Әдебиеттер
1.
Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Алматы. 2006 жыл.
2.
«Право и собственность в РК». Моногр./ отв. ред. Сулейменов М.К.
Алматы. Жеті жарғы, 2008г.
3.
Қаудыров Т.Е. «Гражданско-правовая охрана объекты промышленной
собственности» / Монография/ Алматы: Жеті жарғы. 2007 г.
4.
«Интелектуальная собственность»: Основные материалы: В 2-х частях. Пер.
с англ. Новосибирск. 2006 г.
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы истории возникновения
права интеллектуальной собственности.
Summary
The questions of history of origin of right of intellectualownership are examined
in this article
98
ӘӚЖ 340. 328. 3
ПАТЕНТТІК ҚҦҚЫҚ. ПАТЕНТТІК ҚҦҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
магистрант Андабаева.Г.Д., заң магистры Сартаева Ш.Ш.
Аймақтық Әлеуметтік - Инновациялық Университет
Шымкент, Қазақстан
Табылған жаңалықтар, тәртіп бойынша патентпен қорғалады. Табылған
жаңалыққа қорғау жүргізетін әрбір ел (мұндай ел әлемде шамамен 140) патент
қолданады (кейбір елдерде басқа да тәсілдермен қорғалады).
«Патент» - сӛзі кейбір европа елдерінде екі мағына береді, оның бірі
құжатқа қатысты болса, ал екіншісі патент арқылы қорғалатып обьектілерге
айтылады,
Біріншіден құжатқа байланысты патентті анықтап алатын болсақ.
Егер бір адам белгілі-бір жаңалық ойлап таптым деп ойласа, онда ол
патент иесі болып танылады. Осы үкіметтен алынған патент, құжат
мағынасында жүреді.
Барлық табылған жаңалықтар патенттік қорғауға ие бола алмайды. Заң
бойынша табылған жаңалық патентке ие болу үшін жаңа, белгілі-бір дәрежеге
ие болу керек жэне қолдануға жарамды болуы тиіс. Бұл үш талап патент
алудың негіздері болып табылады.
Енді, біз екінші мағынадағы патентті анықтасақ.
Бұл патент түрі, табылған жаңалықты пайдаланғысы келетін тұлғаларға
патент иесінен сұралатын рұқсат түріндегі құжат. Егер әлемде бұл құжатсыз
автор жаңалығын пайдаланғысы келсе, онда ол заңға қайша әрекет жасаған
болып есептеледі. Бұндай құқық кӛп елдерде мерзіммен шектелген, яғни 20
жыл.
Құқық қорғау жӛнінде патентте еш нәрсе айтылмайды, ол тек қапа
патенттік құқықта кӛрініс табады, яғни:
1.
дайындауға құқығы, пайдалануға құқығы, ӛнімді сату және импорттау;
2.
әдісті пайдалану құқығы, сонымен қатар дайындау құқығы, қолдану, сату
және импорттау;
Ӛндірістік меншік - бұл интеллектуалдық меншіктің бір түрі ретінде,
обьектілеріне адам ақыл ойының жемістері де жатады. Дәлірек айтсақ, бұл
меншіктің — техникалық есептердің жаңа шешімдері және тауардың
бетіндегі дизаиндық мәтіні. Сонымен қатар ӛндірістік меншікке тауар белгісі,
қызмет белгісі, сауда-саттық аттары және тағы да басқа обьектілері жатады [1;
121б].
