Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст


Кен  ісі,  металлургия  жане  металл  ввдеу



Pdf көрінісі
бет52/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76

Кен  ісі,  металлургия  жане  металл  ввдеу.  Ж азбаш а  деректемелерде 

тұрғындары пайдалы  қазбаларды  өндіріп,  өндеген  қалалар  мен  қоныстар 

тобы  болғанын көрсетеді.  Күміс пен мыс  ендеу аймағы ретінде мәлім бо­

лган Талас  аңғарының қалалары жөнінде  айтылады.  Ш у-Іле таулары  мен 

Қаратауда полиметалдар өнделетін орындар болған.

Кен  ісінің техникасы қол еңбегіне  негізделген.  Құралдары темір  шот,



368

қайла, тастан жасалған шойбалға, балға, ағаштан және темірден жасалған 

сыналар болған. Кен жер бетіне тері қаптармен, себеттермен шығарылған. 

Қазып алынған кен байыту сатысынан өткізілді, оны тастан жасалған шой- 

балғалармен  немесе  тас  диірмендермен  ұнтақтап,  жуып,  қолмен  өндеді. 

Байытылған кен содан соң колөнер орталықтарына жеткізіліп, сол жерде 

олар балкытылды.

Ақтөбе қаласының жұртынан темір балқытатын пештер табылды, олар 

жерден қазылып, шикі кірпіштен қаланған. Пештер сопақша, көлемі 2,2x1,6 

м етіп жоспарланған.

Қорғасын  мен  күміс  көрік-пештерде  бірнеше  қайтара  балқытылған. 

Әуелі  қара қорғасын  алынған,  қайталап  балкыту  аркьілы  ол  тазартылып, 

үшінші кезеңінде ғана күміс қорғасыннан айырылып алынған.

Үсталар темірден  әр түрлі еңбек құралдары мен қару соккан. Тұрмыс- 

тық қажеттер үшін темір қазандар, таразылар, кетпендер, шоттар, орақтар, 

пышақтар; жауынгерлерге арнап ұзын семсерлер, кылыштар, жебелер мен 

найзалардьщ үштарын, түрлі бүкпе-бекітпелер, қару-жарақтар, шеге, бал- 

та, ер-тұрман бөлшектерін жасаған.

Зергерлік  іс  алдыңғы  орта  ғасырлар  заманында  барынша  кемелденді. 

Зергерлерге:  мүсіндеп кұю,  шеку,  басу,  оюлау,  көз салу,  таспалау,  метал- 

дан ою,  алтын жалату сиякты техникалық тәсілдер белгілі болған.  Архео- 

логиялық зерттеулер барысында әйелдердің сәндік заттары, ерлердің күрама 

белдіктерінің тоғалары табылды. Айналар, күміс және қола білезіктер, сы- 

рғалар,  балдақтар,  алқалар  жасау  кең таралған.  Металл  заттарға  нефрит, 

гауһар,  інжу және ақық көздер салынған.  Түрлі-түсті тастардан  моншақ- 

тар тізілген.  Ең асыл тас нефрит болған.  Одан  пышактардың сабы әрнек- 

теліп, әйелдердің білезіктері, сақиналар, алкалар мен сырғалар жасалған.

УӘйелдердің  сәндік  заттарының және  құрама  белдіктердің  жиынтығы, 

киім мен бас киім, сәндік заттар иесінің әлеуметтік жағдайына байланыс- 

ты түрлерінің,  кұрылымдарының әр түрлі  болуымен  ерекшеленеді.  Мон- 

шақтардын, қымбат сағалы әшекей бұйымдар,  қалақшалар мен  қапсырм- 

алар,  ортасы ойық теңгелер мандайға, самайға, кеудеге тағатын сәндік за­

ттар композицияларының едәуір күрделі болғанын анғартады.

Сауда  мен  ақша  айналысы  қалалар  дамуындағы  аса  маңызды  фаю ор- 

лардың  бірі  болды.  Қала  материалдық  игілікті  өндіріп  қана  қойған  жок, 

сонымен бірге сауда да жасады, бұл орайда оның екінші міндетін сол заман 

үшін  ең маңызды деп санауға болады.  Қалада товар  айырбасының негізгі 

үш  бағыты:  елдер  арасындағы,  кала  мен  оның  төңірегі  арасындағы,  қала 

мен көшпелі дала арасындағы  бағыттары тоғысып  жатты.  Сол  кездегі ха- 

лықаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді, оның дамуында 

соғдылар  мен  түріктер  маңызды  рөл  атқарды67.  Үлы  ж ібек  жолының 

солтүстік тармағы Қазакстаннын оңтустігі мен Жетісу арқылы өткен. Оның 

Суяб,  Тараз  және  ИсвГиджаб  калалары  арқылы  өтетін  учаскесінің  сурет- 

телгенГмәлім68. ИсШидасабта одан солтүстік-батыс жақтағы Фарабка, Шауғ- 

арға ж әне  одан әрі  Сырдарияның  төменгі  ағысы  мен  Орталық Қазақстан 

даласына кететін тармактары шыққан.

Сауда  түрік  ақсүйектеріне  едәуір  пайда  келтірді  ж әне  атап  айтқанда, 

Қолға  түсірілген  олжаны  сатуға  мүмкіндік  берді.  567  жылдың  өзінде-ақ 

Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін  Иранға екі  рет елші жібер- 

гені кездейсоқ емес69. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға

369


да елші жіберді, бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет ара­

сында сауда-саясат одағы  ж асалды ^/

Қытайдан  жібек,  кағаз,  айналар  әкелінді.  Орта  және  Таяу Шығыстан, 

Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-мар- 

жандар, шыны, маталар апарылып отырды70.

Соғдылыктар күміс бұйымдар, түрлі-түсті шынылар, дәрі-дәрмек және 

бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты71. Византиядан, Соғ- 

дыдан,  Қытайдан  және  баска  елдерден  шыққан  әсемдік  заттарының  бір 

белігі  түрік  шонжарларының  ордаларында,  кала түрғындарының  үйлері- 

нде қалып отыратын.

Көшпелілермен айырбас  сауда Испиджаб,  Отырар,  Тараз,  Суяб,  Нева- 

кет,  Дех-Нуджикет  қалаларында  жиналатын  жәрмеңкелерде  жүзеге  асы- 

рылды. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз бол­

ды, ол жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады72. III у аңға- 

рында Суяб осындай қала болды,  онда «түрлі  елдердің саудагерлері аралас 

түрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді73.

Халықаралык және аймақаралық саудада Қытайда (Тан әулеті),  Соғдьща, 

Шағада, Ферғанада, Бүхарада (штрифи үлгісіндегі) соғылған теңгелер пайда- 

ланылды.  VI—VIII  ғасырларда  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісуда  жаппай  өз 

теңгелерін соғу басталады, олардың бір  бөлігі  халықаралық және аймақара- 

лық саудада қолданылса, басқалары жергілікті саудада ғана кодданылды.

Отырар алкабында бірнеше түрдегі кола теңге  шығарылды.  Бұл теңге- 

лердің бет жағында шаршылы садақ жэне аяктары бар, конус тәрізді құрбан 

шалатын орын түріндегі, «X» нысанды таңбалар сияқты белгілер бейнелен­

ген74. Сірә, оларды Кангюй мемлекетінің мүрагері болған, орталығы Сыр- 

дарияның орта ағысында орналаскан Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің 

әр түрлі билеушілері соқтырған болса керек75.

Шу  аңғарының  калаларында  ақш амен  сауда  жасаудың  дамығанын 

түргештер мен тухустардың теңгелері дәлелдейді,  олар VII—VIII ғасырла- 

рда қағанаттарда шығарылған, бірақ XI гасырға дейін айналыста болды.

Жетісу теңгелері диаметрі  12 миллиметрден  28 миллиметрге дейін же- 

тетін, ортасында шаршы  тесігі  бар,  мыстан  құйылған дөңгелек  болып  ке- 

леді. Ең көп тарағандары  екі түрлі теңгелер — түргештердің теңгелері мен 

«түргеш» және «тухус дөңгелектері» дейтін теңгелер. Түргеш теңгелері қаған 

атынан шығарылған, мүны олардың бір бетіне айналдыра «Түргеш қағаны 

(Қүдайдың калаулысы) мырзаның теңгесі» немесе «Түргеш қағаны мырза» 

деген  соғды  жазуы  дәлелдейді.  Тухус  теңгелерінің  келемі  кішірек  және 

сапасы нашар болған. Жетісу жиынтығы арасында бұл теңгелер төрт түрге 

бөлініп, олардың ішінде таңбалардың түрлі нұсқалары салынуымен, түсінік 

сөздердің болуымен немесе болмауымен атап өтілген жекелеген топтарды 

ажыратуға болады, теңгелер салмағы мен дайындалу тәсілі жағынан әр түрлі

—  не құйылған,  не  соғылған  болып  келеді.  Ең дағдылысы  —  «Т.  хум  (Ба- 

хум?) билеушісі» деген сөздер.

