщыс қолдан жап-
сыру әдісімен немесе тұғырдың көмегімен жасалған. Қолдан жапсырылып
жасалған ыдыстан негізінен шағын және үлкен қыш кеспектер кездеседі.
Кеспектерге ортасында білігі бар, қиғаштап карағанда тік бұрышты сал-
мақты ернеуінің болуы тән. Қыш кеспектер жұмыртка тәріздес сопакша,
ернеуі дөңгелек, түбі жалпак болып келеді, кебінесе онда кенеп тәрізді ірі
маталардың іздері болады. Кеспектердің көпшілігі ашық-коңыр, қызғылт,
сирек болса да акдіыл ангобпен, оның үстінен неғұрлым қоңыр түсті, кей
де қара деуге болатын ангобпен боялып, қауырсын сияқты жапырактар,
ирек бұрамалар, үш бұрыштар түріндегі өрнекпен сәнделген. Кеспектердің
иіндерінде күйдірілгенге дейін салынған өрнектер — сопакша, кисык, айка-
сқан, косарланған сызыктар кездеседі, олар саусақпен жүргізілген.
Су таситын құмыралардың мойны кыска да кең болып, ернеуі сыртына
карай сәл кайырылған, кесіндісі ромб сиякты жиегіне ұласады. Көлбеу,
шығыңқы иінді бүйірі жалпақ кең түбіне барып жалғасады. Ыдыстардың
бүйірі алкызыл, қызғылт немесе коңыр ангобпен боялып, шөппен, ылғал
шүберекпен немесе арасы жиі жіңішке із қалдыратын арнаулы күралмен
сүртіліп жылтыратылған. Тұтқаларынын ені сопак, куысы бар тік бұрыш-
ты болып келеді. Олар ернеуін иінімен жалғастырады, кейде жогаргы шеті
ернеуінен сәл төменірек бекітіледі. Негізгі түрі су таситын құмыралар бо
лып табылады, олардың мойынының қоңыр ангобы мен бедерлі бүршіктері
сәнді ұштастырылған. Жапсырылған өрнектер әдетте тұтқаларында неме
се бүйірінде кездеседі. Тұтқаға жапсырылған ерн ек оған зооморфтык
мүсіншелер түрінде сәнделген. Тұтканын астыңғы жағында қошқар мүйіз
сияқты бейнеленген «S» жэне «V» белгілері түрінде жапсырылған өрнек-
тер болады. Кейбір қүмыралардың бүйірінде таңба сияқты етіп сызылып
салынған белгілер бар.
Ac құятын ыдыстан кездесетіндері — негізінен кызыл ангобпен боялған
құмыралар мен саптыаяқтар. Ac күятын құмыралар иі қандырылған бал-
367
шықган, ұршыкшада жасалатын болды. Қүмыралар ұзын жіңішке мойын-
ды, түбі жайпак, бүйірі шығыңқы болып келеді. Сопақша келген тұтқасы
ернеуі мен иінін қосып шығарылған. Әдетте құмыралардың шағын шүмек-
шесі болған, сыртқы кабырғаларына күрең-кызыл ангоб жағылғаннан кейін
барып жылтыратылған. Саптыаяқтардың бірнеше түрі бар, бүйірі жатык,
ілмек тәрізді сабы бар саптыаяқтар кең тараған.
Қүмыраның басқа бір түрі — бітімі жұмыртка немесе алмұрт тәрізді,
қысқа мойынды, ернеуінде үш бұрышты шүмекшесі барлары кездеседі.
Олардың сырты сарғылт-жасыл ангобпен боялып, қауырсын сияқты жа-
пырақтар, ирек бұрамалар, үш бүрыштар түріндегі ернекпен сәнделген.
Шаруашылықта ұсталатын ыдыстар (қыш кеспектер, аузы кең су таси-
тын кұмыралар), какпактар мен шырағдандар колмен жапсырылып жаса
лган. Қыш кеспектер жұмыртқа тәрізді сопақша, ернеуі дөңгелек, бүйірінде
бірнеше бедерлі бүршіктері бар немесе тік түзу, жоғарғы жағы жалпақ бо
лып келеді.
Шырағдан ретінде саптыаяқтардың сынықтары және шырақ түрінде,
кейде аяқтары бар әдемі шағын табакшалар, сондай-ақ діңгек тәріздес биік
аяғы бар, шырша өрнегімен әшекейленген шырағдандар қолданылды.
Тамақ пісіретін ьщыстар қүлақгары шығарылған және кұлақтары жок,
қолмен жапсырылып жасалган түбі дөңгелек қазандар, көлемі әр түрлі
кұмыралар, ірі құм мен күйдірілген кыштың сынықтарын қосып, қопсыма
балшықтан жасалған табалар болды.
Қыш ыдыстар әдейі салмақты етіп жасалды; олардың бөлшектері -
шүмекшесінің, түтқасынын, түбінің бітімі әдеттегідей тік бүрышты және
қабырға тәрізді болып келеді.
Кейбір керамикалық бүйымдар мен ыдыстарды қолданбалы өнердін
көркемдік деңгейі биік туындысы деуге әбден болады.
Жетісу керамикашыларының енімдері ішінара неғүрлым ертедегі ке-
зендегі Согды ьщыстарының үлгілерін қайталайды. Мұның өзі Жетісу құмы-
рашыларында Соғдыдан әкелінген дәстүрдің сақталғанын, ал екінші жағы-
нан, мұнда бұл қолөнердің біраз кенжелеп қалғаны мүмкін екенін көрсе-
теді. Алдыңғы ортағасырлық шеберлердің негізгі өнімі көлемі әр түрлі
ьщыстар - кеспектер, шағын кеспектер, үлкен ж әне шагын қүмыралар,
саптыаяқтар, кеселер, легендер, қазандар, оссуарийлер және басқа бұйым-
дар болган.
Жетісуда су таситын құмыралар — ыдыстың ең көп таралган түрлерінің
бірі екенін атап өткен жөн. Пенджикенттен бұл құмыралардың шүмекті
және шүмексіз түрлерінің екеуіне де ұқсастары табылады64. Луговое-А
қонысынан табылған құмыраның мойнында қыр мұрыны мандайымен жалга-
скан адамның бет бейнесі түріңде шығарылған жапсырмасы болды65. Нақ сон-
дай жапсырмалар Сырдарияның төменгі агасындағы керамикадан да үшыра-
сты. Жетіасар мәдениетінің керамикасыңдағы басқа элементгер сияқгы, олар
да бұл ауданнық Жетісумен тығыз байланысы болғанын сипатгайды66.
Достарыңызбен бөлісу: |