Париждік конвенция ӛндірістік меншіктің обьектілері ретінде мыналарды
қарастырады:
• табылған жаңалықтар;
• қажетті модельдер;
• ӛндірістік мәтіндер;
99
• тауар белгілері;
• қызмет белгілері;
• фирмалық атаулар;
• қайнар кӛзге нұсқаулар;
• шығу тегінің атаулары;
• әсіре бәсекелестік;
Табылған жаңалықтарға - обьективті түрде түсінік беру біршама қиынырақ
ӛйткені шығармаға баға беру оңай нәрсе емес. Сондықтан да, Патенттік
заңымызда бұл түсінікке нақты анықтама жоқ, тек қана табылған жаңалықтың
жаңалығы, деңгейі, тұтынушылығы табылған жаңалыққа осы сипаттар сай
келсе, онда ол Қазақстан Республикасының Патенттік заңымыздың 6-бабының
1-тармағына сәйкес патенттелуге жатады. Алайда біз техникалық шешімдерді
табылған жаңалық ретінде айта аламыз. «Техникалық шешім» термині кең
мағынадағы сӛз, яғни, қолданылатын саласына байланысты, мысалы: ӛнер
саласы - музыкалық аспаптардың жетілген және қазіргі заманға сай түрін
жасау, спорт саласында - спорттық жаттығу құралдарын жасап шығару,
медицинада - жаңа дәрі-дәрмектер, емдеу әдістерін ойлап табу және тағы да
басқа. Негізінен, емдеу әдістері техникалық шешімдерге жатпайды, бірақ
дәрілерді уақытылы, ӛз мӛлшерінде және барлық тәртіптерді сақтай отырып
емделу шараларын жасау, жоғарыда аталған техникалық шешімдер қатарына
жатады. Осы мағынадағы емделу әдістері техникалық шешімдерге жатады.
Сол себеппен де табылған жаңалықтардың арқасында кез-келген ӛндіріс,
техника саласындағы мәселелер шешіледі, мәселен: ауылшаруашылық саласы,
мәдениет саласы, білім саласы және тағы да басқа салалар (техникалық
аспектіде).
Әрбір табылған жаңалықтың тұтынушыларды қанағаттандыратын және
мәселелерді шешетін белгі - бір обьектісі, яғни техникалық құралы болуы
керек. Табылған жаңалықтың түрі оның бағытталған саласына байланысты.
Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 6-бабының 2-тармағына
сәйкес табылған жаңалықтардың объектілері болып құрылымдар, әдістер,
заттар, микроорганизмдердің штаммалары, жануарлар және ӛсімдіктердің
клеткелары, сонымен қатар бұрын қолданған танымал құрылымдарды,
әдістерді, заттарды, штаммаларды қолдану.
Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 6-бабына сәйкес
табылған жаңалық құқықтық қорғалуы үшін мына сипаттарды қамтуы тиіс:
•
оның жаңа болуы;
•
табылған жаңалықтың деңгейі;
•
ӛндірістік қолданушылығы [2; 3б].
Патенттік құқықтың тағы бір обьектісінің бірі ол, пайдалы модельдер.
Қазақстан Республикасының Патенттік заңына сәйкес пайдалы модельдер
ӛндірістік меншік обьектілері ретінде қорғалады. Пайдалы модельдер мына
елдерде құқықтық қорғалады: Алмания, Жапония, Италия, Қытай, Ресей және
басқа да бірқатар елдерде. Әлемде кейбір мемлекеттер бар, ол елдерде пайдалы
модельдер құқықтық қорғадмайды.
100
Кейбір елдерде пайдалы модельдерді құқықтық қорғау кең әріс жайған.
Мәселен, Қытайда 1985 ж. мен 1996 ж. арасында 227496 пайдалы модельдерге
патенттер тіркелген, ал Жапонияда бұл құқықтық қорғау ӛте қатаң қорғалағын
мемлекетте жылына 50 мың пайдалы модельдер тіркеледі екен, Оңтүстік
Кореяда жылына 10-12 мың пайдалы модельдерге патенттер тіркеледі.
Әлемде ең бірінші пайдалы модельдерді құқықтық қорғау туралы заң 1891
ж. Алманияда қабылдаиды.
Пайдалы модельдерді қорғау негізінен, Париждік конвснция бойынша
қорғалады.
Қазақстан Республикасында пайдалы модельдерді құқықтық қорғау
кепілдігі патентпен куәландырылады. Ол патенттік ведомстваға ӛтініш берген
күннен бастап 5 жыл жарамды және ол жарамдылық мерзімі патент
пайдаланушының ӛтініші бойынша 3 жылға ұзартылуы мүмкін.
Пайдалы модельдерді патентпен қорғау шеңбері, ӛтініштегі пайдалы
модель туралы берілген түсіндірмеге байланысты болады.
Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 7-бабы пайдалы
модельдерге түсіндірме және қандай пайдалы модельдердің обьектілері
патенттелуге жататындығына түсіндірме берілген: «пайдалы модельдерге
ӛндірістің конструкторлық үлгісі мен оның пайдалану заты, сонымен қатар
оның бӛлшектері» (құрылғылар) жатады. Түсінікті болу үшін мына
мысалдарды келтіре кетейік: Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы
бойынша пайдалы модельдердің мына объектілері патентпен қорғалады:
1.
ауыспалы қозғағышты транспорт құралы;
2.
айналмалы диірмен;
3.
медициналық ысытқыш;
4.
және тағы басқалар жатады [2;8б.].
Осы пайдалы модельдерге берілген түсініктемелерден біздің түсінстігіміз,
пайдалы модельдерге әдістер, заттар, микроорганизмдердің штаммалары,
жануарлардың және ӛсімдіктердің клеткалары сонымен қатар, осыларды бұрын
пайдаланған болса да қолдану пайдалы модельдер объектілер қатарына
кірмейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 7-
бабының 3-тармағы бойынша тӛмендегілер патентпен қорғалмайды:
1.
ғылыми теориялық және математикалық әдістерді ашу;
2.
шаруашылық басқару мен ұйымдастыру әдістері;
3.
шартты белгілер, күнделіктер мен ережелер;
4.
шаралады ӛткізу ережелірі мен әдістері;
5.
есептеуіш машиналардың программалары және алгоритмдері;
6.
ғимараттардың жобалары мен схемалары;
7.
заттардың сыртқы келбетіне байланысты ұсыныстар;
8.
қоғамдық моральға жат басқа да ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 7-бабы бойынша пайдалы
модельдердің мынандай белгілері болуы тиіс:
1.
конструкторлық элементтерінің болуы тиіс;
2.
элементтірінің арасындағы байланыстың болуы;
101
3.
элеметтерінің орналасу жағдайының болуы;
4.
элементтерінің орналасу формасы, яғни геометриялық сызбалары;
5.
элементтердің арасындағы байланыстарды орындау формалары;
6.
элементтердің параметрлер мен мінездемесі және орардың арасындағы
байланысы;
7.
элементтің жасалған материалы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 991-бабының 4-
тармағы және Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 8-бабының 1-
тармағына байланысты, ӛндірістік үлгі деп - заттың сыртқы кӛрінісін
анықтайтын кӛрекем суретімен конструкторлық үлгісі танылады [3,185б].
Жоғарыдағы анықтамадан түсінетініміз, ӛндірілген заттың сыртында
кӛркемдік суреті мен конструкторлық үлгісі болуы тиіс. Тек қана заттың
сыртындағы кӛркемсуреттік белгісін ғана алу, мысалы: түсін ғана алу немесе
кострукторлық үлгісін ғана алу, ӛнімді ӛндірістік үлгі деп тануға жеікіліксіз
болып табылады, яғни ӛнімде кӛрекемсуреттік белгісі мен конструкторлық
үлгісі болуы шарт. Заттың сыртқы келбеті деп - ол заттың басқа заттардан
ерекшелейтін айырықша сыртқы кӛрінісі. Бірақ сыртқы кӛрінісі ішкі
құрылымына сәйкес болуы тиіс.
Ӛндірістік үлгі болып тағы да затты ң негізгі құрылымынсыз – ақ жұмыс
істеу қабілеттілігі бар бӛлшектерді де объектілері болып табылуы мүмкін,
мысалы: автомобиль фаралары.
Ендігі кезекте біз потенттік құқықтың субъектілеріне келейік.
Патенттік құқықтың субъектілері деп - ол тіркеу, қолдану, ӛндірістік
меншік объектілерін заңмен қорғалуын пайдаланатын, құқықтық қатынастарға
қатысушы тұлғаны айтамыз.
Жоғарыдағы аталған қатынастар бір салалы қатынастар емес, олар
комплекстік қатынастар болып келеді. Бұл жердегі комлекстік дегеннен
түсінетініміз, кӛп салалылығы және құқықтың әр түрлі салалаларымен
реттелетіндігі (ҚР Азаматтық кодекс, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі,
ҚР Қылмыстық және т.б.). Мысалы: тіркеу және ӛндірістік меншік кейбір
объектілерін құқықтық қорғалуын жүзеге асыру мәселелері бойынша біз -
әкімшілік құқыққа, ал тұлғалардың азаматтық құқықтарын қорғауға
байланысты мәселелер бойынша - азаматтық құқыққа сүйенеміз.
Комплекстік патенттік қатынастардың субъектілерін былайша тізбектеуге
болады.
1.
автордың мұрагерлері мен құқық иеленушілері;
2.
ӛтініш берушілер мен патент иегерлері, тауарлық белгілердің иегерлері
мен тауардың шыққан жерінің иегерлері және топология интегералды
микросхемалардың иегерлері;
3. ӛндірістік меншік объектілерінің иегерлерінің және топологиялық
микросхемалардың иегерлерінің мұрагерлері мен құқық иеленушілері;
4.
осы салаға байланысты мемлекеттік басқару органдары;
5.
патенттік ведомство (ӛндірістік меншік объектілерін құқықтық қорғау
саласына мемлекеттік басқару органы);
6.
патенттік экспертаза ұйымы;
102
7.
патенттік библиотека және ғылыми техникалық ақпарат беру ұйымы;
8.
мекемелер мен патенттік ұйымдардың бӛлімдері;
9.
патенттік сенімгерлерінің бюролары мен офистары;
10.
жаңалық іздеушілердің және рационализаторлардың қоғамдық ұйымы;
11.
патент сенімгерлерінің ассоцациясы;
Патенттік құқықтарды рәсімдеу
Бұл патенттік құқықтарды рәсімдеу тақырыбын біз патенттік құқық
объектілеріне жеке-жеке бӛліп қарастыруды жӛн кӛрдік. Ӛйткені бұл тақырып
кең кӛлемді тақырып.
Бұл объектілерді құқықтық қоғау жүргізіледі, егер ол патепттік құқық
объектілері қатарына жатып және ол патенттелсе. Егер табылған жаңалық
патенттелудің барлық талаптарына сай келсе де, оның құқытық қорғалуына
жеткіліксіз болып табылады. Табылған жаңалықтарды құқықтық қорғау, тек
қана ресми түрде танылған кезде ғана жүргізіледі. Ресми түрде тану былайша
жүргізіледі:
1.
ӛтінішті толтыру;
2.
ӛтінішті патенттік ведомстваға беру;
3.
патенттік ведомствада ӛтінішті қарау;
4.
қорғау құжатын беру.
Табылған жаңалыққа берілетін ӛтінішті толтыру үшін Қазақстан
Республикасының Патенттік заңымен және табылған жаңалықтарға және
ӛндірістік меншікке ӛтініш беру, қарау және құжатарды беру тәртібі жӛніндегі
ережемен танысу қажет.
Табылған жаңалыққа ӛтініш алу, ӛтінішті қарау және қорғау құжаттарын
беру белгілі-бір белгіленген ақы негізінде жүргізіледі. Тӛленген ақыны
куәландыратын құжатта ӛтініштің тіркелу нӛмері немесе қорғау құжаты нӛмірі
болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 2-бабының 17-
тармағында кӛрсетілгендей табылған жаңалыққа берілетін ӛтініште мыналар
қамтылуы тиіс:
1.
қорғау құжаттамасын беру туралы ӛтініш;
2.
табылғаы жаңалық туралы толық түсініктеме;
3.
табылған жаңалықтың жасалу формуласы;
4.
табылған жаңалықтың сызбалары және басқа да материялдары;
5.
реферат;
6. егер ӛтініш ӛкіл арқылы тапсырылған болса, сенімхат [2;2б].
Патенттік ведомстваға түскен құжаттар толық болмаса да түскен күні
тіркеле отырып, қабылданна береді. Бірақ, жоғарыда аталған құжаттардың бірі
болмаса алдын-ала берілетін құжаттар берілмейді. ІІатенттік ведомстваға
ӛтініш құжаттар түскеннен соң тіркелу нӛмірі беріледі, табылған жаңалыққа
«1» - деген нӛмір белгіленеді.
Патенттік ведомства материялдардың түскендігін кепілдікке алу үшін
ӛтінішті реквизиттерімен бірге қабылдайды.
Тіркелген ӛтініштер белгіленген тәртіп бойынша, талаптарға сәйкестілігі
тексеріледі. Осы экспертизаның жүргізілуі барысында мыналарға кӛңіл
бӛлінеді:
•
барлық құжаттардың түгелдігіне;
103
•
олардың дұрыс толтырылғандығына;
•
тӛленген ақылар белгіленген мӛлшерде ме;
•
ӛтініштегі объектілер, ӛндірістік меншік обьектілеріне жағатындығына;
•
объектінің жеке даралық талабы сақталғамдығына;
•
объектіде мемлекеттік құпияның болу немесе болмауына;
•
қосымша құжаттардың дұрыс толтырылғандығына;
Осы талаптарға сәйкес сараптама жүргізілгеннен соң, белгіленген ақы
тӛленгенннен соң ӛндірістік меншік объектілерін (табылған жаңалықты,
пайдалы модельді, ӛндірістік үлгіні) мемлекеттік нӛмір беру арқылы
мемлекеттік реестрге тіркеуге алады. Осы мемлекеттік реестр негізінде
патенттік ведомства ресми түрде бюллетеньде жариялайды. Сонан соң,
құқықтық қорғау құжаттарын береді. Құқықтық қорғау құжаты ӛтініш
берушінің сұранған адамының атына беріледі. Тағы айта кететін бір жайт заң
бойынша бір объектіге бірнеше автордың болуына бір қорғау құжаты беріледі,
ал қалған патент иелері емес авторларына, - авторының куәландыратын куәлік
беріледі.
Әдебиеттер
1.
Ғ.Тӛлеуғалиев. ҚР Азаматтық құқық. 1-том. (Жалпы бӛлім және ерекше
бӛлім түсіндірме ). 2006 ж.
2.
«Қазақстан Республикасының патенттік заңы» 2009ж. 16 шілде;
3.
ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бӛлім) Алматы: Жеті
жарғы, 2007ж.
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы патентного права, объекты
и субъекты патентного права.
Summary
This article discusses the issues of patent law, objects and subjects of patent law.
ӘОЖ 636.295.25
ТҤЙЕ ШҦБАТЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Г.К. Асылбекова, магистрант
Б.Б. Алиева аға оқытушы
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
Шымкент қ,. Қазақстан
Тӛрт түлігін тӛбесіне кӛтерген ұлт болса, қазақтай-ақ болсын.
Түйе шаруашылығы - еліміздің шӛл және шӛлейт аймақтарындағы жұтаң
жайылымдарда мал ӛнімін ӛндіру мақсатында халқымыздың ғасырлар бойы
айналысып келе жатқан негізгі саласының бірі болып есептеледі.
Қазақстанда 141 миллион гектардай шӛл және шӛлейт жайылым бар. Бұл
жайылымдар негізінен республиканың оңтүстік батыс және орталық
бӛліктерінде орналасқан. Күні кеше ғана бұл аудандар елсіз, малсыз
104
экономикасы ӛркендемеген дала еді. Ал қазір осы кӛселіп жатқан шексіз далада
қалалар салынып, ӛндіріс орталығы құрылып, мұнай мұналары бой кӛтерді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы 170, 0 мың бас түйе ӛсіре отырып
түйенің етін, сүтін және жүнін мол ӛндіретін бірден-бір мемлекет болып
саналады. Бірақ оның ішінде асыл тұқымды малдың үлес салмағы ӛте аз – бар
болғаны 11,1% ғана.
Түйелердің екі түрі бар: бір ӛркешті-дромедар (Camelus dromedarius) және
екі ӛркешті бактериан (Camelus bacterianus). Дромедарлардың ареалы-
субтропикалық және тропикалық белдеулердің шӛл және шӛлейт далалары.
Бактериандар Монғолия, Қазақстан және Сібірдің тек шӛлді және далалық
аймақтарында таралған.
Қазақстанда түйе шарруашылығының негізгі мәселесі- шӛл, шӛлейт және
құрғақшылық аймақтарда тұратын халықтың тағамға деген мұқтаждығын
қанағаттандыру.
Осы аймақтарда жергілікті халық ӛнімінің түр-түрін беретін (сүт,ет,жүн,
және күш-кӛлік) айыр ӛркешті қазақ түйе тұқымын ӛсіреді. Бұл түйе тұқымы
кӛп жылғы табиғи сұрыптау және селекциялық жұмыстар жүргізу арқылы
шығарылған.
Ал оның сүтіне келетін болсақ түйе сүті дәмді, әрі ӛте қоректі. Сүттің түсі
ақ, қышқылтым дәмі бар, қою, сыпырғанда қатты кӛбіктенеді. Оны сол күйінде
де ашытып та шұбат ретінде пайдалануға болады. Шұбат шипалық қасиеті бар,
түйе сүтінің балгар таяқша пішінді бактериялармен және сүт ашытқысымен
ашытып дайындалаты сусын.
Қазақ түйесі жергілікті табиғат жағдайына жақсы бейімделген. Олардың
дене құрылысының мӛлшері ауа райы мен жайылым жағдайына тікелей
байланысты. Батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай жайылым
ӛсімдіктерінің нашарлауына байланысты ең ірі түйелер Батыс Қазақстан
облысында. Екінші орында Қызылорда, Ақтӛбе облысының түйелері, ал ұсақ
түйелер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының түйелері болып
келеді.
Біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсатарының бірі түйе
сүтінен дайындалатын тағамдардың адам ағзасына тигізетін әсері мен
денсаулықа пайдасы бола тұрғаны, осыған орай зерттеу Оңтустік Қазақстан
Мемлекеттік
фармацевтика
академиясының
клинико-диагностикалық,
микробиологиялық,
биохимиялық,
гигиеналық,
микрофлоралық,
морфологиялық және физиологиялық бағыттағы зертханасында және Оңтустік
Қазақстан облысы отырар ауданы ―Шілік‖ шаруа қожалығында зерттеулер
жүргізілуде. Яғни түйе сүтінің ӛнімінде кездесетін микроорганизмдердің және
олардың ферменттік продуценттерінің адам асқорту жүйесіне тиімді әсерін
анықтау.
Түйе
сүтінің
ӛнімінде
кездесетін
микроорганизмдердің
морфоцитологиялық, физиологиялық әдістермен зерттеу.
Жұмысты келесі микробиологиялық әдістер қолданылады:
1.
Қоректік ортада бактериялардың таза дақылдарын алу.
105
2.
Қантты Альгеницкий және Агар-агар қоректік ортаға стерильді жағдайда
шұбат және қымыран микрофлорасын егу.
3.
Морфологиялық зертеулер жүргізу.
Анықталған микрофлора сүт ӛніміне диеталық және емдік қасиет беріп,
адамның ас қорыту жүйесінің тиімді жұмыс жасауына себепші болады. Яғни
бие сүтінің емдік шипалы қасиеті бактериялардың ферментативті реакциялар
нәтижесінде күшейетіні мәлім.
Түйе сүтінде 90-нан астам компоненттер бар. Оның ішінде 20-ға
дейін амин қышқылдары, соншалықты май, 25-тен астам түрлі
минералдық заттар мен дәрумендердің 12 түрі әр түрлі пигменттер және
басқалар бар. Сүтінің ерекшелігі адамға зиянды бактерияларды жойып
жіберетін иммундық затқа бай және жеңіл қорытылады.
Біз зерттеген Оңтүстік Қазақстан шұбатының бойындағы бактериялар
ӛнімінің ферменттік белсенділігінің әсерінен ұлттық сусынның шипалы
қасиеттері жоғарылайды.
Қазақстанда түйе сүтінен негізінен шұбат дайындалады. Түйе ӛсірілетін
ауылдарда ғана шұбат ӛндіріледі және адамдар қолдануына шұбатты активті
түрде кіргізеді.
Аминқышқылдар
құрамын
меңгергенде
[1]
алмастырылмайтын
аминқышқылдар 40,53% ды алмастырылатындары 59,47% құрады. Түйе сүті
алмастырылмайтын аминқышқылдарының құрамымен түзілісіне орай бие
сүтінен кем түспейді. Ашыту процесінде түйе сүтінің сапасы құрамы аз
мӛлшерде ғана ӛзгереді. Аминқышқылды құрамы сүт қышқылды ӛнім шұбатта
айрықша ӛзгеріс бола қоймады немесе олар қымызбен салыстырғанда
байқалмаған.
Осыған байланысты ғылыми жұмыста профилактикалық бағытта түйе
сүтінен жасалатын сүтқышқыл ӛнімдерін ӛсімдік шикізатынан даярланған
биоқоспаны қолдана ӛндіру технологиясын жасауға арналады. Жоғары
биологиялық және тағамдық бағалы сүтқышқыл сусыны жасалады. Қазақ
түйесі жергілікті табиғат жағдайына жақсы бейімделген. Олардың дене
құрылысының мӛлшері ауа райы мен жайылым жағдайына тікелей байланысты.
Медиктердің жүргізген байқауларында, Түркмения мен Қырғыстанның
кейбір елді мекендерінде шұбат ішіп жүрген халықтардың туберкулезбен мүлде
дерлік ауырмайтындығы анықталған. Қазақстан, Түркіменнің халықтық
медицинасында шұбатты туберкулез, қырқұлақ, мешел, гастрит және басқа да
ауруларды емдеуге қолданған.
Клиникалық жағдайда щұбатты адамның әртүрлі ауруына ем ретінде
қолдану
тәжірибесі
Түркменияда
алғаш
рет
қолға
алынды.
Г.С.Ходжакулеиевтің мәліметінде, гастритке, шанышқаққа және басқа да ас
қазан ауруларына шалдыққан адамға шұбат бергенде, оның ішек қарын
жолдарындағы бұзылған функциясы қалпына келетіндігі айтылады. Г.А
Халлыева шұбатты жас баланың гипотрофия, мешел, туберкулез ауруларына
қолданып, жақсы нәтиже алған[2].
А.А.Ахундов пен Қ.Ч.Чарыев клиникалық жағдайда шұбатты туберкулез
ауруын емдеуге қолданған. Сонда шұбаттың туберкулезге қарсы қолданылатын
106
препараттардың емдік әсерін күшейте түсетіндігі байқалған. Сонымен қатар,
туберкулез ауруын кей бір препараттармен ұзақ уақыт емдегенде, микробтар
оған үйреніп алады. Дәріні ұзақ уақыт пайдалынған кейбір ауру адамдар,
дәріден мүлде мезі болады да, содан барып оның емдік әсері тоқталуы мүмкін.
Мұндай қолайсыз жайда болдырмас үшін, емдік дәрілермен шұбатты үйлестіре
қолданған жӛн. Мұның ӛзі организмнің ауруға тӛзімділігін арттырады,
химопрепараттардың қолайсыз құбылысын болдырмайды, әрі организмге кұш
қуат береді. Шұбат туберкулез салдарынан бұзылған кӛптеген органдар мен
системалардың қызметін қалпына келтіреді, туберкулезден болатын улануды
бәсеңдетеді[3].
А.А.Ахундов ӛзімен бірге істейтін Түркмен Туберкулез ғылыми- зертеу
институтының бір топ қызметкерлерімен бірлесе отырып, шұбаттың туберкулез
таяқшаларына тигізетін әсерін зерттеді. Жүргізілген тәжірибеде, шұбат
пробиркадағы туберкулез таяқшаларының ӛсуін тежеумен қатар, оларды
клеткалық құрамын да ыдырататындығы анықталды[4].
Бұл авторлар шұбатпен жанасқан туберкулез таяқшаларының күйін
зерттей келіп, бұл таяқшалар ӛзінің формасы мен кӛлемін ӛзгертетіндігін,
сондай-ақ тіршілік әрекеті тежеліп, қоректік ортада ешқандай ӛсіп
кӛбеймейтіндігін аңғарды. Тәжірибе нақтырақ болу үшін авторлар бұл
таяқшаны теңіз шошқасына жұқтырды. Сонда шұбатқа жанасқан туберкулез
таяқшасы жұқтырылған теңіз шошқасын ауырмай аман қалды да ал шұбатқа
жанаспаған туберкулез таяқшасы жұқтырылғаны ауырып ӛлді. Ӛлген жәндікті
сойып қарағанда, оның күллі органдары туберкулез таяқшасымен
зақымданғаны байқалды. Ал тәжірибе тбындағы теңіз шошқасын сойып
қарағанда, онда еш қандай ауру белгісі де, ішкі органдардың зақымданғаны да
байқалмады. Түйе сүтінің жоғарғы емдік қасиеті мен қоректілігі және
диеталық қасиеттері, олардың ӛнімдерін қайта ӛңдеу Қазақстан мен Орта Азия
елдеріне бұрыннан-ақ белгілі болған. Медиктердің байқауынша Қазақстанның,
Түркменнің және Қырғызстанның жеке елдерінде шұбатты тамақ ретінде
қолдануына орай, тубуркулез ауруына шалдыққандар ӛте аз келетіні
айқындалған [5].
Қазақ халқы медецинасында шұбат-рахит ауруымен ауырғандарға,
уланғандарға, сонымен қатар асқынған аурулар кезінде жалпы нығайтқыш шара
сияқты ӛкпе мен асқазан ауруларына пайдаланылған.
Шұбат - түйе сүтінен табиғи түрде сүтқышқылды жене спирттік ашыту
жолдарымен ӛңделген сүт қышқылды сусын. Мықтылығына орай оны
біркүндік (жас), екі күндік (орташа мықтылықты) және үшкүндік (мықты)
шұбат деп ажыратады. Қатықтардағы арнайы микрофлоралар нәтижесінде түйе
сүтінде күрделі биохимиялық процестер жүреді. Олар: сүтті қанттың
(лактозалар) ыдырауы және кӛмірқышқылдар мен спиртте, қыщқылдарында,
жаңа заттар пайда болады, витаминдер қатары артады [6].
Шұбатты дайындау кезіндегі түйе сүтінде ӛтетін микробиологиялық
процестер бие сүтін ашытудағы оның физико-химиялық кӛрсеткіштеріне онша
әсер етпейді. Ашыту процесінде шұбатта тығыздық тӛмендейді, қалдығы
107
құрғайды және қантты сүт түзуіде тӛмендейді. Сүт қышқылының деңгейі
ұлғайып оның нәтижесінде қышқылдық артады.
Шұбат пен қымыздың антибиотикалық қасиеттері Torulopsis Kumis,
Torulopsis sphaerica, қымызды ашытқылармен кӛбірек байланысты келеді, олар
спирттік ашыту барысында (процесінде) лактозаны ашыта отырып
антибиотикалық заттарды ӛңдейді. Е.А. Толмачевтың зерттеуі бойынша
ашытқылардың түрлері лактозаны ашыта отырып (Saccharomyces lactus),
активті антибиотикалық қасиетке ие. А.М. Скородумовтың зерттеуі бойынша
антибиотикті заттар, стабильді ашытқыларға ажырататынын айтты.
Антибиотикалық ашытқы қоспасы туберкулез және тиффозды таяқшаның
1:800 бӛлінуіне бактериялды әсер етеді. Осы зерттеу бойынша, азықтық сүт
қышқылы кӛптеген активті қасиеті бар екі микроорганизмді қосылыстан
тұрады: ашытқылар және ацидифильді таяқша[7].
Қымыз бен шұбаттың антибиотикалық in vitro қасиеттерін зерттегенде ол
мынадай культурадан құралған: Laktobac.bulgarisum, Streptococcus lactic,
Torulopsis kumis. Зерттеу барысында патогенді микроорганизмнің культурасы
ӛте үлкен спектрлі тестте ӛтті. Қымыз бен шұбаттың антибиотикалық
активтілігін кӛреміз
Асқазан сӛлінің қышқылдығы тӛмендеген кезде шұбатпен емдеу курсынан
ӛткен соң қышқылдығы жорылайды. Сондай-ақ кӛптеген ауруларда-қалыптыға
дейін келеді. Бос тұз қышқылының қатысы болмаса және асқазан сӛлінің
қышқылдығы қалыпты болған кезде оның әсерінен нақты ӛзгерістер болмайды.
Шұбат ішектің асқынған ісінуі кезінде емдеудің бірден-бір ӛте тиімді
құралы болып табылады. Оны қолданған кезде мұндай науқастарда ішектегі
ауырсынулар азайып, жойылады, оның функциялары қалыпқа келіп,
жақсарады, сондай-ақ жалпы жағдайы жақсы болып, салмақ қоса бастайды [8].
Біз зерттеген Оңтүстік Қазақстан шұбатының бойындағы бактериялар
ӛнімінің ферменттік белсенділігінің әсерінен ұлттық сусынның шипалы
қасиеттері жоғарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |