Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет54/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76

Қолданбалы  енер.  Қала  мен даланы  мекендеушілердің  көркем  шығар- 

машылығы мейлінше алуан түрлі болуымен ерекшеленеді. Ең алдымен көзге 

түсетіндері -  ұсақ пластика, терракота, көркем керамика мен металл. Ме­

талл мен ағаш оюлардың кептеген сюжеттері керамикаға көшірілген. Ою 

енерінде жаңа техникалық тәсілдер,  атап айтқанда,  жапсыру, доғал  және 

еткір  стекалар,  пунсон,  қалыптар  игерілді.  Жұқалап  ойып  өрнектеу  мен 

жылтырату кеңінен дамьщы. Оюлардың сюжеті де мейлінше әр түрлі: діни- 

магиялық сипатгағы нышандар мен эмблемалар, антропоморфтық және зоо- 

морфтық мотивтер.

Терракота бет-әлпеті, шашы және киімі  жөнінен сипатты үлгідегі соғ- 

дылардың,  гүріктердің  бейнелері  болып  келеді.  Олар  антропоморфтык 

ыдыстарда да, ыдыстардың жапсырмаларында да бейнеленген109. Террако- 

таларда  мейлінше  алуан түрлі  кейіпкерлер  бар,  олардың кейбіреулері  зо- 

роастралык және буддалық иконография құдайларының бейнелерімен бай-



382

ланысты.  Бүл  жағынан  алғанда,  Кызылөзендегі терракоталык плакеткаға 

салынған құдай образындағы патшаның немесе қоркор ұстаған (сол колы- 

на кұрбан шалатын аспап ұстап, құрамы күрделі тәж киген және інжу шұғы- 

лалы)  Аровахишт қүдайларының бейнесі ерекше.

Оссуарийлер какпақтарының тәбесі көбінесе адамның басы, кұстар мен 

аңдар, ғажайып мифологиялық бейнелер түрінде безендірілген. Оссуарий- 

лерге балшықтан ойып, қалыптап, жапсырып және бояп түрлі бейнелер са- 

лынған.


Солардың ішінде екі оссуарийдегі бейнелер ерекше қызықты.  Олар со- 

пакдіа етіп жасалған, алдыңғы кабырғасында жоқтау көрінісі бейнеленген, 

онда композицияның ортасында мінәжат етіп, қолдарын кеудесіне баскан 

үш адамның бейнесі бар оссуарий мен жәш ік сияқты тік бүрышты, ғибада- 

тханада қасиетті от жағу көрінісі  бар оссуарий бейнеленген.  Ортасында — 

ішінен  жалын  шығып  тұрған  сатылы  биік  мехрап,  ал  жан-жағында  үсақ 

қатпарланып  сәнделген  және  үш  рет  оралған  белбеулі  үзын  жейде  киген 

абыздар бейнеленген. Абыздардың қолдарында және олардың айналасын- 

да ғибадатханадағы дұға оку ғұрпына тән әр түрлі айшықтар бар110.

Көшпелі және отырыкшы халықтын көркемдігі жоғары бұйымдарының 

көпшілігі  киім-кешек  әшекейлері  болып табылады.  Құрама  белдіктердің 

қаптырмалары, салпыншактары мен қарсы ілгектері, ат әбзелдерінің әшек- 

ейлері  ою-өрнектерінің  байлығымен  ерекшеленеді.  Әсем  қүрама  белдік- 

тердің  бейнелері түріктердің тас  мүсіндерінде,  Пгнджикент  пен  Афраси- 

абтың фрескаларында сакталған. Қаптырмалар географиялық түрде -  төрт 

бұрышты, ай сияқты, жүрек тәрізді мүсіндер болып келеді.

Белдіктің  ұзына  бойына  тағылып,  өсімдік  тәрізді  және  зооморфтық 

оюлармен  өрнектелген олар біртұтас  ансамбль сиякты эсер калдырады111. 

Бедціктер киімнің, жауынгерлік керек-жарактардың атрибуттары ғана емес, 

сонымен катар ерекше айырым белгісі және керкемдік мәдениет көрсеткіші 

болган.  Жалпы  алғанда,  көркемдік мәдениетті былайша сипаттауға  бола­

ды.  Аз  уакыттың  ішінде  бүкіл  Орта  Азияны  бағындырып  алган  түріктер 

«отырыкшы өркениет өнерін кеңінен пайдаланды, оларды көп мүсінді ком- 

позициялар»... «иконографиялық канондар, күрделі оюлар қызықтырды...», 

олар «соғдылардың өсімдік тәрізді оюларын» үйреніп, одан әрі дамытып, «аб­

страктен  элементтердің үштасуьша айналдырады».  Сонымен бірге  көшпелі- 

лердің мәдениеті өз кезегінде соғдылардьщ отырыкщы коғамына да ықпал етгі. 

Варахша жолбарыстарьшьщ жарқындығы, күміс ыдыстардағы қаракүйрық пен 

таутекенің сезімтаддығы күдіргі  және көпен  ері безендірілген  стильді  және 

сонымен бірге тірі сияқты корінетін жолбарыстар мен барыстарды, қабандар 

мен таутекелерді, құландар мен еліктерді еріксіз еске салады112.

^

  V '*  

7- 

н а н ы м

-

с е н і м д е р

 ЖӘНЕ 

д і н

Ж алпы алғанда, отырықшы және кәшпелі халықтың діни нанымдарын- 

да алдындағы дәуірлерден алынғаны кеп.  Адамдардың құдайлык күштер- 

мен  «қарым-қатынасьшдағы» аралык міндеттер қоғамдағы ерекше топтың

— шамандардың  қолында  болды,  ал  шамандар  ертедегі  түрік  текстерінде 

кам деп аталған. Шамандар сәуегейлер, емшілер, «кұдайдың қалауын» жа- 

риялаушылар болған.

383


Ертедегі  түріктер  дінінің негізі  Көкке  (Тәнір)  және  Жер  -Суға  (Йер- 

Суб) сыйыну болды113. Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк 

болды.  Қағандар нақ осы  Көктің еркімен билік  құрып,  олар  «Көк тектес- 

тер және Көкте туғандар» деп аталды. «Көк өз биігінен (көк жүзінен) менін 

әкем Илтериш-кағанға ж әне менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей оты­

рып,  оларды  (халықтан)  жоғары  қойды,  менің езімді  түрік халқының аты 

мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (кағандарға) мем- 

лекетті сыйлаушы Көк деп ойлау керек»114. Коктің еркімен «түріктер жеңіс- 

ке жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Ж ұт жайлаған жылдары түрік 

халқын Көк пен Жер-Су сактап калған. Түрік хандары ездерінің жазбала- 

рында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады.

Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Үмай — от басы 

мен  бала-шағаны корғаушы болған115.  Үмайға  табыну  Алтайдың кейбір 

түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сакталып қалды. 

Сонымен  бірге,  Үмай  түріктер  сыйынған  құдіретті  үш  күштің  бірі  бо­

лтан  ж әне  оларға  каш анда  қамқорш ы  болып  отырған.  М ұны  мәселен, 

Тоникоктің  құрметіне  орнатылған  ескерткіш тен  көруге  болады,  онда 

түріктердің  сәтті  ж оры қтары ны ң  бірін  сипаттағанда  былай  делінген: 

«Көк, Үмай  (қүдай),  касиетті  Ж ер-Су,  міне,  бізге  ж еңіс  сыйлаған  осы- 

лар деп ойлау керек!».

Ертедегі  орта  ғасырлардағы  барлық түркі  тілдес  тайпалардың  наным- 

сеічмінде  қасиетті  тауларға  (ьщұк  баш)  табынушыльіқтың  маңызды  мәні 

болды, бұл сенім  Оңтүстік Сібірде өткен ғасырдың өзінде  сакталып келді. 

Ертедегі түріктер  «касиетті  Отүкен  қара күшін»  (Хантай таулары)  ерекше 

қастерлеген, олардың рухы қаған тегінің қамкоршысы деп есептелген. Онда 

 «бабалардың үңгірі» болған, түрік аңыздары бойынша, осы үңгірде қасқы- 



рдан түріктердің бабалары туған. Түріктердің пікірінше, бүкіл төңірек рух-

Костөбе кала жүртындағы ғибадатхана. Талас аңғары. VIII—IX  ғғ.

384

тарға толы,  оларға тасаттық  беріп,  рақымын  алып  отыру  керек.  Адамдар 

өлген сон жаны  орналасатын  жер асты патшалығын жер асты дүниесінің 

билеушісі Ерікліг басқарады116.

Осы сипатгалған наным-сенімдер ежелгі түрік тайпаларына, оның ішінде 

оғыздарға, карлұктарға, кимектерге, қыпшақтарға ортақ болған. Бүған, атап 

айтқанда, орта ғасырлардағы араб жэне парсы шығармаларында кездесетін 

түріктердің  наным-сенімдерін  сипатгайтын қысқа  және  үздік-создық си- 

паттамалар айқын дәлел бола алады. Араб географы әл-Макдиси (X ғ.) Орта 

Азиядағы түріктердің діні туралы былай деп жазады:  «Түріктер бір тәңірі, 

яғңи  «тәңір  — біреу»  дейді.  Олардың  кейбіреулері  тәңір  дегеніміз  зеңгір 

көктін,  атауы  деп  пайымдаса,  енді  біреулері  тәңір  деген  көктің  нақ  өзі 

деңці»117.

Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралған, олардың ішінде ең 

әйгілілері  — отқа  табыну,  жануарларға табыну,  есімдіктерге  табыну.  Ви­

зантия тарихшысы  Менандр түрік  қағаны  Дизабулға елші  Земархтың ке- 

луін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен 

кесел  біткенді  аластай  аламыз деп  өзіне-өзі  сенетін  біраз  адам  Земархқа 

келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, 

одан  соң  ливан  ағаштарының  бұтақтарын  лаулатып  жағып,  скиф  тілінде 

әлде бір тағылык сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жа- 

тқан заттарға қайта-кайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ор- 

таға  әкеліп,  құтырына  айғайлап,  кәрін  төгіп,  ойнақтаған  жын-шайтанды 

куғандай болды. Ж ұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді  кесел- 

пәледен күткарады деп сенеді; өздерінше барлык кеселді аластадык деп сен- 

ген олар Земархтың өзін осы оттан еткізіп, өзімізден де пәле-жаланы алас­

тадык деп сенгендей болды»118.

Қала түрғындары мен отырықшы халыкгың отқа табынғанын археоло- 

гиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының камалын қазып- 

аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердін қалың қабатына 

қарағанда, отка байланысты діни ғұрып өткізілген119. Қалалардың жүртта- 

рын қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың осы жануарларға табынумен 

байланысты  екені  даусыз.  Отырар  алқабындағы  Көк-Мардан  каласының  • 

орнынан  V I-V II  ғасырлар  қабатынан  от  жағу  үшін  такыт  орнатылып, 

қошқар мүйіз түрінде  жапсырмасы  бар куыс  жасалған ғибадатхана қазы- 

лып алынды.

Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «улы» тастың құдіретті күшімен 

жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады. Түріктердің 

сиқырлы күшке, шаман бақсы-балгерлеріне сенетіні жайлы парсы тарих- 

шылары мен географтары да жазады. Өлген түріктер ертедегі шаман ғұрпы- 

мен жерленген. Деректемелерде  жерлеу ғұрпының  сипаттамалары  сакта- 

лған, өлген адамды биіктеу жерге тігілген киіз үйге қойған. Туыстары құрба- 

ндыққа әкелген қойлары мен жылқыларын табалдырықтан асырып қойған 

да, сонан соң киіз үйді жеті рет айналып өткен. Үйді айналып, есік алдынан 

өткен  сайын  бетгерін  тілгілеп,  жылайтын  болған;  сонан  соң  белгіленген 

күні өлген адамның атын, киімдері мен заттарын алып, оларды өлген адам- 

ның денесімен бірге өртеген.

Содан,  кейін  қолайлы  мерзімде  көму  үшін  күлді  жинап  алған:  егер 

көктемде немесе жазда өлген болса, онда шөптер мен ағаш жапырактары- 

ның сарғаюын күткен, егер күзде немесе қыста өлген болса, онда ағаштың

13 - Қазақстан тарихы, т.1

385


бүр  жарып,  көктеуін күткен.  Сонда  барып  қабір  қазып,  (күлді)  көмген... 

Жерлеуден кейін олар тас қалап,  оның үстіне  құлпытас орнатқан. Тастар- 

дың саны жерленген адамның тірі кезінде өлтірген адамдары санына бай- 

ланысты болған.  Қүрбандыкка әкелінген  барлық қойлар  мен  жылқылар- 

дың бастарын діңгекке іліп қойған119.

Алайда, бертін келе өлікті жерлеу ғұрпы өзгереді, әлген адамды шұңқыр 

қазып, жерге  көметін болған, сөйтіп топырақтан немесе тастан оба үйген. 

Қала мендалада ертедегі пұтқа табынатын наным-сенімдермен қатар дүни- 

ежүзілік діндер таралды. Бұл үрдісте Үлы Жібек жолы маңызды рел атқар- 

ды. Зерттеушілердің пікірінше, Қытайға будда діні Үндістаннан Орта Азия 

мен  Қазақстан  арқылы өткен.  Бұл  үрдіс  б.  з.  б.  I  ғасырдың орта шенінде 

басталды.  Шығыс  Түркістан  мен  Қытайға  будда дінінің  таралуында  Орта 

Азияның діншілдері мен миссионерлері, әсіресе, соғдылар, парфяндар, кан­

гюйлер маңызды рөл атқарды120.

Алдыңғы орта ғасырларда будда дінінің негізгі миссионерлері рөлін соғ- 

дылар  алды.  «Бодисатва»  деген  сөз  парсы,  ұйғыр,  қытай  тілдеріне  соғды 

тілінен  енген.  Шығыс Түркістандағы  буддалық түрік текстерінің термин- 

деріне жасалған талдау олардың соғдылар арқылы келгенін дәлелдейді.

Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, VI ғасырдан бастаптүріктер будда дінінің 

күшті ыкпалына ұшырады. Сюань-Цзян батыс түрік қағанының будда дініне 

ізгі көзкараста болғанын жазады. Зерттеушілердің пікірінше, VII ғасырдың 

бірінші  жзртысында  батыс  түріктердің  кейбір  билеушілері  будда  дініне 

көшеді  немесе  булда дініне  камқоршылық етеді.  Қазақстанньщ  оңтүстігі 

мен  Жетісуда будда діні  едәуір кең  таралды.  Мұны бірінші  кезекте  будда 

ғибадатханаларының, монастырьларынын табылуы дәлелдейді.  Кездейсоқ 

табылған заттар ішінде үнді бұйымдары:  буддалар мен будда дініне тән ал­

тын  жалатылып,  асыл  тастармен  ою -ернек  салынған  қола  ж әне  күміс 

мүсіншелері үшырасады.

Орта ғасырлардағы  белгілі  қала  Испиджабтың  —  Сайрамның  қираған 

жұртына  жақын  жерден  табылған  жерасты  монастыры  асхеологтардың 

жакында ашқан жаңалықтарының қатарына жатады.

Үңгірдегі монастырь кешендерінің ертедегі үлгілерін Үндістаннан іздес- 

тіру  керек,  онда  үңгірдегі  сәулет  өнерінің дәстүрлері  Маурья  кезеңінде, 

Магадхада  ж әне  соған  ж ақы н  жерде  (қазіргі  Бихарда)  дамыған.  Батыс 

Үндістанның ертедегі үңгір ғимараттары монастырьлар болған.  Әрбір мо­

настырь бір немесе бірнеше чатьядан — мінәжат орындарынан және бірне- 

ше вихара — монахтар тұруға  арналған  жайлардан тұрған121.  Испиджабқа 

жақын жерден ашылған жайлардың вихаралар болуы мүмкін.

Будда дінімен  катар  Ж ібек  жолымен  батыстан  Ш ығысқа жылжи оты­

рып,  христиан  діні де  таралған.  V  ғасырдың  бірінші  жартысында Шығыс 

Рим  империясында  әулие  Несторийдің  жолын  қуушылардың  «күпірлік» 

сектасы пайда болды. Несторий Мария анадан қүдай емес, адам туған, Хрис­

тос «құдайлар мекенінен келуші», қасиетгі рухты таратушы ғана болған деп 

үйретті. Несторийдің пікірінше, М ария ананы құдайдың анасы демей, қайта 

Христ анасы деп атау керек, «Мария құдайды емес, қайта адамды — Христы 

туған».  Нақ  осы  жаңалық  бұқара  арасында  абыржушылық туғызды.  Бұл 

325 жылы Нике соборында қабылданған наным нышанына қайшы келетін 

еді, ал ол бойынша Христос ажырағысыз болып қосылған ипостасьтардың

-   адам  мен  құдай  ипостасьтарының  иесі  деп  саналды,  сондықтан  орто-

386


доксалдық шіркеу оның құдай-әкемен бір екенін теріске шығаруды аскан 

зор күпірлік деп есептеді.

Несторийдің ілімі 431 жылы Эфес соборында айыпталып, несториандар 

аяусыз қудалана бастады. Қуғындаулар нәтижесінде олар Шығысқа қашуға 

мәжбүр болды122. Азияның алыстағы аймақтарының несториандармен бай­

ланысты болғаны қайран қалдырады. Олардың колониялары мен сауда фак- 

ториялары Жерорта теңізінің жағалауынан «Аспан империясына» дейін со­

зылып жатгы. Таулар мен ойпаттар арқылы өткен бұл жол бойындағы алқап- 

тардан  христиан  мәдениетінің  ескерткіштері  табылды.  Метрополияда да, 

отарларда да соғдыларға христиан дінінің таралуы соғдылардың сирия жа- 

зуымен танысуына жеткізді. Сирия жазуы христиан-соғдылардан ертедегі 

түріктерге жетті; бүл жазуды үйғырлар қабылдады:  «...сириялықтар дүни- 

ежүзілік  ғылым  мен  мәдениетке  зор  үлес  қосты.  Олар  Шығысты  дүни- 

ежүзілік мәдениет дамуының көне замандағы жетістіктерден бастау алған 

сарынына қосты»123.

V II-V III ғасырларда несториандық ілім Оңтүстік Қазақстан мен Жеті- 

су калаларында кең таралды. Кептеген қалаларда христиан шіркеулері бол­

ды. Патриарх Тимофей кезінде (780-819), сірә, қарлұқ жабғуы болар, түрік 

патшасы христиан дінін қабылдаған. IX—X ғасырлар шебінде ерекше карлұқ 

метрополиясы құрылды,  Тараз  бен  Миркиде  христиан шіркеулері  жұмыс 

істеді124. Жетісу және Оңтүстік Қазакстан қалаларынан табылған нестори- 

андықпен  байланысты  олжалар  жазбаша  деректемелердің  мәліметтерін 

айқын дәлелдейді. Бұл -  Ақбешім қаласының жұртынан табылған христи­

ан шіркеуінің калдықтары125.

Ж амукет және  Невакет  қалаларының  зираттарын  қазған  кезде  күміс, 

қола крестері бар христиан кабірлері табылды126. Шымкент каласының мұра- 

жайында Шараб каласы деп саналатын Төрткелтебе қаласының жұртынан 

табылған тас келі сақтаулы тұр. Онда христиан дінінің нышандары — крест 

пен  көгершін бейнеленген127. Таразды қазған кезде VI—VIII ғасырлар каб- 

атынан сирия жазуымен «Петр және Гавриил» деп жазылған керамика сап- 

тыаяқ табылды128. 

;

Жетісуда  дайындалган,  Аниковское  және  Григоровское  деген  атпен 



мәлім болған, ертедегі христиан йконографиясының сюжетгері бар екі күміс 

табақшаны  несториан  колөнершілерінің  бұйымдарына  жаткызу  керек129. 

Григоровскоенің күміс дискос-табақшасында астасып жаткан үш медальон- 

да «Мадактау», «Табыт жанындағы әйел» және «Керіп тастау», ал аралары- 

на «Даниил арыстан апанында»,  «Петрдің безінуі» және «Қүдайдың табы- 

тын күзету» бейнеленген130.

Невакетте христиан қауымының болғанын керамикадағы, шарап күятын 

үлкен кеспектердің ернеулеріндегі соғды жазбалары дәлелдейді. Олардың 

біреуінде былай деп жазылған:  «Бүл кеспек Йарук-Тегін мүғалімге  (арна- 

лған). Пастун шебер. Ол (кеспек) толып тұрсын, аминь, аминь!». Бұл жазу- 

дағы  «мұғалім»  деген  сез  түрік-соғды  эпитафияларындағы  «мүғалім, 

тәлімгер» деген терминге ұқсайды. Қорытындысындағы «аминь» деген сөз 

Йарук-Тегіннің христиан  кауымының басшысы болғанына күмән  қадды- 

рмайды.  Қысмычи  қаласының  жұртынан  табылған  кеспектің  ернеуіне: 

«Епископ Ширфан», -  деп жазылған131. Жазбалардың шарап кұятын ьщыс- 

тарға ойып жазылуына Караганда, Жетісуда шарап ендірісі ғүрыптарында 

шарап манызды рөл аткарған христиандардың қолында болған.

Ж ібек жолының бойымен келесі бір дін -  манихей діні таралған. Ол III



387

ғасырда  Иранда  пайда  болып,  тез  арада  Италиядан  Қытайға  дейін  көп 

мөлшерде адептілер тапты. Ол жалпы алғанда зороастрашыдцық пен хрис­

тиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихет діні -  месси- 

анш ылдықты,  ал  зороастрадан  ізгілік  пен  зұлымдықтың,  ж ары қ  пен 

қараңғылықгың күресі идеясын алған.

Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезек- 

те, отырықшы тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Тұрфан алқа- 

бынан табылған манихейлік «Екі негіздің қасиетті кітабы» деген шығарма- 

ның ертедегі ұйғырша қолжазбасында бұл кітап  «он оқ елінде (нанымды) 

ояту үшін» «Арғу,  Талас (Алтын Арғу — Талас-улуше, Талас-улуше)» қал- 

асында жазылды делінген. Бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр132. 

Жетісудың тағы бірқатар қалаларында — Баласағүнда,  Жікіл-Балықга мани­

хей мекендері болғаны мәлім. Сірә, Таразды казған кезде табылған, манихейлік 

астралдық құдайлар нышаны болып саналатын айы бар, әйел бейнеленген кола 

медальонды манихейлік жәдігерлер қатарына жатқызған жөнш.

Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасында тағы 

бір дүниежүзілік дін — зороастра дінінің өкілдері болған, ол дін б. з. б. VII— 

IV ғасырларда ежелгі Иран аумағында қалыптасты.  Оның ғүрыптық прак- 

тикасына Ғаламның төрт элементін — суды,  отты, жерді, ауаны құрметтеу 

тән. Зороастра ескерткіштерін Орта Азиядан, Сырдария қалалары мен Жеті- 

судан аңғаруға болады. Бұлар — мұнара сияқты құрылыстардың қалдықт- 

ары, оларды от жағатын мұнаралармен байланыстыру қажет. Олар Қостөбе 

және Қызылөзен қалалары орнының топографиясында сакталған. Алайда 

Орта  Азия мен  Қазақстанда зороастра дінінің канондық түрінен айырма- 

шылығы бар ерекше нұскасытаралған. Ол жергілікті табынушылықдіндер- 

мен, атап айтқанда, отқа, текке, бабаларға, жануарларға — қойға, жылқыға, 

түйеге табынумен тығыз араласып кеткен.

Бұл дінге байланысты олжалар оссуарийлерге — сүйекті қыш жәшіктер- 

ге, кеспектерге, өлікті жер бетіндегі керхана наус-сағаналарға қойып жер- 

леген  жерлерден  табылды134.  Зороастра  дінін  Қазақстан  қалаларына VI—

VII ғасырларда сс ғдылар әкелген, алайда оның элементтері одан көп бұрын 

Оңтүстік Қазақстанды мекендеген сақ-массагет тайпалары арасында қалы- 

птаса бастаған.  Зороастра дінімен  байланысты  мәдениеттің  көп жақтары 

Қазақстан қалаларында онда ислам келгеннен кейін де кездесе береді. Алай­

да ислам  Шығыста  христиан  дінін  де,  будца дінін  де,  зороастра дінін  де, 

жергілікті діндерді де біртіндеп ығыстырып шығарды. Ж аңа дін Жібек жо- 

лының көптеген қалаларында үстем дінге  айналды. VIII—IX ғасырлардың 

аяғындағы оқиғалар туралы баяндалатын деректемелер Оңтүстік Қазақста- 

нды мекендеушілердің исламға көшкенін көрсетеді. 840 жылы Нух ибн Асад 

Испиджабты бағындырып алды135. 859 жылы оның інісі Ахмед ибн Асад Шауғ- 

арға жорық жасады, онда бірнеше мың адам діни кудалауға ұшырады136.

766 жылы Жетісу мен  Қазақстанның оңтүстігінде саяси үстемдікті  ба­

сып алғанқарл үқтарға мұсылман мәдениеті мейлінше ықпал жасады. Олар 

ислам дінін сонау Махди халиф кезінде  (775—785) қабылдаған деген пікір 

бар  .  Алайда бұл,  сірә,  олардың белгілі  бір  бөлігіне ғана қатысты  болса 

керек, ейткені 893 жылы Исмаил ибн- Ахмад Таразды алып, «бұл қаланың 

басты шіркеуін мешітке айналдырды»138.

IX—X  ғасырлардағы  ескерткіштерге  жүргізілген  археологиялық  қазба 

жүмыстары аймақга кдлалық мүсылман мәдениетінің қалыптасқанын керсе- 

теді.  Тараз бен Миркидің христиан шіркеулері мешітгерге айнаддырылды139.



388

IX ғасырдың екінші жартысы — X ғасырда қала тұрғындарының жерлеу ғұрпы 

өзгереді.  Ол  мұсылман  ережелері  бойынша  жасалатын  болды:  елік  жерден 

қазылған  шұңқырларға,  шикі  кірпіштен  каланған  сағаналарға  жерленді. 

Өліктердің басы солтүстік-батысқа,  беті  оңтүстікке  қаратылған.  Қабірлерге 

құрал-саймандар қойылмаған. Ең ертедегі мұсылман зиратгары Отырар алқа- 

бынан ашыдды және мерзімі IX—X ғасырлар деп белгіленеді140.

Б.  з. б. II—I мыңжылдықта Сібір мен Орталық Азиядағы «алтай» тайпа- 

ларының  арасында  ертеректегі  түрік-монғол  және  тунгус-  маньчжур  тіл 

қауымдастығы  біртіндеп  қалыптаса  берді.  Б.  з.  б.  I  мыңжылдықтың  орта 

шенінде алғашқы топ ішінде ертедегі түрік және монгол тілдері қалыптаса 

бастады,  бұл  орайда  ертедегі  монгол  тілдерінде  сөйлейтін  тайпалар 

Солтүстік  Маньчжурия  мен  Солтүстік-Шығыс  Монғолияда топтасты,  ал 

ертедегі түрік тілінде сөйлейтін тайпалар негізінен алғанда Орталық және 

Ішкі Монғолияда, Байкалдан Ордосқа дейін қоныстанды. Тілдің саралану 

үрдісі  тым  күрделі  болды  ж әне  түрлі  аймақтарда  түрліше  өтті;  кептеген 

жерлерде ертедегі түрік және монгол тайпалары аралас тұрып жатты; б. з. 

б.  II ғасырдың бас кезіне дейін юэчжилер (сірә, иран тілдес болар) басым 

болған Батыс  және  Орталық Монғолияда  ертедегі  түрік тайпалары олар- 

мен тікелей көрші болды.

Орта және Орталық Азияның ғұндардың (хунну) тайпалық одағы қүрған 

Ғ ұн «империясы» пайда болғанға дейінгі этнолингвистикалык жағдайының 

ең жалпылама белгілері осындай еді. Ғүн конфедерациясының ішінде, сірә, 

ежелгі түрік тілдерінде сәйлеген тайпалар басым болды.

Алайда, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың далалық өңіріндегі тіддік 

жағдай VI ғасырдың орта шенінде едәуір өзгере  бастайды, ол кезде, Түрік 

қағанаты құрылғаннан кейін,  ертедегі түрік тайпаларының жаппай қоны- 

стануы  басталған  болатын.  VI—VIII  ғасырларда  Қазақстан  мен  көршілес 

аумақтарда ертедегі түріктердің бірнеше тілдік топтары:  бұлғар-хазар, ба­

тыс түрік (оғыз),  қарлұқ қалыптасады.  Әрине, аталған этникалық топтар- 

дың  бәрі  оларға  кірген  тайпалар  құрамының  үнемі  өзгеріп  отыруы,  сои- 

дай-ақ мейлінше әр түрлі тайпалық диалектілердің үнемі араласып, өзара 

ықпал етуі салдарынан ол топтардың айқындаушы тілдік белгілері бойын­

ша тым араласып жаггы. М әселен, батыс түрік және қарлұқ тайпалары ара­

сында «ж» диалектісінде сөйлеген тайпалар болған.

V III-X  ғасырларда, алғашында Ертіс өңірінде көне түрік тілдес көлемді 

топ — кимек-қыпшақ тобы қалыптасады141.

Түрік тобының тіддерімен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда оты- 

рықшы-егіншілік және қала мәдениеті өңірінде иран (көбінесе соғды) тілдік 

тобы одан әрі сақталып қалды. Нақ сол ортада семит тілдерінің бірі — сирия 

тілінде сөйлеген ете  ш аган халық топтары болған.  Кейініректе  мұнда ба­

ска бір семиттілі — Орта Азияны жаулап алушы арабтардьщ тілі енді, бірақ 

ол мұнда X ғасырда кейбір түрік тайпалары ислам дінін қабылдап, Қараха- 

ндар мемлекеті пайда болғаннан кейін діни және заң саласында тым щек- 

теулі  түрде  ғана  қолданылды.  Біздің  заманымыздағы  I  мыңжылдықтың 

аяғына қарай Солтүстік Қазақстанда түрік тілдерінің угор тілдерін біртіндеп 

ығыстырып шығару үрдісі аяқталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет