бір к ел к і
залдар-
375
дын бәрі тұрғын үй тобына жатады. Замоктың екі дәлізі мен екі галерея да
бөлмелерді өзара байланыстыру міндетін аткарады. Функционалдык соңғы
топ — қосалқы топ. Оған баспалдакты екі галерея арасындағы біріктіретін
зал жатады. Сонымен, Баба-Ата замогында бөлмелердің функционалдық
төрт тобы: діни-жоралғылык, тұрғын, байланыстырушы және қосалқы топ
тары бар. Баба-Ата замогының сыртқы түрі жартылай сфера тәрізді бес
күмбезбен және қорап тәрізді үш биіктік жактауымен анықталады. Кұры-
лыс шығыңқы белшектерсіз және ебедейсіз зор эдементтерсіз, қарапайым
әрі пропорциялы салынған. Үйдің бірден-бір әшекейі сыртқы қабырғасын
кірпішті керкемдеп қалау болып табылады. Баба-Ата замогын сол үлгідегі
басқа ғимараттармен салыстырған кезде бұл кешеннің өзіндік ерекшелігі
айқын аңғарылады.
Қүйрыктөбе қаласының жұртындағы бай қала тұрғынының үйі топы-
рақтан үйілген алаңқайға салынған және мерзімі VII—VIII ғғ. деп белгіле-
неді. Үй шаршылап жоспарланған деуге болады (19,5x21,5 м). Функцио
налдык орнына қарай жоспарланған жеті белмесі бар. Негізгі есік - шығыс
жағында, сәкілі пеш те осы жақта салынған. Күн сәулесінің қолайлытүсіп
тұруымен қоса, кұрылысшылар үйді қатты соғатын «арыстанды» желінің
бағыты үйдің бұрышына бағытгалатын және негізгі есік ык жақта болатын
етіп орналастырған.
Үйдегі функционалдык орындар ішінде: ауызғы бөлме, қойма, мейман-
хана, £’с үй және тұрғынжай бар. Кіретін жер — айван-секі, зат коятын жак
— үйдің солтүстік-шығыс бүрышындағы қойма, конак күтуге арналған мей-
манхана және меймандардың заттары сақталатын орын болған. Ac үй жағы
- ас сақтайтын орны бар ас үй және тұрғынжай жағы - сәкілі үлкен салта-
нат залы болып келеді. Салтанат залында қабырғаларды бойлай сәкілер
салынған, бұл орайда кіреберіске қарама-қарсы орнатылған сәкінің орта-
сында шығыңқы алаңқай бар, мұның езі оны Соғды (Пенджикент) мен Шаш
(Қаңқа) үйлерінің салтанат залдарына ұқсастырады. Салтанат залына, мей-
манх:-.,;аға жэне ас үйге «дарбазалап» жабу есебінен жасықтүсірілген. Үш
қойманың бәріне де табиғи жарық түспеген. Құйрықтөбенің тұрғын үйлері
Орта Азия аймағындағь; тұрғын үйлерге үқсас келеді.
Діни сәулет өнері. Қалаларда еңселі ғибадатхана және щни ғимаратгар бо-
лған. Акбешім мен Суябтан екі будда ғибадатханасы толық қазып ашылды,
олардың мерзімі VII ғасырдың аяғы - VIII ғасырдың басы деп белгіленді.
Бірінші Акбешім ғибадатханасы тік бұрышты етіп жоспарланған. Көлемі
76x22 м. Ол мінәжат ететін орын мен галереядан түрады, оларға аула жақ-
тан үш орамды баспалдақ апарады. М інәжат орны жанындағы сегіз бағана-
лы залдың төбесі тегістеліп жабылған. Шығыс жағына тұрғылықты және
шаруашылық мақсатындағы кақпалы кұрылыстар орналасқан. Олардың
жүйесіне шаршылап жоспарланған кіш кене шіркеу қосылған. Дәліздің
қабырғаларын бойлай жасалған тұғырлар мен сәкілерге мүсіндер қойылы-
пты. Кіреберістегі целлада екі жағында сатылы екі тұғыр тұр, сірә, оларға
аяғын салбыратып отырған Будданың мүсіндері қойылған болса керек.
М інәжат орнының еденінен иконостастың Будца бейнеленіп, алтын жала-
тылған қаңылтырлары (9) табылды90.
Ақбешімдегі екінші ғибадатхана шаршылап жоспарланған (38x38 м)
ж әне есігі солтүстікке қаратылған. Айқастырыла жоспарланған целлада
(10,5x10 м) шағын шаршы алаңға шығатын екі дәліз салынған.
376
М інәжат ететін орны мен дәліздердің қабырғаларында мүсіндер қоюға
арналған қуыстар бар, қабырғалар сурет салып әшекейленген. Қыш
мүсіндердің қалдықтары ішінен будда пантеоныньщ әр түрлі кейіпкерлері,
соның ішінде Будда, бодисатва, докшита мүсіндері табылды91. Мерзімі IX—
X ғасырлар деп белгіленген Қызылөзеннің бірінші ғибадатханасы Ақбешім
ғибадатханаларынан біраз өзгеше. Ол айналма дәлізі бар целла мен оңтүстік-
шығыс жағы ашық залдан тұрған. Ортадағы мінәжат ететін орынның көлемі
шағын (3,2x3,2 м). Оныңтегіс ақтүспен әрленген қабырғаларының көгілдір,
қоңыр ж әне қызыл бояулармен сурет салынған шағын тұстары сақталған.
Фрагменттердің біреуінде қара «сиямен» салынған жазу бар, нашар сақ-
талуы себепті оны оку мүмкін болмады. Айналма галерея мінәжат орнын
үш жағынан қоршап жатыр, дәліздердің ені 2,3-2,7 м. Ғ ибадатхана кешенін-
де мінәжат орнының бүйір жақтарынан жапсыра салынған, аула жағы ашық
екі орын бар.
Қызылөзеннің екінші ғибадатханасы жоспарлануы жағынан бірінші
Ақбешім ғибадатханасына ұқсайды. Мінәжат ететін орны мен оның аддын-
дағы ауланың кішкене учаскесі, екі айналма дәліз қазып алынды. Целла
шаршылай жоспарланып (6x6 м), күмбезбен жабылған; тромпылар түріндегі,
аркаларына әшекейлер салынған күмбез астындағы құрылыс жақсы сақта-
лған. М інәжат орны күрделі мүсіндік композициялармен безендірілген,
олар құрылымы жағынан қабырғаларды ағаш бағандар мен тіреулердін,
к е м егім е н бекітуге байланы сты болған. Уакыт кабы рғалары ндағы
мүсіндерді қазіргі кезге дейін жеткізбеген, бірак үйінділер астынан ұсақ
пластиканың кептеген фрагменттері (жоғарыға, куыстарға орналастыры-
лған немесе мүсіндік композицияның негізімен ұштастырылған) қазылып
алынды. Целлаға кіре берістен екі қыш мүсінінің калдыктары табылды.
Олар тұғырларда бүйірінен тұрады; денесінің және басының жекелеген
беліктері бойынша есептегенде олардың биіктігі бір жарым адамның бойы-
ндай болатыны анықталды. Мүсін ертедегі заманда-ақ қираған.
Айналма дәліздердің үзындығы — 12 метрден. Қабырғаларында сары
топырақты полихромдық кескіндердің қалдыктары сакталган, олар қүры-
лыс қайта салынған кезендердің бірінде ганчаға салынған кескіндеме ком-
позициялардың астында қалған. Батысындағы дәлізде «Нираандағы Буддал
мүсіні болған (басы мен денесінің бір бөлігі сакталмаған). Мүсін кызыл,
түске боялған тұғырда оң ж ақ бүйірінен жатыр екен. Будданың матамен
қатпарланып әсемделген киімі де кызыл түсті.
Ақбешім және Новопавловск (Ключевск) қалаларының орнындағы
кескіндемемен және өрнекті әшекеймен, іргелі мүсінмен және бедерленіп
безендірілген тұрғын жайлар кешендерімен қоса ішінара казып-аршылған
монастырьлар (сангарамалар) мен кішкене шіркеулер де сол уакытка жа
тады92.
Жетісудың несториан-христиандары ғибадатханаларының архитектура-
сы жөнінде Ақбешім қала орны шахристанының солтүстік-батыс бөлігінен
аршылған шіркеуден аңғаруға болады. Жоспарлануы женінде бұл — кіре-
берісі аркамен көркемделген тік бұрышты ғимарат. Оның көлемі 36x15 м.
Үй ұзын жағынан батыстан шығысқа қаратылған; батыс жағында аула бар,
оның қабырғаларын бойлай бастапкыда жаппа жасалған. Шығыс жағында
шіркеудің өзі орналаскан. Шаршылап жоспарлаған шіркеу төбесі күмбез-
деліп жабылып, кабырғалары ашық бояулармен боялған. Осында қазып алы-
377
нған кұрал-сайманды кабір аркылы бүкіл кешеннің мерзімі VII—VIII ғасы-
рлар деп белгіленеді. Шағын, түрі қарапайым Ақбешім шіркеуі Марыдағы
V—VI ғасырлардағы салтанатты (Хароба-Қошык) несториан шіркеуімен бір-
тектес. Таяу Шығыс ғибадатханаларының христиандык сәулет өнерінен
айырмашылығы — Орта Азияда шіркеудің ерекше үлгісі калыптасты, онда
неф ашық ауламен алмастырылды93.
Зороастрийлік діни кұрылыстар да мәлім. Ғибадатхана максатындағы
бір кешен, тегінде, зороастралық жерлеу салтын өткізуге және касиетті от
жағуға байланысты болса керек, ол Қызылөзен қаласы жүртының батыс
бөлігіне орналаскан. Бұл — айналасында аулаға кіретін ж әне коршау
құрайтын орындары бар мұнара тәрізді аукымды кұрылыс. Бүкіл кешен
250x160 м жерді алып жатыр. Сүйір басты, биіктігі 12 м мүнара диаметрі 40
м болатын үлкен аланда орналаскан. Төбесінде шикі кірпіш төсеп, беті ар
найы қоспамен сыланған алаңша бар. Одан 2,3 метрдей томеніректе, сірә,
галерея болса керек. Мұнара-ғибадатханада касиетті от жанып түрған бо
луы мүмкін, ол Иран мен Хорасанда сасанилер кезеніндегі әдет бойынша,
қоғамдық ғұрыптар кезінде жоғарыға шығарылып отырған94.
Қазақстанның зерттеліп отырған ғимараттарының кұрылысында пай-
даланылған негізгі кұрылыс материалдары шикі кірпіш болған. Уақыт өте
келе оның түрі мен колемі біртіндеп өзгере берген. Кірпіштерден баска
күйдірілген балшық кесектері пайдаланылған. Қабырғаларды калаудың үш
түрі: шикі кірпіш тен немесе күйдірілген балш ы к кесектерден ж әне
кірпішпен күйдірілген кесектерді араластырып қалау түрлері аңғарылды.
Сарайлар мен қарапайым тұрғын үйлер болмелерінің едені сазбен немесе
сабан араластырылған балшықпен сыланған. Олар өте беріктігімен ерек-
шеленді, оларды жөндеу оңай болатын, пайдалану барысында еденге бал-
шықтың жаңақабаты үнемі жағылып отырды. Кейбір архитектуралык ғим-
араттарда есіктіңтәменгі жағынан ағаш табалдырық табылды. Табалдырық-
тардың кұрылысы зерттеушілердің жалпы есік жақтауы мен есік табалды-
рығының қүрмлысын анықтауына мүмкіндік береді. Орта ғасырлардағы
сәулет өнеріне талдау жасай отырып, зерттеушілер еңселі үйлсрде өдетте
есіктерге арка тәрізді мандайшалар салынған деген корытындыға келді.
Кұрылыстың тебесін жабудың жалпақ аркалыкпен, күмбездеп, «дарбаза-
лап» және тікелей көтеріп жабу сияқты бірнеше түрі кездеседі. Ғимарат-
тың сипатына, жайдың неге арн алған ы н а, клим ат ерекш еліктеріне,
жергілікті кұрылыс материалдарының болуына карай сәулетшілер белгілі
бір жабу түріне артықшылык беріп отырған. Жайдың көлемі үлкен болып,
бір бөренелердің үзындығымен жабуға мүмкін болмаса, бөлменің ортасы-
на төрт баған орнатылып, «дарбазаның» төбесін солар ұстап тұрған. Баған-
дар айван-жаппалар астына да орнатылған. Сәкілер әрі жататын орындар,
әрі отыратын орынның рөлін атқарған. Тұрғын жайларға белмені жылыту
және тамақ пісіру мақсатымен ошақтар орнатылған. Ошактардың мына
дай түрлері: еденге, қабырғалар жанына, қабырғаға жанастыра орнатылған,
алып жүруге ыңғайлы түрлері болған.
Бейнелеу өиері. Сарайлар дың салтанатқа арналған және діни орындары
көбінесе кабырғаларына сурет салып, бүйымга ж әне алебастрға, ағашқа ою
салу аркылы безендірілген. Қ остебенің сарай кешенінен оюланған саз
бұйымдар, өрнекті ганча мол кездесті. Сәндеудін, ең жақсы сакталған түрі
- саз сылақтың калың қабатын көркемдеп оймыштау. Белмелердегі қабы-
378
рғаларды оймыштау өсімдік және геометриялық түрдегі өрнектерді қамт-
иды. Қабырғаларға арнайы бейнелер мотивтері жиі салынған, олардың
ішінде сабағына ілініп тұрған бүлдірген, құлпынай жемістері де, ірі інжулер
катарлары да, ішінде шеңбері бар кос қабатты ромб тәрізді торлар да үшы-
расады. Қабырғалардың жоғарғы жағы сабағы бар әдемі гүлдермен, жапы-
рақтармен, гүл қауыздарымен безендірілген. Оюланған белдікте шиеленіп
шырматылған жапырақтар, сабақтар, үлкен медальон түріндегі өрнектер
бар. Еден мен сәкілердегі оюланған бұйымдардың кесектерінде шиеленіп
шырматылған
кызыл беделер, көл бұтақты пальметтер, інжу салынған қос
қабатты дөңес шеңберлер, жапырактары, сабақтары және шоқталған жүзімі
бар, салмакты жүзім шыбығы мотивтері сақталған. Өсімдік және геомет-
риялық өрнектердің мұндай мотивтері Афрасиаб, Варахша сарайларының,
замоктарынын, бай түрғын үйлерінің сәнделуінен жиі кездеседі95.
Ағашты өрнектеу үлгілері Құйрықтобе камалындағы сарайдың салта
нат залынан ұшырасты. Оны қазып тазалаған кезде үйдің төбесіне салы-
нған, ою-ернекпен безендірілген ағаштың көмірге айналған калдықтары
көп мөлшерде жиналды. Ағаш құлап түскен төбенің астында қалу арка-
сында сақталған. Бөренелердің, консольдердің, басқада үйдіңтөбесіне са-
лынған ағаштар овалдар, крестер, торлар, дөңгелектенген және жүрек
тәрізді жапырақшалар, көктеп келе жаткан өсімдіктер түрлерімен орнек-
теу арқылы безендірілген. Серігүл бейнеленген бөрене тіреуіштері кызық-
ты.
Бір кезде салтанат залынын кабырғасына көрік беріп тұрған фризден
калған тақталардың қалдықтары бірегей олжалар қатарына жатады. Фраг-
менттері бар тоғыз такта тазартылып, алынды. Басқаларынан гер*і зооморф-
тык тақта отырған құдайлар бейнеленген тақтай жақсырақ сақталган. Оның
ұзындығы 122 см, ені 25 см. Аркаларда такта отырған кұдайлар бейнелен
ген. Сол жақта қанатты екі түйе (?) мүсіні түріндегі бейнеленген еркек күдай
тақта отыр. Бір түйенің ұзын тұмсығымен тікірейген құлағы сақталған.
Түйелер мойындарын бұрын, бір-біріне қарап түрғандай. Қүдай карсы кар-
атып бейнеленген, шынтағынан бүгіліп, қолының басы кеуде тұсында т үрған
оң қолына қүдай бүгілген үш өркені (?) бар нәрсе ұстап отыр. Оньің сол
колында шеті кертілген тостаған бар. Оң жақтағы кұдай, сірә, әйел оолар,
кос таутеке бейнесіндегі такта отыр. Шынтағынан бүгіліп, жоғары кетеріл-
ген оң колына үш бұрышты зат, сол колына асатаяқ үстаған, басын маң-
дайынан бантпен таңып алған, оның ұштары желбіреп түр.
Фриздің тәменгі жақтан түйіскен тағы бір тақтасының фрагменті та
былды. Онда тақтың аяктары канаты бар зооморфтық хайуандар түрінде
бейнеленген.
Тақтарға жабылған кілемдердің немесе корпелердің бейнелері байқала-
ды. Таутеке түрінде жасалған тақтың алдында, сірә, донаторлар болар, тізер-
леп тағзым еткен екі адамның кішкене мүсіндері бейнеленген. Аркаларға
ішкі жағынан төрт жапыракты гүлдер, аркалардың арасындағы кабырғаға
отырған кейіпкерлердің бейнелері салынған. Тақта отырған күдайлардың
бейнелері Соғды әшекейлерінен де белгілі. М әселен, Варахшада бұхар-
хұдаттар сарайы Шығыс залының кабырғаларында орталық тұлға қанатгы
түйелер түріндегі тіректері бар тақта отыр. Құйрықтөбедегі сияқты, олар
да грифондарға ұқсас, зерттеушілердің оларды «түйенің басы, мойыны және
аяғы бар сары грифондар» деп атайтыны тегін емес.
379
Құйрықтөбе тақтарындағы сиякты, так алдында тізерлеп табынушы
кейіпкерлер берілген96. П енджикент әшекейлеріндегі жұпты кұдайлар
көрсетілген көрініс Құйрықтөбе көрінісіне жакын. Еркек кұдай түйе түрінде
безендірілген так үстінде отыр. Оның зайыбы таутеке түріндегі тіреуіші бар
таққа жайғасқан. Құдай қолына түйенің мүсінін ұстап отыр97.
Фризден қалған «замокты коршау» көрінісі бар тағы бір тақтаның
жұрнағы сақталған, оның ұзындығы - 93 см, ені — 23 см. Тактаның орта-
лык бөлігін, сірә, замоктың немесе қаланың болар, төрт жапыракты гүлдер-
мен безендірілген аркасының пирамида сиякты тістері бар кабырғаларын
екі садақшы бейнеленген композиция алып жатыр. Осында колдарын
көтеріп, бір колына деңгелек нәрсе ұстаған құдай алдыңғы жакта бейне
ленген. Қүдай басына канаты бар тәж киген. Аркалар арасындағы кабырғ-
аларға түрегеліп тұрған кейіпкерлер салынған, олар әте нашар сақталып-
ты. Сақгалып калған бөлшектеріне карағанда, кұдайдың төрт колы болған,
олардың екеуі, әлгінде атап өтілгеніндей, жоғары көтеріліп, калған екі колы
томен түсірілген. Мүмкін, замокты немесе каланы қоршау корінісін жау қо-
ршаған каланың кұлауы туралы айтылатын согды-манихей тексінің үзінділе-
рімен салыстырған жен болар. Онда «Нана-ханым» есімі айтылады98.
Топталған адамдардың бедерлі бейнелері бар, көлемі 125x35 см тік
бүрышты ағаш такта кызықтырарлық. Жоғарыда суретгелген, кұдайлар бей
неленген тақталардан айырмашылығы, онда ақсүйектер көрінісі берілген.
Ортасында бір-біріне қырынан қарап еркек пен әйел түр, олардың атакты
адамдар екені сөзсіз. Әйелдің (ол сол жақта түрған) жүзі дөңгелек, мүрны
жалпак, көзі үлкен қиықша келген.
Басына берік киген, мандайына диадема таккан. Бөрік астынан жемелік
байланып орілген бұрымы оң иығына түсірілген. Оң кұлағында салпын-
шағы бар сопакша шар түріндегі сырға, мойнына әр түрлі ірі моншактар-
дан алка таккан. Әйел сыртынан желбегей жамылған.
Еркектің беті нашар сақталған. Басында бөрік, үстіне сол жакка карай
қусырылған (оң жақөңірі 'стінде) шапан киген. Шапанның ішінен тік жаға-
лы жейдесі көрініп түр. Еркек оң колымен әйелді кұшақтап алған, онын
саусақтары әйелдің иығына салулы, ал алаканы жоғары көтерілген сол қолы
әйелдің бетіне жакындатылған. Алақанында дөңгелек нәрсе жатыр. Әйел
еркектің сол қолын шынтағынан колымен қысып үстап тұр.
Бұл жұптың сол жағында тұрған кейіпкер тура каратып бейнеленген,
оның беті дөңгелек, мұрны жалпақ, басына сәлде ораған, маңдайына
жіңішке таңғыш тапкан. Құлактарының бөбежіктеріне салпыншағы бар со
пакша шар түріндегі сырға таккан, кеудесінде алқа, оның ұштарында кішке-
не шарлар бар. Ол шапан киген, оның кеуде тұсына інжулерден жасалған
гүл жапырақтары түрінде өрнек салынған. Ш апанның ішінен тік жағалы
жейде көрінеді. Кейіпкер бүгілген сол қолына бір нәрсе ұстап тұр. Аксүйек
адамдардың оң жағына салынған тұлға да тура қаратылып бейнеленген. Басы
мен бет-әлпеті бүлінген. Кейіпкер шапан киген, оның ішінен тік жағалы
жейде көрінеді, ол қолына подноска немесе табаққа ұқсайтын бір нәрсе
үстап түр.
Ортадағы топтың оң жағында тағы да екі кісі бейнеленген, бірак олар
дын нобайлары ғана сақталған; топтың сол жағынан жалғыз- жарым
кісілердің көмескі кескіндері байқалады. Аркалар аралығындағы қабырғ-
аларға толтыра төрт жапыракты гүлдер мен жапырақтары салбырап тұрған
380
пальма бұтақтары салынған. Басқа ескерткіштерден табылған оюлы ағаш
олжаларының арасында адамдары бар мұндай композиция ұшыраспады.
Афрасиабтан, І-залдың солтүстік қабырғасынан табылған әшекейлердегі
көріністің кейбір ұқсастығы байқалады. Бейнеленген кейіпкерлер арасын
да қайыкқа мінген үш әйел назар аударады. Әйелдердің біреуі касында оты-
рған әйелдің оң колының саусақтарын ұстап отыр, ал ол өз кезегінде сол
қолын оң жақ иығына салған". Балалықтепе кескіндемесінен осындай
көрініс кездестірілді100, онда екі еркек пен арткы жақта отырған әйел бей
неленген. JI. И. Альбаумның пікірінше, «қол ишарасы» сипатты мүндай
сюжеттер күйеу мен қалындықтың қүдалары арасындағы сөз байласудың
гұрыптык көріністерімен байланысты. Құйрықтебеден алынған оюлы тақ-
тада да кескіндеменің сондай көрінісі бейнеленген болуы мүмкін.
Сарайлар мен ғибадатханалардың қабырғалары суреттермен, фрескалар-
мен әшекейленген. Олар мейлінше ашық бояулармен салынған. Өкінішке
қарай, суреттердің фрагменттері ғана табылды, алайда өнердің бұл түрінің
гөлтума екенінің Орта Азияның қалаларында сақталып, табылған сурет-
терге қарап айтуға болады. Суреттердің сюжеттері діни және киелі сипатта
болған101. Мәселен, буддалық Қызылөзен каласының жұртынан Будданы
жерлеу, сый тарту сияқты көріністердің бейнелері табылды102.
Бейнелеу өнерінің тағы бір түрі — ертедегі түріктердің жартастағы бей-
нелеулері (петроглифтер) көрінеу көз тартарлығымен және терең симво-
ликасымен айрықша болды. Олар мазмұны жағынан екі топқа бәлінеді:
біріншісі — салт аттылар, каумалап аң аулау, кешіп-қону, жекпе-жек бей
неленген көріністер; екіншісінде ертедегі түрік қағанаттарының езінше бір
нышандарына айналған таутекелердің таңба сиякты бейнелері бар103.
Евразия кошпелілерінің бейнелеу онеріндегі салт атты жауынгер бей-
несі дала мемлекеттерінің әскери-саяси сипатын көрсетеді104. Түріктердің
салт аттылары ұзын шекпен түріндегі қорғаныс сауытын киген. Олар мық-
ты аттарға мінген, ат әбзелдеріне ер, үзеңгі, өмілдірік пен кұйыскан, жүген,
жабу кіреді. Аттың жалын үш немесе одач да көп тісті етіп әдемілеп күзеу,
құйрығын күзеу мен ерекше әдіспен еру оны әсемдеудің міндетті элемент-
тері болған. Салт атты үш бүрышты ұшы бар найзамен каруланған, ол оны
бір колымен белдемше тұсында, не қос колымен кеуде түсында ұстап оты-
рады. Қылышы, садағы бар жауынгерлердің бейнелері де кездеседі. Кейбір
жауынгерлердің белдіктеріне қорамсақтар ілінген. Салт атгылар дулығала-
рының төбесі үшкіл болып келеді, біркатар жағдайларда үкі тағылады.
«Мүйізді» дулыгалар да мәлім, олар, тегінде, қорғану және ғұрыптық міндет-
терді қоса атқарған болса керек. Түріктердің салт аттысын бейнелегендегі
негізгі элемент ту болып табылады, ол діңгектің басындағы екі, үш және
одан да көп салалы, шет жағы кең, тік бұрышты енді мата түрінде бейнеле-
неді. Найзаның сабына бекітілген жалаулардың, жалаушалардың және бір
уы с
жылкы қылын шоқтап байлаған суретгері кең таралған. Салт аттылар-
мен бірге садақ, найза үстаған, кейде жекпе- жек кезіндегі жаяу жауынгер-
лер бейнелері де ұшырасады. Петроглифтер орта ғасырлар дәуіріндегі жауы-
нгерлердің тартыс пен ерлікке толы алыста қалған жауынгерлік рухын
көрсетеді.
Мүсін онерінен
Будданың, бодисатвалардың, перілердің канонға айнал-
дырылған бейнелері кездеседі. Буддалардың беті жалпақ, кабағы қатыңқы,
құлактарының ұшы салбыраған болып келеді.
381
Мүсіндерде балшыкка жағылған ганч үстінен кызыл сызықпен көз ша-
расының жоғарғы жағы, мұрынның кыры жүргізіліп, еріннің жиектері бо-
ялған; көздері самайдатұтасып кететін к а р а сызыкпен коршалған. Қас пен
шаштың ірі бүйралары көк жэне кара түске боялып, самайға тағатын жар
ты шар түріндегі жапсырма үлкен әшекейлер - сылдырмақтар, кеудеге тағ-
атын алқалар, білезіктер сызыкден айкын бейнеленген105. Акбешімдегі будда
ғибадатханасынан табылған бодисатваның басы, күнәлілерді қоркытатын
докшит-дін қорғаушының басы қызықты106.
Ертедегі түріктердін тастан жасалған тұлғалары ерекше назар аударта-
ды. Қазақстан тастан жасалған тұлғалар кең тараған аймак болып табыла
ды 107. Көрнектілігі мен көркемдік деңгейі жағынан олар әсте де біртектес
емес. Кейде таста тек бас пен бет қана бейнеленген, бірақ олардың ішінен
мәселен, үш мүйізді тәж кигізілген белгілі бейне секілді нағыз енер шығ-
армалары кездеседі.
Мүсін жасау үшін үзындығы 0,5 метрден 2,8 метрге дейінгі ұзынша тас-
тар тандап алынған. Оларды тастың жалпақ бетін аса батырмай бедерлеу
немесе бейненің түрқын қашап шығару техникасымен жасаған. Тұлғалык
мүсіндер сирек кездеседі.
Кебінесе мұртгы және сакалды еркектер жиі бейнеленеді, әйелдердің
бейнесі сирек кездеседі. Сақал-мүрты бар еркектер әдетте денесімен дене
болып түратын шекпен киіп, белдік буынған. Белдікке қару, қайрак, калта
жэне баска керек-жарақтар ілінген. Мүсіндерде кашап салынған заттар
әдетте ертедегі түріктердің обаларында елген адамдармен бірге койылған
заттардың арасынан кездеседі. Бас киім кигендері аз, кейде шашы керсетіл-
гендері бар. Түлғалардың көпшілігінің оң қолына немесе екі қолына бірдей
тостаған, саптыаяқ немесе текше тәрізді ьщыстар ұстатылады. Адамның
басы немесе беті ғана бейнеленген мүсіндер аз емес.
Әдетте тұлғалар діни-салт ғимараттары қоршауларының шығыс жағы-
на, беті шығысқа қаратылып орнатылған түрінде кездеседі. Оған жалғаса
шығысқа қарай діңгек тас-балбалдар тізбегі кетеді. Мүсіндердегі еркек-
тердің бет-пішіні әдетге монгол өндес, сабырлы да саликалы болып келеді.
Қигаш көздері, шығыңқы шықшыттары айқын керсетілген. Бейнелердің
кепшілігі нақты адамдардьщ «портреттері» болып табылады. Ғасырлар
қойнауынан мінез-қүлкы әр түрлі — асқақ та өктем, жауынгер және ар-
маншыл нақты адамдардың жүздері қарап түрады108.
Достарыңызбен бөлісу: |