Соңғы онжылдық ішінде жергілікті жерде Арслан әулеті соқгырған (9) тең- 

гелер тобы анықгалды. Арслан, сірә, Қарахандардьщ адцындағы әулет болса 

керек.  Невакет кдмалын (Қызылөзен кзласының жұрты) қазған кезде осын­

дай тенге табылды: қола шеңберінің диаметрі 20—22 мм, шеңбер ішінде шар­

шы тесігі бар, теңгенің салмағы — 2,35 г. Соғды курсивімен сағат тіліне қарсы: 

«Арслан-білге-қаған мырза. Фан (Чаглан?)», — деп түсінік берілген76.

370


Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға карағанда неғұ- 

рлым ертеректе калыптасқан.  Алайда ол Жетісуда неғұрлым кеп таралған, 

мүнда жүздеген теңге табылды,  ал Отырардан он шактысы ғана табылған 

еді.  Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мүнда түргештер теңгелерінің 

алты, тухустар теңгесінің төрт түрі, құны әр түрлі біртектес даналардан тура- 

тын бірнеше сериясы айналыска түскен.

Отырар жиынтығына кіретін  теңгелер Сырдарияның  орта ағысындағы 

қалалардан ғана табылса, Жетісудың түргеш теңгелері Отырарда,  Шашта, 

Ферғанада,  Соғдыда,  Батыс  Сібірде,  ІІІығыс  Түркістанда  кездестірілді. 

Алғашқылары аймақтық аукымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері 

аймакаралык ауқымдағы  ақша  бөлінісі  болған.  Сондықтан  Жетісуға 

Кар­

аганда, Отырар алқабынан халыкаралық және аймақаралық саудада пайда- 

ланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда коп табылды77.

Ауыл шаруашылығы. Қала мен отырықшы тұрғындар омірінде егіншілік 

пен мал шаруашылығы маңызды рөл аткарды. Отырықшы тұрғындар дәнді 

дакылдардаи — бидай, тары өсірді, жүзім,  бау-бақша өсірумен айналысты. 

Егіншілік  суарм'алы  және тәлімі  түрінде  болды.  «Талас  аңғарында,  — деп 

атап  көрсетеді  VIII  ғасырдыц  орта  шенінің  шежірешісі,  -   үшінші  айдан 

тоғызыншы айға дейін жаңбыр болмаңцы, ал егістікті  суару үшін қар суы 

пайдаланылады.  Мұнда  арпа,  күріш,  бұршак  және  атбас  бүршақ  еседі. 

Тұрғындар жүзім мен қаракурай шараптарын және айран ішеді»78.

Ертедегі  суландыру  жүйесі  калдықтарын  зерттеу  Сырдарияның  орта 

және төменгі ағысында алдыңғы орта ғасырлар кезеңіне жататын дамыған 

суландыру  жүйелері  болғанын  көрсетеді.  От1ЬІРаР  алқабында  сумен  жаб- 

дықтаудың  негізгі  көзі  Арыс  суларына  негізделіп,  VII—IX  ғасырлардағы 

барлық арықтар содан шығарылған. Отырар алқабының қалалары мен коны- 

старын сумен камтамасыз еткен  ірі-ірі  Көк-Мардан және Саңғыларык су 

жүйелерінің калдықтары сакталған .^  ~

К ө к -Мардан  су  жүйесінің  кадцықтарын  зерттеу  мұндағы  суландыру 

ісінде  дағдылы  «реттелмелі»  арналар  әдісімен  бірге  бөгесінді  ирригация 

әдістерінің де  болғанын керсетті.  Судың ағуы үшін Арыстың богет салы- 

нған  салалары  пайдаланылып,  содан ұзындығы  100—400  метрге  дейін  же- 

тетін  арықтар  казылған.  Негізгі  Саңғыларық  арнасы  Арыстың  жағасын- 

дағы қазіргі Қызылту поселкесінің оңтүстік-шығыс жағында  1,5 шақырым 

жерден  бастау  алған.  Қосарлас екі бөгет түріндегі  басты  күрылыстың қа- 

лдықтары  сақталған.  Арнаның  2  шақырым  үзындығы  анықталды,  жалпы 

ұзындығы кемінде 20 шақырым болған ол Отырар, Пышақшытөбе, Құйрық- 

төбе,  Алтынтәбе  және  Марданкүйік қалаларына су  жеткізген.  Сол  кезде 

суармалы жердің жалпы көлемі алқапта 6 мың гектарға дейін үлғайған79.

Отырар  алқабының  калалары  мен  коныстарының  орындарын  қазған 

кезде тары,  бидай,  арпа,  асбүршақ дәндері,  алма,  өрік сүйектері табылды. 

Қоймалардағы үлкен кеспек ьщыстар мен қыш көзелерде тамақ пен су қо- 

рлары сақталған. Марданкүйіктегі VII—VIII ғасырларда ертенген бір үйдін 

қоймасынан  қызықты  олжалар табылды.  Жеті  кеспекте  күйіп  кеткен  би­

дай, ал сегізіншісінде мақта қауашақтары болды. Қойманың еденінде күйіп 

кетквн

 алма шашылып жатты80.

^   VII  гасырдың  басындағы  автордың  айтуынша,  Ш у  аңғарында  «егін 

өсіретіңцер мен табыс табатындар (сауда жасайтындар) тепе-тең»81 болған.

Таразды, Қызылөзен қаласының жұртын қазған кезде 

ер ік т ің , 

жүзімнің


371

сүйектері, карбыз бен қауынның тұкымдары, бидайдың, тарынын, күріштің 

дәндері табылды.  Астықтын,  бау-бақша дакылдары тұкымдарының табы­

луы егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысу қосымша кәсіп болғанын 

дәлелдейді.  /

Жүзім  өСіру  ж әне  шарап  ендірісі  туралы  мәлімет  беретін  кақпақтың 

фрагменті табылды.  Қызылөзен және  Новопокровск қалаларының орын- 

дарынан табылған  қыш  көзелердің жиектеріндегі  соғды  жазуларына Кар­

аганда,  Жетісуда  шарап  құйылған  бұл  ыдыстар  сыйға  тартуға  арналған. 

Жазулардың бірінде былай делінген:  «Бұл ыдыс — Пакап қауымының тар- 

туы. Бұл шарапты шат кезінде іш, алдияр... Құдай бакыт берген Алып-Білге 

тақсыр бақытты  болып, рахат көрсін!»82. Луговоедегі қала жүртынан VII—

VIII  ғасырлардағы шарап  ашытатын  орыннын  калдықтары табылды.  Ше- 

берхана ауланың түрғын үй кешені орындарының біріне орналасқан және 

бірнеше күбырмен  жалғасқан жемісті сығу алаңқайларынан тұрған, олар­

дан  жүзім шырыны  құдыққа  аққан.  шырын  сонда тұндырылып,  тазарты- 

лған да, сонан  соң  ыдыстарға күйылған.  Осында  қайнатылған  жүзім  шы­

рыны — бекмес  дайындалған83. Шарап ашытатын орын Талас аңғарындағы 

Терткөл (Төменгі Барсхан) қаласының орнынан да табылды84.

Қалалар  мен  ауылдардың тұрғындары  егіншілікпен  қатар ірі кара мен 

қой-ешкі, жылқы, түйе өсіріп, олар шаруашылықта кеңінен пайдаланылған.



6. АРХИТЕКТУРА ЖӘНЕ ӨНЕР

Сәулет өнері  ескерткіштері — оны жасаған қоғамның өмірі туралы аса 

бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері бо- 

лумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, 

ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы,  мәдени  қарым-қаты- 

настар туралы, құрылыс қолөнерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы 

айқын түсінік береді.

Алайда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған 

архитектуралық кұрылыстар саны көп емес ж әне мұсылмандық орта ғасы- 

рлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы про- 

блемаларын шешу, архитектуралық-керкемдік бейне эволюциясын ашып 

көрсету,  сәулет өнері дамуының зандылықтарын  зерттеу  көбінесе  сәулет 

өнері ескерткіштерін археологиялық зерттеуге байланысты.

Сәулет енері  археологиялық қазба  жүмыстарында табылған  ескерткі- 

штерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ үшырасып, одан кейінгі 

кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдык және ру- 

хани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі

— «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» үштастырылуы болып табылады.



Еңселі түрғын  үй  архитектурасы.  Монументті  тұрғын  үй  архитектура- 

сына Жетісу қалаларының төңірегіндегі аумақтарда тұрғызылған замоктар 

жатады.

Олар қолдан биіктетіліп (кейде табиғи биіктерді пайдаланып) жасалған 



биік алаңдарға тұрғызылған еңселі үйлер. Құрылыстар көптеген жартылай 

қараңғы  жайлары,  дәліздері  бар  бір  немесе  екі  қабатты  болған.  Әдетте 

төменгі қабатында үзынша 6—8  бөлмелі болып, олардың қабырғаларынын, 

қалындығы екі метрге дейін жеткен ж әне одан да қалың жасалған. Төменгі



372

кабаттарына төбесіндегі арнаулы саңылаулар арқылы немесе шырағдандар- 

мен жарықтүсірілген. Екінші кабатқа пандус немесе кішкене аспалы кепір 

апарған, ал одан баспалдакпен төменгі қабаттың бөлмелеріне түсуге бола­

ды.  Замокқа әдетте саз балшықпен қоршалған кең аула түйіседі. Дуалдың 

үстіне  әдетте сатылы жақтаулар орнатылған, одан оқ атуға болады.  Құры- 

лыстың бүкіл болмысын оның тұрғын жай ғана емес, корғаныс қүрылысы 

да болғанын көрсетеді. Тараздан, Қызылөзен каласының жұртынан, Луго- 

воеден,  Ақбешімнен  замоктар  қазып-аршылды.  Олар  жоспарлануы  мен 

қүрылысының  құрылымы жағынан  да ұқсас.  Қостөбе,  Құйрықтөбе  және 

Баба-Ата қала жүртгарының қамалдарын қазған кезде қызықты материал- 

дар алынды.

Қостөбе қала жұрты Талас аңғарында жатыр және Жамукет қаласы деп 

саналады85. Ол жартылай тік бұрышты етіп жоспарланған, биіктігі  15 метр­

ге дейін жететін, жоғарғы алаңшасының көлемі 30x30 м болатын 



қамаддан 

түрады. Оның қасында шахристан мен рабад (көлемі 450x450 м) және ұзын 

дуалмен  қоршалған  аумақ  орналасқан.  Негізгі  қазба  жұмысы  қамалда 

жүргізілді.  Қамал  құрылысының  ансамбліне  сарай  кешені  кірген.  Оның 

кұрылысы VI ғасырдан IX ғасырдың басына дейін созылған.  Құрылыс екі 

кезенде жүргізілген: бірінші кезеңі — VI—VIII ғғ., екінші кезеңі — VIII ғасы- 

рдан IX ғасырдың басына дейін.  Құрылысты қайталап салу кезінде сарай- 

дың  ішкі  жайларының жоспарлануы,  бекіністі дуалдардың  орны  өзгерті- 

лген. Барлығы 20 үй орны аршылды, олардың ішінде тұрғын бөлмелер, діни 

сипаттағы орындар, қонак қабылдауға арналған салтанат жайлары, шаруа- 

шылық бөлмелері, сондай-ақ айналма дәліз бар.

Үйдің жалпы жоспары бөлмелердің екі тобының жиынтығы болып та­

былады, олар: үлкен залдардың орталық тобы және оның солтүстік жағы- 

нан  шектесіп  жатқан,  орталық  топқа  кызмет  көрсету  мен  оны  корғау 

міндетін атқарған шағын жайлардың шеткі тобы. Бүкіл ансамбльді айнала- 

сын төбесі жабық айналма дәліз коршап жатыр.

Архитектуралықкешеннің орталықкұрылымы бөлу залыныңтік бұрыш- 

ты бөлмесі (9,5x8,2 м) болған. Оның оңтүстік-шығыс жағында қызметшіле- 

рге арналған бөлме болды. Бөлу залының шығыс жағында салтанатты «гоф- 

рирленген  зал»  орналаскан,  оған  ауланың  ашық алаңшасы  жапсарласып 

жатыр.  Ортадағы  бөлу залының солтүстік-батыс және солтүстік жағында 

діни-жоралғылықорындар орналасқан. Келемі 40 шаршы метрге жуық діни- 

жоралғылык салтанат залы ағаштан ойып әсем безендірілген.  Оның орта- 

сында ғұрыптық ошағы бар жартылай дөңгелек үлкен сәкі тұр. Көлемі нақ 

сондай деуге болатын екінші діни-жоралғылық залдың да ортасында ошакты 

жартылай дөңгелек сәкі бар, алайда бұдан безендірілген іздер байқалмады. 

Сарайлардағы осыған ұқсас ғибадатхана кешендері Ташкент алқабындағы 

Қаңқа қамалынан, Мыңғұрық, Юнусабадтағы Ақгепе қалаларының жұртта- 

рынан табылды87.  Ортадағы  бөлу  залының батыс жағында келемі 40 шар­

шы  метр  болатын үлкен тұрғын  зал орналасқан.  Үйлердің орталық тобьг- 

ның солтүстік жағында қосалқы міндеттер атқарған орындар бар. Демала- 

тын ж әне тамақ ішетін орындар кешеннің солтүстік бөлігінде, не сарайға 

жақын бөлек тұрған үйде орналасқан болуы мүмкін деп шамаланады.

Сарайлардың жалпы композициялық шешімі залдардың аткдратын рөлін 

ескере отырып, биіктігі әр түрлі болуын көздейді, мұның өзі сыртынан Кар­

аганда  көлемінің  қьізықгы  панорамасын  жасаған.  М әселен,  Қостөбедегі



373

сарай  үйі де  биіктігі  жағынан  бейне  бір үш деңгейлі  етіп  қүрастырылған. 

Кеш еннің ең биік  және еңселі  орны  -   бөлу залы  -   бірінші  жоғарғы дең- 

гей,  содан  соң оның айналасын неғүрлым аласа залдар  жартылай коршап 

түр және солтүстік жағында үшінші деңгей -  бірқатар шеткі орындар бар. 

Биіктікті  деңгейлері  бойынша  осындай  тәсілмен  бөлу  арқылы  бүкіл  ке- 

ш еннін  бірегей  композициясы  жасалған.  Шығыстың  сәулет  өнерінде  са-



Кұйрыктөбе сарайының оюлы тақтайы .VII—IX ғғ.

рай ғимараттары жоспарларының сыртқы түрі осы объектілерге ұксас  бо­

лып келуі кездеседі.

Күйрықтебе қаласының жұрты  Отырар алкабында жатыр және ол  Ке- 

дер  каласьг деп  саналады.  Ол  қамалдан,  шахристан  мен  рабадтан тұрады. 

Қамал  жоғарғы көлемі  30x30  м  болатын дөңес  тәбе  түрінде  сақталынған. 

Қамал сарайының кұрылысы екі кезеңге созылған. Бірінші кезен (VII—VIII 

ғғ.) құрылыс салынып бітіп, сарайды бірте-бірте кеңейтумен сипатталады. 

Екінші кезенде (VIII—IX ғасырдың екінші жартысы) сарай күрылысы қайта 

салынған,  оған  бірнеше  ж аңа  жайлар  косылған.  Сарай  биіктігі  14  метрге 

дейін  жететін  мықты  алаң  үстінде  орналасқан.  Қүрылыс  материалдары 

ретінде күйдірілген балшық кесектер, шикі кірпіш, ағаш, күйдірілген бал- 

шық блоктар пайдаланылған.  Сарай бір қабатты. Құрылымының калдықт- 

арына карағанда, төбесі бірнеше түрде жабылған. Үлкен салтанат залынын 

тебесі «дарбаза» түрінде, қалған бөлмелер — жалпақ бөренелермен, ал айнал- 

ма галерея қорап сияқты күмбез етіп жабылған.

Сарайдың сақталып қалған бөлмелерінің жоспарына қарағанда аткара- 

тын  міндеті жөнінен ерекшеленетін бірнеше орындар байқалды.  Орталык 

топ — салтанатты қабылдау залы, ол көлемінің үлкен (10,5x15 м) 

ж ә н е  

әсем 


көркемделуімен  ерекшеленеді.  Оның  батыс  жағында  екі  бөлмеден  тұра-

3 74

тын  табыну  орындары  орналасқан.  Үлкен  табыну  бөлмесінің  ортасында 

(5,5x5,2 м) тұрақты шырағдан орнатуға арнап биік түғыр жасалған. Мұндай 

тұғырларды Балалықтепе замогынан, Варахш сарайынан, Ташкент түбіндегі 

Актепе  замогынан  да  көруге  болады.  Салтанат  залының  солтүстік-батыс 

жағында тұрғын үйлер тобы орналасқан. Сарай бөлмелерінің бүкіл кешенін 

айналма галерея (2,8 м) қоршап жатыр. Ол бекіністі дуалмен жанасады, оның 

бұрыштарына ішінде шағын камералары бар доға тәрізді мүнаралар орна- 

тылған.


Екінші кезеңде солтүстік және шығыс жақтағы мұнаралар арасындағы 

кеңістік  сарай  алаңын кеңейту үшін пайдаланылған.  Мүнда  косымша  екі 

жай  салынған, олар  мұнаралар  ішіндегі  камералармен  бірге  қорғаныс то­

бына жатады. Сонымен, сарайдың сақталып калған бөлігінде мына максат- 

та салынған құрылыс-жайлар: салтанатгы қабылдау залы, діни, тұрғын және 

қорғаныс орындары айқын аңғарылады.

Құйрықтөбедегі  сарай  кеш енінің  бастапкы  композициясы  он  төрт 

метрлік биік алаң болып табылады, оның төбесінде сарай орналасқан. Са­

рай қаланың кез келген бөлігінен көрінеді, ал оның жоғары жағы біршама 

сыртқа шалқайыңқы үлкен  бекініс дуалдары  жан кіре алмайтындай берік 

болған. Бүкіл сарай кешенінің биік те манызды кұрылымы -  салтанат залы. 

Зал  кен де  биік,  ауқымды  болып,  бөренеден  жасалган  үлкен дарбазамен 

бекітілген. Сарайдың қалған белмелері салтанат залынан бір деңгей төмен 

орналасқан  және олардың  коркем  жасалған  оқ ататын  тесіктері  бар  ғаж- 

айып сипаты бүкіл кешенге сан алуан әсем ең беріп тұр. Бекіністі дуалдың 

жоғарғы беті жауынгерлер тұратын алаңкай болған, ал дуалдың бүкіл жи- 

егін бойлай жактау салынған, оның төбесінде кеп сатылы тісті-мерлондар 

бар.  Құрылыс  тәсілдерінің  сипаты,  биік  алаңкайдын  болуы,  ұзын  шикі 

кірпіш пен күйдірілген балшық блоктарынан араластырып қалануы, қорап 

тәрізді күмбездердің болуы алдыңғы орта ғасырлардағы Шаш, Соғды, Уст- 

рушан қалаларымен мейлінше жақын ұқсастығын көрсетеді88. Құйрықтөбе 

сарайының  ансамблі  Оңтүстік  Қазақстанның  орта  ғасырлардағы  сәулет 

өнерінің бірегей ескерткіші болып табылады.

Баба-Ата қаласьтның орны Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың теріскей 

беткейінде  орналасқан.  Оған  қамал,  шахристан  және  рабад  байқалатын 

топография тән.!Биіктігі  10,6 м, етек жағы 42x60 м және төбесіндегі алаңы 

12x17  м төбе түріндегі қамал  шахристанның оңтүстік-шығыс  бұрышында 

жатыр.  Қала қамалы өмір сүруінің алғашқы кезеңі  біздің заманымыздағы

VI  ғасырдан VII ғасырларға дейін созылған. Бұл кезде бекініс алғашқы са- 

лынған  көлемді  тұғырға  қаланған  замок  түрінде  болған.  Оның  ғимараты 

екі қабатты және биіктігі 6 метрден аскан. Оның орталық бөлігі биіктігі екі 

қабатқа  жететін  сегіз  қырлы  зал  болып,  оның  айналасында  баспалдақты 

екі галерея, екі дәліз, ал екінші қабатта шаршыланған терт зал орналасқан. 

Ортадағы  залдың  айналасындағы  бөлмелердің  бәрі  шаршылау  жоспары- 

мен салынған. Залдардың бәрі күмбезделіп, ал галереялар мен дәліздердін 

төбелері дөңестеліп жабылған. Замок қабырғаларына айналдыра бекіністі 

дуал салынған, қазған кезде оның калдықтары табылды. Оны тұрғызу үшін 

шикі кірпіштер мен күйдірілген балшык блоктар пайдаланылған. Дуадцың 

қалындығы 3 метрден асады89.

Кешеннің бөлмелері бірнеше топқа бөлінеді. Ортадағы сегіз қырлы зал

— діни-жоралғылық орындар.  Екінші  кабаттағы  есіктері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет